Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:
1. Иммуномикробиологиялық зерттеулер тұралы түсініктеме, олардың негізі, фазалары.
2. Агглютинация реакциясы тұралы түсініктеме.
3. Агглютинация реакциясының түрлері.
4. Агглютинация реакциясын қою кестесі.
Имуномикробиологиялық зерттеулер
Иммунологиялық әдістермен көп тапсырмаларды шешу үшін қолданады:
1. Иммундық жүйенің жасұшаларының және олардың өнімдерінің санды және функционалды мінездемелерін анықтап адамның және жануардың иммундық жүйесінің жағдайын анықтау.
2. Адамның ұлпаларының құрамын және мінездемелерін анықтау: қанның топтарын, резус себепкер шарттарды, трансплантациялық антигендерді.
3. Антиденелердің мөлшерлерін (титрлерін) (серологиялық диагностика) тауып және анықтап инфекциялық ауруларды және оларға резистенттікті табу, ағзада қоздырғыштардың антигендерін табу, осы антигендерге жасұшалы реакцияларды анықтау.
4. Адамның және жануардың ағзасынан бөлініп шығарылған вирустердің және бактериялардың дақылдарын серологиялық теңестіру.
5. Адамның ағзасында және қоршаған ортада антигенді қасиеттері бар (гормондар, ферменттер, улар, дәрілер, есіркілер және т.б.) заттарды табу.
6. Иммунопатологиялық жағдайларды, аллергияларды, трансплантациялық және ісіктерге қарсы реакцияларды анықтау.
Иммунологиялық әдістердің негізінде серологиялық реакциялар және жасұшалы реакциялар жатыр. Серологиялық реакцияларды қойғанда антиденелері бар сарысулармен (serum) қолданады. Жасұшалы реакциялардың негізінде антигендердің (аллергендердің) Т-жасұшалармен қарым-қатынасуы жатыр. Иммуномикробиологиялық зерттеулер – өзгеше антиденелерді және антигендерді анықтауға арналған микробиологиялық экспресс-сараптаудың түрі.
Серологиялық реакцияларда антигеннің және антидененің қарым-қатынасу үдірісі екі фазада өтеді:
Достарыңызбен бөлісу: |