Қаттыфазалық иммуноферментті сараптаудың ұстанымдары және қою техникасы Таңбаланған түрге қарсы иммуноглобулиндермен қолданып антиденелерді анықтау Осы жағдайда ИФА ұстанымы келесі: ферменттермен таңбаланған түрге қарсы антиденелер зерттеудегі антигенге сәйкес келетін антиденелермен ерекше қарым қатынасқа кіргенде жаратылған антиген-антидене кешенінің индикациясына жетуге болады.
Ферментпен коньюгатталған түрге қарсы иммуноглобулиндер - антисарысудан шығарылып алынған глобулиндік фракция. Антисарысуды алғанда жануарлар-продуценттерді энзимдермен таңбаланған бұқалардың, үй қояндардың, тышқандардың иммуноглобулиндерімен иммундеп алады.
Қатты фаза ретінде полистиролдық плашкалармен, ацетаттық мембранды сүзгіштермен, нитроцеллюлозалық сүзгіштермен қолданады.