Казахстан


Сурет 27. Бас миының тік проекциядағы глиобластомасы



Pdf көрінісі
бет50/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

 
Сурет 27. Бас миының тік проекциядағы глиобластомасы 
отаға дейін 


116 
Сурет 28. Бас миының бүйір проекциядағы глиобластомасы 
отаға дейін 
 
Сурет 29. Бас миының көптеген қатерлі ісіктері 


117 
4.Медуллобластома көбінесе балаларда кездесетін қатерлі 
ісік. Жиі мишықта орналасады және IV қарыншаны қысып, оған 
кіріп, қарыншаны толтырады. Кейде ликвор арқылы метастаз 
береді. Үлкен жарты шардың медуллобластомалары сирек болады. 
5. Эпендимома – ми қарыншасы қабырғасымен байланысты 
қарапайым ісік. Көбінесе түйін түрінде IV қарынша қуысында 
орналасады, бүйір қарыншасында сиректеу. 
6. Пинеалома – эпифизден туатын ісік. Бұл ісіктің кейде 
пинеобластома деген атпен қатерлі түрі кездеседі. 
7. Невринома – бассүйек жүйкелерінің қапшықталған 
(инкапсуланған) дөңгелек немесе сопақша түрдегі жәй ісігі. 
Бассүйектің 
невриномалары 
көбінесе 
VIII 
жүйкенің 
түбіршектерінен тарап, көпір-мишық бұрышында орналасады. 
8. Гипофиз ісіктері (гипофиз аденомасы мен краниофарингео- 
масы) 
9. Метастаздық ісіктер. 
Бассүйектің әртүрлі гистологиялық құрылыстағы ісіктердің 
пайыздық қатынасы, статистикалық мәліметтеріне қарағанда 
бірдей, сондықтан 6000 тік келген бассүйек ісіктері жөніндегі 
Цюльхтің (1965) пайыздық қатынасы мәліметін береміз: 
Глиомалар 42,0; менингеома 18,0; гипофиз аденомасы 8,0; есту 
жүйкесі ісігі 7,6; конгениталдык ісікгер 5,5; метастаздар 4,0; тамыр 
ісіктері 3,8; гранулемалар 0,7; аралас ісіктер 0,6. 
Кейде әртүрлі деңгейдегі дифференцияланбайтын жасуша 
элементтерінен жәй және қатерлі ісіктерінің аралық түрлерін 
немесе жәй ісіктің қатерлі ісіктерге айналғанын кездестіруге 
болады. 
Бассүйек 
ісіктерінің 
орналасуы 
мен 
олардың 
гистологиялық сипаттамасы клиника үшін өте маңызды. [34] 
Клиникасы және диагностикасы. Бассүйек ісіктерінің 
клиникасы мынадан тұрады: 
1. Ошақтық белгілер. Олар ми айналасы мен бассүйек 
жүйкелерінің ісікке ілінген жерінің алғашқы зақымданған белгілері 
немесе көршілес тағы басқа алыстау тұрған бөліктерінің 
зақымданған әсерінен туындайтын белгілері. Неврологиялық 
құралдарында көрсетілгендей, олар жүйке жүйесінің зақым- 
данғанының топикалық белгілеріне сәйкес келеді. Мидың әртүрлі 


118 
бөліктерінде орналасқан ісіктердің көп кездесетін ошақтық 
белгілері әрі қарай толық айтылады. Кейбір ісіктердің әсіресе 
мидан тыс және алдыңғы мен орта бассүйектің шұңқырларында 
қимыл-сезім және гностикалық алыстаған түрінде, алғашқы 
кездерде ошақтық белгілері болмайды немесе көмескі болады, 
сондықтан бірінші кезекте бассүйек қысымының жоғарылау 
синдромы білінгенін айту керек. 
2. Бассүйек қысымының жоғарылау синдромы. 
3. 
Мидың 
дислокация синдромы 
және 
жарықтық 
сыналануының дамуы (бассүйек қысымы синдромы және ми 
дислокациясы синдромы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет