Казахстан


№2 Тақырып. Бас ми жарақаттары



Pdf көрінісі
бет24/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

 
№2 Тақырып. Бас ми жарақаттары 
 
Жабық бас ми жарақаттары.
Дамыған мемлекеттердің 
көбісінде соңғы он жыл ішінде әлемде бейбітшілік және соғыс 
кезінде болсын жарақаттың саны көбейді. Соның ішінде бассүйек 
ми жарақатымен, оған қоса дене және аяқ-қол жарақаты қатар 
кездеседі. Бұл комбинацнялық жарақаттану болып табылады. 
Гурджиана мен Томастың (1965) статистикасына қарағанда, 
мұндай ауыр жарақаттан кейін 78% жағдайда, науқас бұрынғы 
қалпына келген. 
Гиппократ, Гален және Цельс бұдан бірнеше ғасыр бұрын 
мидың шайқалуының белгілерін жазған. 
Бас ми зақымдануы 2 топқа бөлінеді:
1. Бассүйегі мен мидың жабық жарақаты. Бұл кезде мидың 
қатты қабықшасының және ликворлық кеңістіктің инфекцияға 
шалдығуы жоғары болмайды.
2. Ашық жарақат. 
Клиникалық жағдайда бас ми жарақатынын 3 түрге бөледі: 
1.
Мидың шайқалуы, яғни мидың жеңіл зақымдалуы ретінде 
болады. 
2.
Орта дәрежесі, мидың соғылуы, яғни бұл кезде жалпы 
милық және ошақты жарты шарлар белгісі мен бағаналық 
өзгерістер кездеседі. 
3.
Бас ми жарақатының ауыр түрі, мидың сығылуы, ұзақ 
уақытқа дейін естен тану және өмірге қауіпті белгілердің болуымен 
сипатталады. Бұл кезде бағана мен қыртыс асты бөлімінің 
зақымдалуы 
болады, 
көбінесе 
60% 
бассүйек 
ішіндегі 
гематомалармен байланысты. 
Мидың шайқалуы мен соғылуы.
Мидың шайқалуы мен 
соғылуының жеңіл түрі жеңіл бас ми жарақаттарына жатады. 


42 
Мидың шайқалуы мен соғылуының патофизиологиялық үрдісте 
механикалық фактор негізгі орын алады. Бассүйек ішінде болатын 
зақымдану 2 жағдайды анықтайды: жарақаттаушы агенттік әсер ету 
сипаты және бассүйегі топографиясының күрделілігі. Физикалық 
әсерден болатын жарақатты бассүйек топографиясының кестесіне 
қарап анықтайды. Бұл кезде механикалық фактордың өлшеміне, 
бағытына, қай бөлікке әсер еткеніне мән беріледі. Сонымен бірге 
патогенезінде келесі механикалық факторларға мән берген жөн: а) 
жарақаттану кезіңдегі бастың жағдайы: басты бос ұстау немесе 
қатты ұстау. Басты бос ұстау кезінде механикалық әсердің күші 
артады, ал қатты ұстау кезінде керісінше болады, б)бассүйегінің 
сынуы кезінде жалпы және локалды деформациясында болып, 
бассүйегі қалыпты конфигурациясын уақытша өзгертеді, в) мидың 
бассүйек кеңістігінде қозғалуы. Бір түзу бойында ротациялық, яғни 
айналмалы болады және қозғалыстың жылдамдығы тез болады, г) 
бассүйек пен мидың физикалық параметрлерінің әсерінің күші, 
бағыты және әсер ету аймағы жарақаттанған ошақтармен 
жарақаттанатын 
түрлерімен 
байланысты 
эксперименталды 
тексеріс барысында, әсер етуші күш бас қозғалып тұрған кезде 
тисе, онда мидың шайқалуы тез болады. 
Механикалық энергия бассүйегі қуысының ликвор мен 
сұйықтыққа бай ұлпасына әсер етеді. Бұдан күрделі 
гидромеханикалық белгілер дамиды, мидың сұйық ұлпасына 
кинетикалық энергия толқын тәрізді әсер етуі болды. Мидың 
шайқалуы 
бассүйегінің 
қысымының 
бірден 
көтерілуіне 
байланысты екені эксперименттік тексеріс жүзінде анықталады. 
Мидың шайқалуы (comotio cerebri) бағаналық синдромның 
жедел сатысында мидың жайылмалы жарақаты болып табылады. 
Мидың шайқалуы бассүйек жарақатының бүкіл сатысында 
кездеседі. Мидың шайқалуы кезінде жүйке жасушалары мен жүйке 
талшықтарында дистрофиялық өзгерістердің болуы мидың 
шайқалуының 1-реттік белгілері болып табылады. Циркуляциялық 
өзгерістер 1-реттік зақымдалуын тереңдете түседі. Ұзақ көптеген 
қан құйылулар жабық бассүйек жарақатында,ми шайқалуының 
сүйек жарақатында болады және ми шайқалуының бірден-бір 
морфологиялық белгісі болып табылады. Көптеген жағдайда бұл 


