32
Неғұрлым сапалы бейнелеуге қол жегкізу үшін кай жағдайда
алдын-ала тамырға рентген контрастты заттарды енгізу қажет.
Супратенториумдық құрылымды зерттеуді әдетте төрт "кесіндінің"
бейнесін алады, олар параллельді түрде сызық арқылы өтіп,
орбитаның сыртқы жиегі мен есту жолының тесігін біріктіреді.
Артқы бассүйек шұңқыры пайда болуын зерттеуде "кесінді"
15 градустан 25 градус бойынша бұрыш жасап орналасады. Басқа
да неғұрлым жетілдірілген аппараттар жасалуда (стереографиялық
компьютерлік томография).
Жұтудың коэффициенттік шкаласы бассүйегі мен оның
құрамы үшін келесі қатар бойынша көрінеді: ми - ұйыған қан
мидың сүр заты ақ заты ми инфарктісінің шыгу жолы - жаңа қан -
аралық сұйықтық - су. Томограммада ісікті жоғарғы және төменгі
тығыздықтағы үлескілер беріледі. Менингеома үшін жоғарғы
тығыздық тән, ал глиома тығыздығы әр түрлілігімен ерекшеленеді.
Томограммада ми қарыншалары жүйелерінің қалыпты және
патологиялық көріністері көрінеді, бүйірлік, IV, III қарыншалар,
цистерналар, орталық жарты шарлар арасындагы саңылау, сильвий
және мидың аздаған ірі тесіктері анық көрінеді. Окклюзиялық
гидроцефалия, мидың ошақтық және диффузды атрофиялары, әр
түрлі бассүйек ішінің және ми ісіктері мен гематомалары, ми
абсцессі, қатерлі ісіктердің метастаздары т.б., құрылымдар жеңіл
анықталады [16].
Компьютерлік томография үшін күрделі де қымбат
аппаратураны қолдану вентрикулография, ангиография және
изотоптық сцинтиграфия сияқты зиянсыз емес диагностикалық
әдістердің қажеттілігін азайтады. Аппарат компьютерлік
томография үшін ішкі мүшелер аурулары мен барлық ағзаны
зерттеуге арналады.
Достарыңызбен бөлісу: