Ыстық әдісте зерттелетін үлгіні қайнатумен, суық әдісте физиологиялық ерітіндіге салумен алады.
Зеттеуге 1-2 гр салмағымен тері үлгілерін алады. Қанталаған жерлерді таңдап алады. Сондай жерлерде сібір жарасының қоздырғышының антигендері болу мүмкін. Реакция бастамай үлгілердің бәрін автоклавта зарарсыздандырады (сібір жарасының қоздырғыштарын өлтіру үшін).
Сібір жарасының антигені жоғары температураға төзімді, үлгілер зарарсыздандырылғанда бұзылмайды. Зарарсыздандырылған үлгілерді ұсақтап, сынауықтарға салып, үстінен 10 мл физиологиялық ерітіндіні құяды. 100 градуста су моншасында ұстап, қайнатып, үлгілерді экстракциядан өткізеді (жарты сағат).
Экстракциядан өткен суйықтықты асбест сүзгіш арқылы таза сынауықтарға өткізеді. Зерттелген үлгінің ерекшелік преципитациялық сары суын бақылау үшін нормалы сары суменде осындай реакцияны өткізеді.
Преципитациялық сары суды сібір жарасының бациллаларының ыдыраған өнімдерін немесе күші кеткен бациллаларын жылқының ағзасына еңгізіп алады. Нормалы сары су дені сау жылқылардан алынады. Нормалы және преципитациялық сары суларды көп уақытқа сақтағанда оларға 0,5 пайызды карбол қышқылын салып консерваттайды.
Зерттелетін үлгілермен реакцияны Уленгут сынауықтарында өткізеді. Осы сынауықтарға 0,5-1 мл сары су құяды, Пастер пипеткасының көмегімен сары су үстіне араластырмай зерттелетін экстрактты құяды. Жоғары жазылған белгілерге сәйкес реакцияны бақылайды.