Вирустер тек қана тірі жасұшаларда көбейеді. Сондықтан, жұқтырылған жасұшалардың дақылдарында қоздырғышты бөліп алу – вирустік инфекцияларды зерттеу әдістерінің негізгі әдісі. Патогендік вирустердің көбісі ұлпалы және түр өзгешелігімен сипатталады. Сондықтан әр бір вируске сәйкес келетін жасұшалы немесе ұлпалы дақылдарды табуға болады және культивирлеу стандарттық жағдай тұдыруға болады (бір түрлі жасұшалардың болуы). Вирустің көбеюіне сезімталды (пермиссивті) жасұшалар себеп болады. Сондықтан белгісіз қоздырғышты бөліп алғанда бір уақытта жасұшалардың 3-4 дақылын вируспен жұқтырады, бір жасұша пермиссивті болу мүмкін. Жасұшалардың дақылдарын сәйкес келетін мүшелерді және ұлпаларды диспергиядан өткізіп алады, өте жиі осы бағытта эмбрион ұлпаларымен (адамның немесе жануарлардың) және өзгерген ісік жасұшаларымен қолданады. Лайықты тегіз заттың үстіне орналастырғанда жасұшалы дақылдар моноқабат болып өседі.