91
Сурет 16. Бел омыртқа жарақатында жасалатын кеуекті
имплантантпен және қысқыштармен артқы спондилодездің
аралас әдісі
Зерттеу әдістері мен емі.
Науқасты
зерттеудеғі негізгі
мақсат, жүйке жүйесінің зақымдануының сипаты мен дәрежесін,
омыртқаның бұзылуын, жалпы соматикалық жағдайын, ішкі
ағзалардың, аяқ-қолдардың зақымдануын анықтау.
Сынықтардың
клиникалық көрінісі, зақымданған жерді сипағанда ауырсыну,
пішінінің өзгерісі (мысалы, тік бұрыпггы кифоз немесе бүйірлік
көкірек бөлімінің омыртқасының сынуынан пайда болады), арқа
және мойын бұлшық еттерінің тартылуы,
жоғары екі мойын
омыртқаның алға ығысуы кезінде, ауыз арқылы пальпация жасап
білуге болады. Жұлынның зақымдану дәрежесін немесе олардың
түбіршектерінің зақымдануын анықтаған кезде, топикалық диагноз
қою үшін неврологиялық белгілер көп көмек береді.
Рентгенография жүргізу үшін тұрақты және арнайы қалыптарды
92
қолданады, кейде томография жасайды. Бірақ мұның бірі
омыртқаның жылжуына әсер етпеу керек. [27]
Омыртқа сынықтарындағы ем шаралары:
1. Науқасты емдеу мекемелеріне
омыртқа деформациясын
күшейтетіндей және жұлынды екінші реттік зақымдап
алмайтындай етіп тасымалдау керек. Егер омыртқа сынығына
күдік болса, жұлын зақымдануының белгілері байқалса,
ондай
жағдайда, науқасқа медициналық қызметкер келгенше көмек
көрсетпеу керек. Омыртқаның мойын бөлігі зақымданған жағдайда
жедел түрде науқасты Стрикер жақтауына фиксация жасау керек.
2. Емдеу мекемесінде зардап шеккен науқасты қатты төсекке
жатқызады немесе тақтайдың үстіне ішіне ауа толтырылған матрас
салып жатқызады. Көбінесе арнайы кереует қолданады. Ол
кереуетте арнайы айналмалы екі жақты Стрикер жақтауы
бар.
Мұнымен науқас жақсы иммобилизация жасалынады,
айналуын
қамтамасыз етеді және терісін тазалап, төсегін ауыстыруға, дәретке
шығуға, басқа жаққа ауыстыруға жағдай жасалынады.
3. Емдеу мекемесінде ортопедиялық шаралар жүргізіледі,
бұлар омыртқа пішінінің дұрысталуына, 2-ші реттік бұзылуға жол
бермейді. Жарақат алған кезде болған омыртқа бөлшектерінің
ығысуы омыртқа каналының ісінуі, гематомалар асқындыру
факторлары болып табылады.
Олар жұлынның жағдайын
нашарлатады. Сондықтан тез арада ортопедиялық немесе
хирургиялық көмек көрсету керек. Сүйек сынығын емдеудің негізгі
қағидасы сүйек жаңқаларын бір-біріне келтіріп, оларды бекіту
және әрі қарай функциялық емдеу.
Бірақта, қай емді қолдану үшін омыртқа сынығының түріне
және неврологиялық зақымдануына байланысты емдеу керек.
Бірақ, әр түрлі
көзқарас пайда болады.
Омыртқа шығуы және сынығы
кезіндегі пайда болған омыртқа каналының деформациясын және
жұлын қысылуын болдырмау:
1. Жабық түрде дұрыстау; 2. Тарту; 3. Ота жасау.
Достарыңызбен бөлісу: