1) өзгеше – антиденелердің белсенді орталықтарының (паратоптар) және антигендердің эпитоптарының комплементарлы қосылып қатынасу фазасы. Осы фаза бір неше секунд немесе бір неше минут созылады;
2) өзгеше емес – көзге көрінетін иммунды кешендер жаратылатын фаза. Осы фаза бір неше минуттан бір неше сағатқа дейін созылады.
Антигеннің және антидененің қарым-қатынасу кестесі
In vitro жағдайында антигенмен антидененің қарым-қатынасуына байланысты реакцияларды бөледі:
Тұнбалы.
Еріту.
Нейтрализдеу.
Агглютинация реакциясы
Агглютинация, немесе микробтардың жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді. Осы серологиялық реакция жануарларда және адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видаль реакциясы) анықтағанда, ағзадан бөлініп шығарылған қоздырғышты анықтағанда өткізіледі. Осы реакциямен екі жағдайда қолданады: 1) зертханада белгілі антигеннің көмегімен ауру ағзадан алынған сары суды зерттегенде; 2) зертханада болған белгілі сары судың көмегімен ауру ағзадан бөлініп шығарылған белгісіз микробты зерттегенде.
Реакцияны өткізу үшін келесі заттарды алу керек: 1) зерттелетін сары су, 2) бактериялардың өлтірілген дақылы (антиген) и 3) сары суға қосу үшін және бактериалдық ерітіндіні дайындау үшін физиологиялық ерітінді.
Сары суды адамдардың және жануарлардың ағзаларынан алады. Сол үшін олардан 8-10 мл қан алады. Реакция өткізу үшін сары судың көлемін физиологиялық ерітіндімен арттырады. Сары суларды биофабрикаларда дайындап зертханаларға жібереді. Антигендерді де биофабрикаларда дайындайды.
Агглютинация реакциясы тұңба немесе жапалақтар жаратылумен белгіленеді. Және осы реакциямен эритроциттердің аллоантигендеріне қарсы моноклоналды антиденелермен қолданып қанның топтарын анықтағанда қолданады.
Агглютинация реакциясының әр түрлі нұсқаларымен қолданады: жәйілім, беттеу және т.б. Ауруларда антиденелер анықтау үшін жәйілім агглютинация реакциясын қояды: аурудың қанының езілген сары суына өлтірілген микробтардың суйықтығын (диагностикум) қосады. +37 градуста бір неше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды. Агглютинацияның сипаттамасы және жылдамдығы антигеннің және антидененің түрімен байланысты. Мысалы О- және Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым қатынасу ерекшеліктері: О-диагностикуммен (жылытумен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ұсақ болады, Н-диагностикуммен (формалинмен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция тез өтеді.
Аурудан адамнан бөліп алған қоздырғышты анықтау үшін беттеу агглютинация реакциясын қояды. Осы реакцияда диагностикалы антиденелермен қолданады, басқаша айтқанда қоздырғыштың серотипін анықтайды. Беттеу реакциясын шыны үстінде өткізеді. Диагностикалы иммунды сары судың 1:10 немесе 1:20 көлемі артырылған бір тамшысына ауру адамнан бөлініп алынған қоздырғыштың таза дақылын қосады. Жапалақты тұнба пайда болса, келесі реакцияны диагностикалы сары судың көлемін тағын да арттырып, әр бір мөлшерге қоздырғыш бар дақылдың 2-3 тамшысын қосып сынауықтарда өткізеді. Жапалақты тұнба түскен реакцияның мөлшеріне қарап реакцияны бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |