Коагглютинация реакциясы – алдын ала иммунды диагностикалық сары сумен әсер етілген стафиллококкалардың көмегімен қоздырғыштың жасұшаларын анықтау. Стафиллококкаларда иммунноглобулиндерге жақын А ақұызы бар. Сондықтан олар антимикробты антиденелерді адсорбтап, сәйкес келетін микробтардың белсенді орталарымен қарым қатынасқа кіреді. Коагглютинация қортындысында құрамында стафиллококкалар, диагностикалы сары сулардың антиденелері және анықталуға жатқан микроб бар жапалақтар жаратылады.
Зерттелетін (белгісіз) немесе дайын сары судың көлемін реакция қоярдың алдында арттырады.
Сары судың көлемін 1:10 арттыру үшін сары судың 1 мл және физиологиялық ерітіндінің 9 мл алады, 1:10 көлемі арттырылған сары судан 1 мл алып келесі 9 мл физиологиялық ерітіндіге қуйса 1:100 көлемі арттырылу болады.
Сары судың осы көлемінен келесі көлем арттырылу жұмыстарын өткізеді. Реакция сынауықтарда өткізіледі. Сынауықтардағы көлемі арттырылған сары суға микробы бар дақылды (антиген) қосады. Осы қоспаны 4 сағатқа термостатқа орналастырады, кейіннен бөлме температурасында 20 сағат ұстап қортындысын қарастырады. Жапалақты тұнба жаратылу мөлшері реакцияның оң немесе теріс болғанын көрсетеді.