Казахстан



Pdf көрінісі
бет75/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия

Жарты 
шарлар 
артериовеналық 
аневризмалары.
Организмнің алғашқы даму сатыларында ми көпіршіктерінің 
беткейінде орналасқан қан тамырлар жүйесінде артериялар мен 
көктамырлар бір-бірімен артериовеналық анастомоздармен тікелей 
байланысқан. Әрі қарай мидың бетінде бұл анастомоздар семеді, 
себебі қан тамырлар ми затына өсіп таралған кезде қан айналымы 
өзгереді. Субарахноидальдық кеңістіктің қан тамырлар жүйесінен 
артериялық ағым ми ішілік артерияларға бағытталады, содан соң 
капиллярға әрі қарай венула және ми ішілік көктамырлармен ми 
бетіне субарахноидальдық кеңістіктің көктамырларына қайтып 
келеді. Бірақ кейбір жағдайлар да бұл артериовеналық 
анастомоздар сақталады және олардың орнында артериовеналық 
аневризмалар дамиды. Артериовеналық аневризмалар (артерио- 
веналық ангиомалар немесе мальформациялар) туа пайда болған 
қан тамырлар жүйесінің дамуының патологиясы, бұл кезде ұлғаюға 
алып келуші артериялар мен күрт кеңейген көктамырлар арасында 
әр түрлі көлемді дұрыс құрылмаған қан тамырлар түйіні бар, 
мұндай ісік тәріздес көлемді құрылымдар көбінесе, орта ми 
артериясы жүйесінде мидың маңдай төбе аймағында орналасады, 
сирек алдыңғы және артқы ми аймағында және өте сирек артқы 
бассүйегі шұңқырында тіліп жару деректері бойынша, олардың 
жиілігі 0,5%. Олардың шамамен микроаневризмалардан көлемі 
сіріңкенің басындай, үлкен түйіндерге дейін олар жарты шардың 
маңызды бөлігін алады. Артериовеноздық аневризмалардың 
гемодинамикалық ерекшеліктері артериовеналық шумақтың, яғии, 
артериялық және веналық қан айналымы капиллярлар орналасқаң 
патологиялық қан тамырлардың шумағы. Ангиографиялық 
зерттеулердің көрсеткіші бойынша, көлемді аневризма кезінде 
контраст заттың негізгі бөлігі аневризма қан тамырлары арқылы 
өтеді, тек қана өз бөлігі ми қан тамырларына түседі. Клиникалық 
түрде аневризма келесі белгілермен көрінеді. Геморрагиялық 
кезеңге дейін ошақты айқын белгілері болмайды. Басқа 
жағдайларды көптеген жылдар ми ұлпаларының аневризмамен 
тітіркендірілуі немесе қысылуына байланысты ошақты белгілер 
көрінуі мүмкін. Жиі жағдайда қояншықты ұстамалар дамиды. 
Аневризмалардың шумақты әсері, яғни артериялық қанның 


192 
веналық синустарға және мидың терең көктамырларына тікелей 
ағуы ми ишемиясының клиникалық көрінуіне алып келеді. [31] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет