109
1. Жұлынның, түбіршектердің және тамыр жүйесінің артқы
сүйек
остеофиттерімен,
дискімен
жұмсақ
созылмалы
компрессиясы.
2. Омыртқа жотасының қозғалысында
пайда болатын ұзақ
уақыт, микрожара қаттануы.
3. Жергілікті және сұранысты рефлекстік синдромдарын
құрайтын
зақымдалған
дискіден
шығатын
патологиялық
импульсация.
4. Жұлын-ми сұйықтығы айналуына бөгет жасайтын,
екіншілікті арахноидальдық бірікпелер.
Этиологиялық
факторы бойынша, патологиялық үрдістің
орналасуына және аурудың сатысына байланысты мынадай
клиникалық көріністермен білінеді:
1. Мойын, желке аймағындағы ауырсыну.
2. Симпаталгиялық мінездемесі бар мойын-иық ауырсынуы.
3. Күйдіргендей, созылмалы төбіршекті ауырсынулар.
4. Нейродистрофиялық өзгерістер.
5. Кардиалгиялық синдром.
6. Омыртқа артерияның және симпатикалық түйіннің
зақымдалу синдромы.
7. Мойындағы миелопатия.
Омыртқа жотасының мойын бөлігіндегі остеохондроздың
рентгенологиялық өзгерістері:
омыртқа арасындағы жіктің
кішіреуі, сүйектің субхондралды склерозы, артқы остеофиттер,
омыртқалардың
жартылай шығуы, омыртқа аралығындағы
тесіктердің бітелуі, бір-біріне қарай омыртқалардың қимылының
жоғарылауы не төмендеуі.
110
Сурет 22. Мойын омыртқасының С4-С5 деңгейіндегі
омыртқааралық дискінің жарығы
Емі.
Консервативтік еммен
остеохондроздың белгілерін
азайтуға болады. Осы мақсатпен мойынды созу, иммобилизация-
лау, физиотерапиялық және дәрілік процедураларды жасалады.
Егер де сырқаты қайтпаса операциялық ем қолданылады.
Клиникасына қарай әр түрлі спондилодезді қолданады.
Өте жиі
қолданылатын спондилодездің түрлері: алдыңғы спондилодез –
А.Н. Осна және А.А. Луцик (173) және Робинзон, Смит; Кловард,
Юмашев және т.б. түрлері жасалады. Артқы спондилодезді
түбіршек немесе жұлын компрессиясы болғанда ғана пайдаланады.
111
Спондилодездің қай түрі болса да,
онымен қоса дискэктомия
жасалады. Осы операциялардан кейін 50-94%-да жақсы, 10-40%-да
орташа, 5-35%-да нәтижелер болады.
Достарыңызбен бөлісу: