Казахстан


Сурет 7. Бас қаңқасының сынуы



Pdf көрінісі
бет27/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

 
Сурет 7. Бас қаңқасының сынуы 
 
Мидың қысылуы.
Жабық бассүйек-ми жарақат кезінде, ми 
компрессиясының жиі кездесетін себептері: бассүйек ішілік 
гематомалар, сирек субдуралық гигромалар, бассүйегінің 
сынулары мен мидың ісінуінің маңызы аз. Жедел бассүйек іші 


54 
гематомалары барлық бассүйек-ми жарақатының ішінде 2-4% 
жағдайда кездеседі. Осы асқынудың уақытылы диагностикасының 
маңызын атап өткен жөн, себебі көлемі үлкен бассүйек ішілік 
гематомасы бар науқастар операция жасалмаған жағдайда өледі, ал 
гематоманы алып тастаған жағдайда көпшілігі жазылып шығады. 
Операциядан 
кейінгі 
өлім, 
біріншіден, 
диагностиканың 
кешіктіруінен және хирургиялық көмектің кеш жасалуынан, 
сондықтан бассүйек-ми жарақаттану ауырлығына байланысты. 
Емдеуді қате жүргізудің салдарынан және диагностиканы 
дұрыс жүргізбегендіктен жедел бассүйек ішілік гематомасы жиі 
кездеседі. Кейбір авторлардың дерегі бойынша 60% жарақаттанған 
науқастарда тірі кезінде диагностика қойылады. Ал қалғандарында 
гематомалар тілігін жару кезінде табылады. Операциадан кейінгі 
өлім жағдайы 40-50% жетеді. Ал аурудың соңғы сатысы кезінде, 
операция жасалған немесе гематомасы ми соқысымен қатар 
кездесіп, терең комада болған жағдайда 70-80% жетеді. 
Бассүйек-ми жарақаты бар ауруларда симптоматика прогредиент 
тілігі ең алдымен бассүйек ішілік гематоманың пайда болуына 
қауіптенуге негіз береді. 
Эпидуралық гематомалар.
Бассүйек ішілік гематомалардың 
жалпы санының шамамен 20% құрайды. Мидың қатты қабақшасы 
және сүйек арасында орналасады, ал көлемі үлкен болған жағдайда 
мидың қысылуының клиникалық көріністерін береді. Жабық 
жарақат кезінде эпидуралық гематомалар әдетте бассүйегінің есту 
аймағында, оның төбе аймағында жиі орналасады. Бұл асқынудың 
диагностикалық қиындықтары. 
Эпидуралық гематомалар сүйек сынуынан болмаған жағдайда 
да немесе сынуға қарама-қарсы бетте кездесетіндігімен қиындай 
түседі. Эпидуралық қан құйылудың 3 түрі бар: 
1. Қабықша артерияларының тармақтарынан, көбінесе ортаң- 
ғы артериялардан. 
2. Мидың қатты қабықшасының сыртқы бетінің көктамыр- 
ларынан және диплоэ көктамырларынан. 
3. Синустарға баратын синустардан және көктамырлардан. 
Орта қабықша артериясының зақымдануы әдетте жарақат 
болған аймақты және сирек соққыға қарама-қарсы аймақта болады. 


55 
Бұл артерия тармақтарынан қан кету, әдетте алғашқы тәулік 
бойынша күшейеді. 
Жоғары қысымға байланысты артерия жүйесінде гематома 
біршама көлемге жетеді және мидың қатты қабықшасын сүйектен 
ажырата отырып эпидуралық кеңістіктің көктамырларын үзеді. 
Мидың қысылу белгілері, қабықша артериялары үзілгеннен соң 
гематоманың диаметрі 4-5 см. жеткен кезде, яғни 12-36 сағаттан 
кейін пайда болады. Сүйектің көлемді сынуы немесе жырылуы 
болған жағдайда артерияның бірнеше тармақтарының зақымдалуы 
байқалады. Сирек жағдайларда эпидуралық қан кетулер алдыңғы 
және артқы қабықша артерияларында кездеседі. Гематомалардың 
ошақты сипмптоматикасы орналасқан жерлеріне байланысты. 
Эпидуралық гематомалардың келесі орналасуы болады: 
1. Алдыңғы (мандай-төбе); 
2. Орталық жиі кездесетіні (самай-төбе); 
3. Артқы (төбе-самай-шүйде); 
4. Базальды-самайлық төбе. 
Ортаңғы қабықтық артерия ұйқы артериясының сыртқы 
жүйесіне жатады. Бассүйек қуысына кіре отырып, бұл артерия 1-2 
көктамырмен жүре отырып артқы және алдыңы тармақтарға 
бөлінеді. Алдыңғы тармағы жоғары, артқы тармағы горизонтальды 
артқы бөлікке бағытталады. 
Бассүйегінің негізгі сынған жағдайда орталық қабықтың 
артериясының жырылуынан гематома пайда болады. Бассүйегінің 
негізі сынып, орталық қабықтық артерияның жарылуынан пайда 
болған ірі гематомалар аз кездеседі, өйткені, сол бөліктегі ми 
қабықшасының сүйекке тығыз бекітілуінің салдарынан. Осы 
артерияның базальды бөлігі жарақаттанған жағдайда эпидуралық
гематоманың мидың конвекситалды жарғы бөліміне таралу 
жөнінде тенденция бар. Мидың тығыз қабаты мен диплоэ 
көктамырларының жарылуынан пайда болған гематомалар жұқа 
және жалпақ болады, яғни мидың қосылуын тудырмайды. 
Эпидуралық гематомалардың соңында сыртқы гиперпластикалық 
пахименингит дамиды. Сүйектің сынған жерінде мидың 
компрессиясын тудыратын ұсақ гематомалар эпидуралық 
гематомалар 
статистикасына 
кірмейді. 
Кейбір 
жағдайда 


56 
сагитталды және веналық синустардың, веналық бағаналардың 
жарақаттануы ірі эпидуралық гематомалар статистикасына 
кірмейді. Кейбір жағдайда сагитталды және веналық синустардың, 
веналық бағаналардың жарақаттануы ірі эпидуралық гемато- 
маларға алып келеді. 
Супратенториумдық эпидуралық гематомалардың симпто- 
матикасы, яғни соққының әсерінен болған мидың соғылуы мен 
орта қабықтық артерия жарылғанда келесі клиникалық көріністерді 
көрсетеді:
1. Алғашқы 3-6 сағат бойынша ашық аралық кезең болады. 
Әрі қарай гематомалардың үлкеюіне байланысты ми ұлпаларының 
реактивті өзгерістері үлкейе бастайды. Соның ішінде мидың 
қысылу белгілері (тежелу, сопор, комалық жағдай). 
2. Ошақты белгілер гематомасы бар жақта көз қарашығының 
үлкеюі және қарама-қарсы жақтағы пирамидалық симптоматика. 
Мидың сығылуы мен шайқалуы кезінде эпидуралық 
гематоманың симптоматикасы дамиды. 
Эпидуралық гематомаларды ми ұлпаларында пайда болған 
терең сайлар мидың компрессиясын тудырады, оны ішінде 70-100 
мл-ге дейін қан сұйықтығы мен қан ұйындылары болады және 150 
мл асқанда ол өмірге қауіпті жағдай туғызады. 
Көз қарашығының кеңеюі гематоманың негізгі белгісі болып 
табылады, бірақ өте төмен дәрежеде кездесетін анизокория 
диагностикасында негізгі рөл атқармайды. Негізгі диагностиканың 
мәні көз қарашығының қалыпты жағдайлардан 3-4 есе үдемелі 
кеңеюі болып табылады. Алғашқы кезде қарашық жарыққа реакция 
бере алады, кейін қозғалыссыз қалады және жарық түскенде 
жиырылмайды. Айқын білінген тұрақты мидриаз, ошақты 
гематоманың бар екендігін көрсетеді. Кейбір жағдайда гематомаға 
қарама-қарсы жақтағы көз қарашығының кеңеюінде байқалады. 
Эпидуралық гематоманың пирамидалық симптоматикасы 
қарама-қарсы жақта Джексондық эпилепсия ұстамалар ретінде 
немесе үдемелі парез, плегия ретінде көрініс береді. 
Аяқ-қолдардың инеге жауабы, көздің мүйізтегінің, мұрынның 
кілегей қабатының, сыртқы есту жолдарының тітіргенгіштігі және 
сал болған аяқты жоғары көтеріп түсіргенде тез түсуі зақымдануды 
айқындай түседі. 


57 
Аурудың ағымы одан әрі мына түрде болады. Жедел белгілері 
өтіп, естің тұрақтану барысында, науқастың жағдайы қанағат- 
танарлық болады, бірақ бірер уақыт өте үдемелі жалпы ми және 
локальды белгілер көз қарашығының гомолатеральды кеңеюі мен 
контролатеральды гемипарез ретінде көрініс береді. Кейбір 
жағдайда зақымдалған аяқтың дірілдеуі және сезгіштігін гемитипті 
өзгеруі байқалады. Бұл ашық аралық кезеңде эпидуралық гематома 
6-24 сағатқа, кейде 1-2 күнге созылады. 
Мидың компрессия кезінде негізгі белгісі ретінде, 
ауыртпалықтың бірте-бірте өсуі және сопорозды күйден комалық 
күйге өтуі жатады. Сондықтан науқастың есі қандай жағдайда 
екенін біліп отырған жөн және операцияны есі бар кезде жасаған 
дұрыс. Кейбір жағдайда эпидуралық гематоманың клиникасы ми 
шайқалуының алғашқы симптоматикасыз дамиды, бұл жағдайда 
бар, жоқ екендігін анықтай алмай бірталай қиындықтар туғызады. 
50% жағдайда ашық аралық кезеңді анықтау мүмкін 
болмайды. Себебі ауыр соққының әсерінен болған ауыр ми 
шайқалулары мен сығылуы кезіндегі үдемелі компрессия белгісі 
немесе ашық аралық кезенде тез көтерілетін компрессия болып 
табылады. 
Эпидуралық гематоманың ашық аралық кезеңінде, аурудың 
динамикасы келесідегідей болады. Науқастың жағдайы жақсы, есі 
толық кезінде пульс жиілігі мен артериялық қысымы қалыпты 
жағдай маңында болады. Бассүйегі ішілік қысымы көтерілгенде 
ұйқышылдық, шаршағандық, алғашқыда пульсі жиілеп, кейде 
артериялық қысымы жоғарылайды. Есі жоқ жағдайда брадикардия 
және артериялық қысымның жоғарылығы байқалады. Кейбір 
жағдайда брадикардия стадиясы анықталмайды. Кейін қан 
айналымының декомпенсациясы, пульсі жиілеп, аритмиясы 
болады және артериялық қысымы төмендейді. Бұл сатыда тыныс 
алуы бұзылады. Алғашқыда тыныс алуы жиілейді, одан кейін 
ырғағы бұзылып қиындай түседі және беткейлік тыныс алуға 
көшеді. Чейн-Стокс түріндегі тыныс нашар болжам ретінде белгі 
береді. Инфекция ошақтары болмай дене қызуы 39 градусқа жетуі 
декомпенсация белгісі болып табылады. 


58 
Бас мидың компрессиясы жоғарылаған кезде екі жақтағы 
патологиялық рефлекстер пайда болады, содан кейін арефлексия, 
атония, кіші жамбастың сфинктерінің үстіндегі бақылау жоғалады. 
Декомпенсация кезінде децеребральді сіреспелік болу мүмкін, 
бірақ дер кезінде гематома алынса, науқастың жазылып шығуы 
таңғаларлық нәрсе емес. 
Эпидуралық гематоманың 18-20% баяу дамуы байқалады – 
мидың қысылу симптоматикасы жарақаттанғаннан 5-6 тәуліктен 
соң тән болады. 
Бассүйектің ішіндегі гематоманың клиникасы анық болса, 
люмбалды пункция мидың дислокациясы ұлғайып кету 
мүмкіншілігімен қауіпті. 
Балаларда эпидуралық гематомалар үлкен адамдарға 
қарағанда сирек кездеседі. Мұндай жағдай балалардың бассүйегі- 
нің иілімділігіне, мидың қатты қабықшасының және орта қабықша 
артерияның бассүйегінің ішкі жағымен жетілуімен және диффузды 
механикалық 
әсерлердің 
иірімді 
еңбектерге 
берілуімен 
байланысты. Жас балалардың қанша уақытқа естен таңғанын 
анықтау қиын. Біра жарақаттанғаннан соң балаларда болған 
салғырттық, әлсіздену, сонан соң қимылының мазасыздануы 
бассүйегінің ішінде болған қан құйылуының белгісі ретінде 
дәрігерге сақтану керек. 
Диагностикалық қиын жағдайда мидың ангиографиясын 
қолдану керек. Ангиограммада үлкен эпидуралық гематомалар 
мидың тамырлар жүйесінің ауытқуымен белгіленеді. 


59 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет