Сабақтың жоспары және қысқа мазмұны. Сабақта келесі сұрақтар қарастырылу керек:
Преципитация реакциясы тұралы түсініктеме.
Преципитация реакциясын қою бағыттарына сәйкес реакция түрлері.
Преципитация реакциясын қою тәртібі.
Преципитация реакциясы Преципитация реакциясы – ерекшелік антиденемен молекулярлы антигеннің кешені қалыптасып тұнбаға түсу реакциясы.
Антиген-антидене кешенінің тұнбасы преципитат деп аталады. Ерітіндідегі антигенді иммундық сары судың үстіне араластырмай жіберу реакциясын сынауықтарда өткізеді. Антиген және антидене қарым-қатынасуымен осы екі ерітінділердің шек араларында преципитат жүзігі жаратылады (жүзік преципитация реакциясы). Антиген ретінде осы реакцияда мүшелердің немесе ұлпалардың сулы экстракттарын қайнатып және сүзіп қолданғанда осы реакцияны термопреципитация реакциясы (Асколи реакциясы) деп атайды.
Преципитация реакциясынагардың жартылай суйық гелінде немесе агарозада өткізетін түрлерін Оухтерлони иммунодиффузиясы, радиалды диффузия, иммуноэлектрофарез деп атайды.
Оухтерлони иммунодиффузия реакциясын қою үшін ерітілген агарлық гельді шыны үстіне жұқа қабатты құйып, қатырып, 2-3 мл ұялар ойып қояды. Сол ұяларға бөлек антигендер және иммундық сары суларды салады. Олар агарға тартылып (диффузия) кездескен жерде ақ сызықты преципитат жаратады.
Радиалды иммунодиффузия реакциясын қойғанда иммундық сары суды агарлық гельге кіргізеді. Гель ұяларына антиген ерітінділерін салады, ол гельге тартылып (диффузия) ұялардың қасында жүзікті преципитация зоналарын жаратады. Преципитация жүзігінің диаметрі антигеннің көлеміне (санына) сәйкес. Қанда иммуноглобулиндерді зерттегенде осы реакциямен қолданады.
Иммуноэлектрофарез – электрофарез және иммунопреципитация әдістерінің қосылуы: антигендер қоспасы гельде электрофарез көмегімен бөлінеді, электрофарез зонасына қатар иммундық сары су кіргізеді, оның антиденелері гельге таратылып, «кездескен» жерде преципитация сызықтарын жаратады.
Флокуляция реакциясы (Рамон бойынша) – преципитацияның бір түрі – токсин-антитоксин және анатоксин-антитоксин реакциясында жапалақ түрінде тұнба жарату.
Преципитация реакциясы немесе тұнбаға түсіру реакциясы. Ветеринариялық тәжірибеде сібір жарасы қоздырғыштарына теріні зерттегенде қолданылатын реакция. Реакцияға келесі компоненттер кіреді: преципитиноген – теріден немесе мүшеден физиологиялық ерітіндінің көмегімен суйықтық алады; преципитациялық сары су – преципитиндері бар, биофабрикаларда дайындалатын суйықтық. Антигенді (экстрактты) преципитациялық сары судың үстіне араластырмай құйғанда екі ерітіндінің шек арасында мөлдір емес зат жаратылады. Осы заттың құрамында микробтық жасұшалардың ақұыздары, ерекшелік антидене-преципитинмен жаратылған. Осы реакцияны сынауықтарда өткізеді, антиген және антидене қарым-қатынасуымен жаратылған мөлдір емес зат сары су және антиген арасындағы көгілдір түсті жүзік ретінде болып көрінеді.
Сібір жарасының преципитация реакциясының антигендері – сібір жарасының қоздырғышының ыдырау өнімдері. Зерттелген үлгіде ыдыраған өнімдер көп болса, реакция анық көрінеді.
Зерттелген үлгіден экстрактті екі әдіспен алуға болады: ыстық және суық.