88
гипестезия зақымданған деңгейге дейін, бірақ бұл кезде қозғалыс
сезімі, аяқ-қолдардың орналасуы және тербелістік сезім сақталады.
Бұл синдром жарақат салдарынан да пайда болуы мүмкін. Мұның
патогенезінде жұлынның алдыңгы бөлігі қысылып, омыртқа
денесіне қарай ығысады. Бұл кезде тіс өсіндінің тартылып, жұлын
жолының майысуы болады. Осы кезде рентген суретте сүйек
сынығы жоқ деп теріске шығарса, онда омыртқа дискілерінің
арасында жарықтың болуына күдіктену керек. Жұлын-ми
сұйықтығының ағуына кедергі жоқ болса да, жұлынның алдыңғы
бөлігіне қандай да бір күш түсетінін жоққа шығару керек. Мұндай
жағдайларда
пневмоэнцефалография
(пневмомиелография)
жасалынады. Сөйтіп зақымданған омыртқалардың ығысу деңгейін
және омыртқаның бұзылған дискілерінің томпайғанын анықтайды.
Омыртқаның асқынған жарақаттарында жұлынның алдыңғы
бөлігінің зақымдануы 4/5 науқастарда кездеседі. Егер қаңқалық
тарту кезінде өзгерістер шамалы алға жылжыса, бұл жұлын
қызметінің қалпына келгені.
Достарыңызбен бөлісу: