Курстық жұмысты орындау әдісі.
Курстық жұмыстың құрылымына, мазмұнына және көлеміне қойылатын талап:
Курстық жұмыс структурасы төмендегідей болуға тиіс:
Беттері көрсетілген жұмыс жоспары.
Кіріспе, кіріспеде тақырыпты таңдау,зерттеу жұмысының толық құрылысы, зерттеу тәсілдері айтылады.
Негізгі бөлім. Негізгі бөлімде зерттеу жұмысының теориялық сілтемелері сипатталынады, ғылыми әдебиеттерге қысқаша шолу жасалынады, зерттелініп отырылған мәселеге критикалық анализ, автордың өз көзқарасы айтылады.
Практикалық бөлім. Практикалық бөлімде теориялық білімді практикада қолданылуға тырысу туралы айтылады.
Қортынды. Қортынды бөлімде зерттелген мәселені жинақтап қортынды жасайды, жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы көрсетіледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі. Тізім алфавит тәртібі бойынша жасалынады. Тізімде автордың фамидиясы мен инциалы, еңбектің жарыққа шығу жылы мен орны, ал егер көптомдық әдебиет болса әдебиеттің томы көрсетілуі керек. Мұнда тек студент қолданған әдебиеттер көрсетілу керек.
Қосымша. Қосымшада практикада қолданылған теориялық материалдан алынған графикалық немесе иллюстрациялар қолданылады.
Курстық жұмысты безендіруге қойылатын талаптар
Курстық жұмысты безендіру жұмыстың құрылымдық үлгісіне сәйкес пункт бойынша дайындалған материалдарды жинақтаудан басталады. Сұрақтың маңыздылығы айтылған және жалпылай анализ жасалған жерде курстық жұмыстың бөлімдерін тиянақты қарап шығып, жөндеп негізгі бөлімнің әр пунктіне қорытынды жазуы тиіс. Ары қарай теориялық және практикалық зерттеу қорытындысы барлық жұмыс түрі тезис бойынша жазылады. Содан кейін қолданылған әдебиеттердің тексерілген тізімі мен қосымша тізімі жасалады. Жұмысты жинақтап болғаннан кейін жұмыстың титульді парағы және мазмұны жасалынады.
Цитатаны қолданған кезде әдебиет көздеріне міндетті түрде сілтеме жасалынады. Қолданылған бөлік соңында цитатаның реттік номерін осы бетте көрсететін араб санымен белгіленеді. Негізгі мәтіннен кейін беттің төменгі жағы сызылып астыңғы сілтеме келтіріліп цитатаның реттік нөмірі, автордың фамилиясы жазылады. Әдебиет көзінің аты, сілтеме жасалған беттің номері. Сілтемені әдебиет тізімінің нумерациясына сәйкес жақша ішінде көрсетуге болады.
Ескерту. Жұмыста келтірілген барлық сілтемелер түрі басынан соңына дейін немесе бөлім бойынша нөмірленеді. Бұл нумерация текст соңында қайталанады және әр номер астында сәйкес сілтеме тұрады.
Әр жаңа бөлім жаңа беттен басталады.
Курстық жұмыс ана тілінде орындалады.
Ол компьютерде Times New Roman 14 шрифтісімен интервалы 1,5 бойынша орындалуы тиіс және қара түспен жеке А4 форматының бір жағына басылады.
Жазудың жолының бет шетінен аралығы:
Сол жағынан – 3-4 см., оң жағынан – 1-2 см., үстінгі жағынан – 2 см., төменгі жағынан – 2см-ден кем болмауы тиіс.
Абзац 5 әріп көлемінде жасалынады.
Тақырыптар ара-қашықтығы текстен 3 интервал.
Жұмыс көлемі – 25-30 бет.
Жұмыс қапталынып папкаға салынуы тиіс.
Беттің номері парақтың үстіңгі жағында ортада кіріспе жазылған 3-ші беттен басталады. Титульдік парақ, жұмыстың мазмұны жазылған беттер номерленбейді.
Титульдік парақ пен жұмыс мазмұны төмендегі үлгі бойынша безендіріледі:
Титульдік парақ үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Аударма теориясы мен практикасы кафедрасы
Курстық жұмыс
Пән:Аударма теориясы және практикасы
Тақырып:————————————————
Студент——————
Баға———————— (күні)
Жетекші—————— (қолы)—————
СЕМЕЙ
2013
МАЗМҰН ҮЛГІСІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
Бөлім I. Аударма теориясының пайда болуы 5
1. Аударма тарихы
2. Аударма теориясы
3. «Аударма» ұғымы
Бөлім II. Аударма өнері 16
Аударма өнерінің маңыздылығы және ұлттық мәдениетпен байланысы.
Әдебиеттегі аударма статусы
Аудармашы ерекшелігі
Аударма критикасы
Бөлім III. Тәжірибелік бөлім 25.
Көркем мәтінді аударудың адекваттылығы
Қорытынды 29
Әдебиет тізімі 30
Қосымша 31
Курстық жұмысты қорғау
Курстық жұмысты қорғау процесі құзіретті басшының қадағалауымен жүзеге асады. Ал өтпелі этаптарға уақытында бақылау жасап отырады: курстық жұмысқа жоспар жасайды, әдебиеттерді таңдау және анализ жасау, алдын-ала семинар өткізу, көпшілік алдында сөйлеуге дайындық жұмысын жасау.
Курстық жұмысын қорғау үшін студент 10 минуттық сөз дайындайды. Осы уақыт аралығында тақырыптың өзектілігі, мақсаттар мен тапсырмалар, жұмыстың мәнді кезеңдері, негізгі қорытындылар қамтылады және комиссия мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді.
Курстық жұмысты бағалаудың параметрлері:
тақырыптың өзектілігі
мәселеге сыни және шығармашылық көзқараспен қарай білу
логикаға тән болуы
бірізділік
мәселені бөліп алып, оны талдау
жұмыстың мақсаттары мен мәселелерін дұрыс жүйелеу
қойылған тапсырмаларға дұрыс әдістерді таңдау
негізгісін бөліп алу
суреттеудің қарапайымдылығы
дәлелдемелердің толық болуы
автордың сөздеріне талдау жасау
ғылыми стиль нормасына сай болу
сыртқы безендіру
4 Суденттің өздік жұмысы
4.1 Суденттің өздік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмыс дағдыларын дамыту курстың негізгі мақсаттарының бірі болу керек, себебі өздік жұмыс қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдалану негізінде студенттердің өз бетінше білім алу дағдыларын дамытады және студенттердің шеттілдік коммуникативтік компетенцияларын қалыптастыру процесін үздіксіз дамытуға көмектеседі.Өздік жұмыс жүйелі түрде бақыланып отырған жағдайда ғана нәтиже беретінін ескеру керек,сондықтан бақылау жүйесі мен критерийлерін жасау қажет.Студенттердің өздік жұмыстарының бағалары аралық және қорытынды бағалауда ескеріледі.
Өздік жұмыс дегеніміз студенттердің арнайы уақыт бөліп, білімді өз беттерінше іздеп оны сараптап ,бекітіп ,жүйелеп, қорытындылау дағдыларын қалыптастырып , дамытуға бағытталған жұмыс түрі.
Студенттердің өздік жұмысы барысында төмендегідей дағдылар қалыпиасады:
-өзінің біліктілігін қалыптастыруға өз бетінше шығармашылықпен қарау дағдылары;
-оқу, арнайы және басқа әдебиеттермен, бірнеше әдебиет көздерін өз беттерінше қолдана алу дағдылары:
-өз ойын нақты және қысқа жәткізе алу, өз ұстанымын білдіріп, өз үстанымында тұра алу дағдылары:
СӨЖ берілген ғылымның материалдарын терең және саналы меңгеруге,ойлана білуге талпындырады,студенттердің әдебиетпен жұмыс істеп терең ізденуіне және әртүрлі көзқарастарды салыстыра отырып,өз көзқарасын қалыптастыруға бағыттайды.
СӨЖ ге бөлінген пән материалдары арнайы тапсырмалар арқылы бірден тексеріледі немесе модуль бойынша бақылау тапсырмаларына енгізіледі.
СӨЖ ді ауызша және жазбаша бақылауға болады.
Бақылау түрлері алған білімнің нәтижесін білуге бағытталған.Ауызша бақылау түрлеріне:коллоквиумдар, ғылыми хабарламалар, жеке әңгімелесулер жатады.
Жазбаша бақылау түрлеріне:әдебиеттерге шолужасау, талдау,қосымша практикалық жаттығуларды орындау жатады.Бақылаудың жазбаша түрі СӨЖ нәтижесіне жеке көзқарас пен жекелей жауапкершілікті қамтамасыз етеді. СӨЖ ді бақылау нәтижесі пән бойынша жалпы рейтингке кіреді.
« Аударма теориясы» пәні студенттерге аударма процессінің заңдылықтарын меңгеруге көмектеседі. Пәнді толық меңгеру үшін дәріс , семинар сабақтарына қатысып, көрсетілген әдебиеттерді мұқият оқу керек. Дәріс, семинар сабақтарынан басқа ОСӨЖ, СӨЖ сабақтары болады. СӨЖ сабақтары тезис,реферат, конспект түрінде өтеді.
Тезис ғылыми жұмыстардың негізінде жазылады, айтатын ой өте қысқа нақты дәлелді түрде жазылады және бет көлемі 0,06 б.т. яғни 1 бет болуы керек.
Конспект –оқулықта жазылғандарды қысқаша өзіңе түсінікті етіп жазу.
Рефератта ғылыми баяндамада кіріспе бөлімнен, негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде жұмыстың өзектіліг нысаны зерттеудегі мақмат пен міндеті теориялық және практикалық мәні, қолданылған әдіс –тәсілдер мен тұжырымдар беріледі. Тарауларда негізгі ой түйінделеді.
Қорытындыда ешкімнің пікірі берілмейді, тарауларда түйінделген ой мен тұжырымдар беріледі.
Әдебиеттер тізімі қолданылуы бойынша нөмрленіп көрсетіледі.
Бет көлемі –компьютерде А4 қағазында 14 кегель, 1,5 интервал мен кем дегенде 15 беп қол жазбамен 20 бет.
4.2 Реферат тақырыптары және бақылау жұмыстарының тапсырмалары
Реферат тақырыптары
1.Аударманың адамзат тарихындағы маңызы.
2.Көне дәуіріндегі аударма
3.Орта ғасыр дәуіріндегі аударма
4.XIV-XIXғғ.Еуропадағы аударма
5.XVIIIғ. Ресейдегі аударма
6.XXғ Аударма
7.Қазіргі таңдағы аударма
8.Аудармалық эквиваленттілік прблемалары
9.Аударма процесінің теориялық мәселелері
10.Аударма процесінің этаптары
11.Сәйкестілік және трансформация теориялары
12.Аударманың лексикалық-семантикалық проблемалары
13.Аударманың грамматикалық мәселелері
14.Аударманың текстің типіне қарай ерекшелігі
15.Аудармалық стратегия
16.Аударма түрлері
1-семестр
Межелік бақылау жұмысы №1
1. Аударма, аудармалық әрекет деген не?
2. Көне дәуірде ауызша аудармашыларды қалай атады, олар қандай қызмет атқарды?
3. Жазбаша аударма қандай маңызды қызмет атқарады?
4. Аудармашының алғашқы теоретиктері кімдер болды?
5. Аударма мен түпнұсқаның жақындық деңгейі, жақсы, жаман жақтары. Аударманың қандай типінде сөзбе-сөз аудару керек және қай түрінде мазмұнын ғана түсіну маңызды?
6. Сіздердің ойларыңызша «жақсы аударма» немесе «жақсы аудармашыға» қандай талаптар қойылуы тиіс?
7. Аудармашыға қойылатын талаптар мен ережелер ұсынған белгілі адамдарды атаңыз.
8. Аудармашылар аударманың лингвистикалық аспектілері туралы қандай ойда болды?
9. Аудармашының негізгі міндеті не?
10. Жоғары білікті аудармашыларды дайындау үшін не істеу қажет?
1 1. Профессиональдық этика тұрғысынан алғанда ауызша аудармашыға қандай талаптар қойылады?
1 2. Аудармалық эквивалент деген не?
13. Эквиваленттіліктің деңгейлері қалай анықталады?
14. Бастапқы мәтінді «прагматикалық өңдеу» ұғымын түсіндір?
15. Аударма процесі деген не?
16. Аударма процесінің кезендерін түсіндір?
17. Аударма моделі деген не?
18. Аударма модельдерінің түрлерін атап әрқайсысына сипаттама бер.
19. Аудармалық трансформация деген не? Түрлерін атаңыз.
20. Экспликация мен аудармалық компенсация тәсілдерінің мәні, олардың аудармадағы маңызын атаңыз.
Межелік бақылау №2
Бірлік және көптік сәйкестіліктер деген не?
Контекст деген не және оның аудармада маңызы қандай?
Окказионалды сәйкестік деген не?
Эквивалентсіз бірліктерді аударудың негізгі әдіс-тәсілдері қандай?
Халықаралық сөздер деген не?
Аудармашының «жалған достары» деген не?
Қандай сөздер неологизмдер деп аталады?
Жалқы есімдерді аудару тәсілдері қандай?
Фразеологиялық бірліктерді аударуда қандай тәсілдер қолданылады?
10.Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер деген не?
11Аудармашы қандай ерекше дағдылар мен қабілеттерді меңгеруі керек?
12Аудармашыға ана тілін жетік білудің қажеті неде?
13Аудармашының тілдік тұлға ұғымы деген не?
14Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациядағы дәнекер ретіндегі ерекшеліктерін атаңыз.
15Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының маңызы қандай?
16Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына әсер ететін факторларды атаңыз.
17Ағылшынның көрнекті аударма-танушылары мен олардың аударма теориясы жайлы еңбектерін атаңыз.
18Франция мен Канададағы белгілі аударматанушылар кімдер? Олардың еңбектерін атаңыз.
19АҚШ-тың аударматанушылары кімдер?
20.Аударматану Қазақстанда қалай дамыды?
Тест тапсырмалары:
1.Аударма тілінің нормасын бұзбай, берілген типтегі текстің жанрлық-стилистикалық талаптарын сақтай отырып және аударманың конвенционалды нормасына сәйкес келетін аударманың прагматикалық міндеттерін мүмкіндігінше жоғары эквиваленттілік деңгейінде жасауды қамтамасыз ететін аударма.
А. Барабар (адекватный) аударма
В. Антонимдік аударма
С. Сөзбе-сөз (буквальный) аударма
Д. Нөльдік аударма
Е. Ақпараттық аударма
2.Аударма процесі кезінде түпнұсқадағы хабарды толыққанды түсінуге білімдері аз немесе жеткіліксіз. Қабылдаушыларға аударма мәтіні түсінікті болу үшін түпнұсқа мазмұны мен структурасын жеңілдетіп аударудың түрі.
А. Нөльдік аударма
В. Сөзбе-сөз (буквальный) аударма
С. Өнделген аударма
Д. Барабар (адекватный) аударма
Е. Антонимдік аударма
3.Аудармада түпнұсқаның болымды формасы аударма тілінің болымсыз формасымен немесе керісінше болымсыз мағынаның болымды мағынамен ауыстырылуы бастапқы тілдің лексикалық бірліктерін аударма тілінің қарама-қарсы мағыналы формаларымен ауыстыратын лексикалық ,грамматикалық трансформация.