43 
белгілер ақ заттың семиовалды орталығында, варолиев көпірінде, 
III және IV қарыншаның маңындағы сұр затта кездеседі. 
Паравентрикулалық ұсақ қан құйылулардың орналасуы 
Монро тесікшесінің бойында, III қарыншаның каудалды бөлігінде 
және IV қарыншаның орта ми шекарасы мен варолиев көпірі 
маңында кездеседі. Ұсақ геморрагиялар - Дюре қан кұйылулары 
деп аталады. Кіші қан құйылулар пайда болуы гидродинамикалық 
факторлардың әсерімен сипатталады. Жарақат кезінде ликворлық 
соққының толқыны қарыншалар қабырғасына соғылып, олар 
созылып жыртылады, содан қан құюлар пайда болады. Дюре қан 
құйылуларының патогенезі күрделі болады: гидродинамика 
заңдарына байланысты, тар қан тамырлар бойынша жылжитын 
қысым, қан мен тар тамырларға қарағанда аз болады, сондықтан 
тар жерден кең жерге өткенде кернеу пайда болады, ол қарыншалар 
қабырғасын зақымдалуын тудырады. Соққының ликворлық 
толқыны қарыншалар қабырғасында орналасқан қан тамырлар 
және вегативті орталықтарға әсер етеді. Осылардың салдарынан 
мидағы қан айналымына өзгерістер еніп, диапедез жолы арқылы 
қан құйылулар пайда болады. Бассүйек жарақаты кезінде 
морфофункциялық өзгерістер айқын білінеді. 
Клиникасы: Мидың шайқалуы қысқа уақытта естен тану, бас 
ауру, жүрек айну, құсу белгілерімен сипатталады және бұл 
өзгерістер қысқа уақыт аралығында көрініп, адам қанағаттанарлық 
жағдайда болады. Естен тану уақыты ұзарады және неврогенді, 
психоэмоциялық белгілер пайда болады. Онда ол шайқалу емес 
мидың соғылуы деп аталады. Ми жарақаттарының ауыр түрінде 
өмірге қажетті функциялар қызметі бұзылып, ми шайқалуымен 
қоса соғылу белгілері болады. Мидың соғылуының орташа және 
ауыр түрі бассүйек ішілік гематомасы, бассүйек-ми жарақатының 
ауыр тобын құрады. Мидың шайқалуында естен танумен қатар 
терісінің бозаруы, аяқ-қолы бұлшық ет гипотониясы, көз 
қарашықтарының жарыққа жауабының төмендеуі және кейбір 
жағдайларда құсу белгілері болады. 
Мидың соғылуының жеңіл түрлерінде ретроградты амнезия, 
адинамия, астения, бас айналу, жүрек айну, құсу, спонтанды 
нистагм, вегетативті өзгерістер, жүрек-қан тамыр өзгерістері 


44 
байқалады. Ми шайқалуы мен ми соғылуының толық немесе 
жартылай естен тану белгісі болады, кейбір жағдайда адам 
комалық күйге түсуі мүмкін. Естен тану жағдайының ұзақтығы мен 
ауырлығы болжамның негізгі белгілері болып табылады. Егер адам 
4-5 минуттан аса естен айырылатын болса, бұл ми шайқалуына 
жатпайды. 
Естен тануды анықтаудың негізгі критериі жұтыну рефлексі. 
Жұтынудың бұзылуы, сұйықтықтың тыныс алу жолдарына түсуі, 
жағымсыз болжау ретінде сипатталады. Тыныс алудың жиілігі 
артып, ырғағы бұзылса, естен тану ақырының ауыр немесе 
жағымсыз болатынын сипаттайды. Чейн-Стокс тыныс алуының 
болуы, ми бағанының ауыр зақымдалғанын сипаттайды. Бұл 
мидың соғылуының ауыр түріне жатады. 
Субарахноидальды қан құйылу тек ми соғылуының белгісі 
болып табылады. Көбінесе, жабық бас ми жарақатында кездеседі. 
Ми соғылуының жеңіл түрінің өзінде жұлын-ми сұйықтығында аз 
мөлшерде қан болады. Субарахноидальды қан құйылудың орта 
дәрежесі кезінде әр түрлі интенсивті жағдайдағы психомоторлы 
қозу көрінісі болады. Науқастар орбита асты және желке 
аймағының қатты ауруына, фотофобияға, көз алмасының 
қозғалысының ауырсынуына, көзінде жағымсыз белгілердің 
болуына шағымданады. Жұлын-ми сұйықтығында қан мөлшері көп 
болғанда, ол жұлын бойында төмен түсіп, бел-құйымшақ 
түбірлерінің ауырсыну синдромын туғызады. 
Менингеалдық 
белгілер 
жарақаттан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет