Казахстан


Сурет 1. Пневмоэнцефалография, алдыңғы проекцияда



Pdf көрінісі
бет13/86
Дата06.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#195374
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86
Байланысты:
дек. Нейрохирургия
Лекция-СД-2курс-каз, Макро- мен микропрепаратар №1, Лейкозы
 
Сурет 1. Пневмоэнцефалография, алдыңғы проекцияда 
 
Жұлын сұйықтығын шығарып жасалатын пневмо- 
энцефалография 
Зерттеу науқас иіліп, басын еңкейтіп отырғанда жасалады. 
Бұл кезде науқас өзін ыңғайлы сезінуі қажет: иегі бекітілген 
тіреуішке қойылады. Бір инені кезектестіре ауа енгізіп және 
жұлын-ми сұйықтығын шығаратын кәдімгі люмбалды пункция 
жасалады. Ауа сыйымдылығы 20 мл шприцпен жіберіле берген 
кезде, шприцтің ұшы пункция инесіне тығыз бекітілуі қажет, олай 


20 
болмаған жағдайда жіберіліп жатқан ауа субарахноидальды 
кеңістікке бармайды. Зерттеуді екі ине қолдану арқылы жасауға 
болады және омыртқалардың тік өсінділерінің арасына екі инемен 
люмбалды пункция жасап, баяу, бір сарынмен жоғары ине арқылы 
субарахноидальды кеңістікке ауа жіберіледі, осы кезде мензуркаға 
(сантиметрлі бөлімдері бар) төменгі инеден жұлын-ми сұйықтығы 
ағады. Патологиялық үрдістің түріне және науқастың пневмо- 
энцефалографияға реакциясына байланысты субарахноидальды 
кеңестікке 60-150 мл шамасында ауа жіберіледі. Кейбір авторлар 
ауаның көлемін алынған жұлын-ми сұйықтығы көлеміне теңестіре 
жібергенді жөн көреді, ал өзгелері газдың жоғары температурада 
өзгеруін ескере отырып (бөлме температурасына қарағанда ми 
қарыншаларының температурасы жоғары) ауаны 10-14 мл-ге аз 
жібереді, үшіншілері керісінше ауаның қысылу қасиетіне көңіл 
бөліп, ауаны шығарылған жұлын-ми сұйықтығының көлеміне 
қарағанда 10-15 мл көп жібереді, бұл кезде жұлын-ми сұйықтығы 
жүйесі жақсы толтырылады деп есептейді. Соңғы әдіс дұрыс деп 
есептеледі, өйткені тәжірибе жүзінде науқастар бассүйек ішілік 
қысымның бірден төмендеуіне қарағанда баяу жоғарылауын жақсы 
көтереді. 
Субарахноидальды кеңестікке ауаның орнына оттегін немесе 
азот тотығын жіберуге болады [13]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет