120
немесе
субарахноидальды кеңістікті герметизациялау
үшін жамбас
фасциясының кең
тілімдісімен қатты ми қабықшасының
аутопластикасын
жасайды.
Сүйек
кесіндісін алып тастайды, ал
жүмсақ ұлпаларды қабат-қабат тігеді. Сол себепті, сүйек саңылауы
"терезесі" пайда болады, сол арқылы мидың шығуы ісіктің әрі
қарай өсуі кезіндегі бассүйек қысымын төмендетеді.
Егер ісік жартылай алынып, оның гистологиялық құрылысы
келсе, онда радиоактивтік сәуле терапиясы дұрыс деп табылса, оны
ота біткен соң тағайындайды, айта кету керек, бұл тек ісіктің өсуін
тоқтатады да, қайта дамуын тежемейді.
Окклюзиялық гидроцефалия
белгілері туу қауіпті болатын,
ота жасауға болмайтын ісіктерде (мысалы, III қарыншаның немесе
сильвий су құбырындағы инфильтрациялық ісіктерде) тек
поллиативтік ота керек. Бұдан көбінесе көпке созылған ауру үшін
жеңілдену басталады, өйткені жұлын-ми сұйықтығы айналымы
бұзылуынан болатын бассүйек ішілік қысым жоғарылайтын
синдром жойылады.
Отаға келмейтін немесе анықталмаған ми ісіктерінде
паллиативтік ота, көбінесе Кушинг
әдісімен самай еті астында
сүйекті ашу арқылы декомпрессия жасау кең қолданылады. Үлкен
жарты шар ісіктерінде кейде ұзақ уақытқа жеңілдік бергенмен,
жиналған тәжірибе көрсеткендей, бұл ота уақытша ғана әсер береді.
Сонымен, бассүйегінде ота жасауға болмайтын ми ісіктерінде
радиоактивтік сәуле терапиясын көбінесе жүргізуге болмайды,
өйткені мидың ісініп, қабынуы басталады,
сондықтан летальды
жағдайға түсіретін сыналану синдромы басталуы мүмкін.
Радиоактивтік сәуле терапиясын тек алдын ала декомпрессия
жасағаннан кейін жүргізеді. Егер операция жасауға болмайтын
жағдайда алдын ала декомпрессиясыз сәуле терапиясын жүргізетін
болса, онда оны тек бассүйек қысымы жоғарыламайтын ісіктерге
ғана пайдаланады (гипофиз ісіктері, бағана ісіктері).
Ми ісіктеріне жасалған операциядан кейінгі өлім біртіндеп
азайып
келеді.
Егер
XX
ғасыр
басында
тәжірибелі
нейрохирургтарда
ол
60-80%
болса,
кейінгі
жылдары
нейрохирургиялық клиникаларда ол 10-20%, ал кейбір ісіктерде
одан да төмен.
121
Ісіктердің супра- немесе
субтенториумдық аудандарда
орналасуына байланысты, оларда әртүрлі хирургиялық жол
ашылуына сәйкес бассүйек іші жаңа өсінділерін хирургиялық
емдеу принциптерін тиімді баяндауы керек. Соған сәйкес төменде
мынадай ісіктердің топтары қаралады:
1.Үлкен жарты шар
ісіктері; а) мидан (жарты шардан) тыс
ісіктер; б) ми іші (жарты шар іші) ісіктері; в) қарынша іші
супратенториумдық ісіктер.
2. Гипофиз – гипоталамус ауданы ісіктері: а) гипофиз ісіктері;
б) краниофарингеомалар; в)
түрік ершігі арқашығының
менингеомасы.
3. Бассүйек артқы шұңқыры ісіктері; а)
мишық және IV
қарынша ісіктері; б) артқы менингеомасы; в) кіріберіс-есту жүйкесі
невриномасы; г) ми бағанасы ісігі.
4. Метастаздық ісіктер.
5. Басқа көлемді бассүйек іші үрдістері: а) ми абсцессі; б) ми
паразиттері (цистицерк, эхинококк); в) ми гранулемалары
(туберкулома, гумма).
Достарыңызбен бөлісу: