18
Пневмография диагностикалық мақсатпен мына жағдайла
қолданылады: 1) тексерудің басқа әдістерінің көмегімен үрдістің
түрін анықтауда толық
сенімділік болмаған жағдайда, бірінші
кезекте бұл көлемді патологиялық түзілісті (ісік және тағы басқа)
этиологиясы бар паталогиялық үрдістерден ажыратуға қажет; 2)
бассүйегі іші патологиялық үрдістің дәл орналасуын анықтау үшін
(ісіктің орналасуы; окклюзия деңгейі және т.б.);
3) патологиялық үрдістің көлемін анықтау үшін.
Пневмоэнцефалография. Бұл әдіс ми қарыншалары мен қабық
асты (кеңістіктерде жұлын-ми
сұйықтығын ауамен немесе
оттегімен
алмастыру
болып
табылады.
Содан
кейінгі
рентгенограммада бассүйектері мен бассүйегі ішілік түзілістерге
қарағанда ауа контрасты айқындалып, ми қарыншалары
субарахноидальды кеңістіктің контураларын айқын көрсетеді [9].
Пневмоэнцефалография мына жағдайларда жасалады:
1. Ми дислокациясы және бассүйегі
ішілік қысымының
белгілі болмай, бассүйегі ішілік көлемді түзілістің бар екендігін
ойлаған жағдайда;
2. Қажет болған жағдайда, жарақаттан кейінгі симптомдарда
немесе деменция, эпилепсия кезіндегі мидың семуін анықтау үшін;
3. Базалды цистерналардың құрылымын бұзатын базалды
орналасқан және гипофизарлы ісіктердің орналасуы мен таралуын
анықтау үшін;
4. Қажет болғанда балаларда
кездесетін гидроцефалияны
анықтау үшін және цистерна ішілік шунттың қызметін бағалау
үшін (1-ші сурет).