А. Антонимдік аударма
В. Өнделген аударма
С. Сөзбе-сөз (буквальный) аударма
Д. Нөльдік аударма
Е. Барабар (адекватный) аударма
4. Түпнұсқаның коммуникативті формальды элементтерін беретін, соның нәтижесінде аударма тілінің нормасы бұзылатын немесе түпнұсқаның негізгі мазмұны бұрмаланып, берілмей қалатын аударма.
А. Өнделген аударма
В. Антонимдік аударма
С. Нөльдік аударма
Д. Сөзбе-сөз (буквальный) аударма
Е. Барабар (адекватный) аударма
5. Тар мағынадағы түпнұсқа тіл бірліктерін аударма тілінің кең мағыналы бірліктерімен ауыстыратын лексикалық-семантикалық ауыстыру.
А. Транскрипция
В. Жалпылау (генерализация)
С. Грамматикалық ауыстыру
Д. Калькалау
Е. Компенсация
6. Түпнұсқаның лексикалық бірліктерін дыбыстық формаларын аударма тілінің әріптерінің көмегімен аудару тәсілі.
А. Транскрипция
В. Грамматикалық ауыстыру
С. Жалпылау (генерализация)
Д. Калькалау
Е. Компенсация
7. Түпнұсқадағы грамматикалық бірліктің аударма тілінде басқа грамматикалық мағынамен ауыстырылатын грамматикалық трансформация.
А. Жалпылау (генерализация)
В. Грамматикалық ауыстыру
С. Транскрипция
Д. Компенсация
Е. Калькалау
8. Түпнұсқаның лексикалық бірліктерінің құрамдас бөліктерін-морфемасын немесе сөзді(тұрақты сөз тіркестері жағдайында) аударма тілінің сәйкестіктерімен ауыстыру арқылы аудару тәсілі.
А. Грамматикалық ауыстыру
В. Жалпылау (генерализация)
С. Калькалау
Д. Транскрипция
Е. Компенсация
9. Аударма барысында түпнұсқадағы бастапқы тіл бірліктерінің кейбір мағыналы элементтерінің жойылуы немесе түсіп қалуын аударма тілінде қандай да бір басқа тәсілдермен орнына келтіретін аударма тәсілі.
А. Калькалау
В. Грамматикалық ауыстыру
С. Транскрипция
Д. Компенсация
Е. Жалпылау (генерализация)
10. Түпнұсқа сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта жасап аудару тәсілі.
А. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение
В. Сөзді қалдырып кету
С. Синтактикалық ұқсасу
Д. Лексикалық бірліктерді қосу
Е. Сөйлемдерді біріктіру
11. Түпнұсқада да, аудармада да өзінің орналасу тәртібін, толық мағыналы сөздерін сақтай отырып, түпнұсқаның синтактикалық структурасын аударма тілінің ұқсас структурасымен ауыстырып аудару тәсілі.
А. Сөйлемдерді біріктіру
В. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение
С. Синтактикалық ұқсасу
Д. Лексикалық бірліктерді қосу
Е. Сөзді қалдырып кету
12. Түпнұсқаның синтактикалық аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру жолымен қайта өзгертіп аудару тәсілі.
А. Синтактикалық ұқсасу
В. Сөйлемдерді біріктіру
С. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение
Д. Сөзді қалдырып кету
Е. Лексикалық бірліктерді қосу
13. Түпнұсқа мағынасының имплициттік элементтерін (айтылмай қалған) беру үшін аудармада қосымша лексикалық бірліктерді қолдану тәсілі.
А. Синтактикалық ұқсасу
В. Сөйлемдерді біріктіру
С. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение
Д. Лексикалық бірліктерді қосу
Е. Сөзді қалдырып кету
14. Аудармада кейбір артық сөздерден бас тартып қолданбау тәсілі.
А. Сөйлемдерді біріктіру
В. Лексикалық бірліктерді қосу
С. Сөзді қалдырып кету
Д. Сөйлемді бөліп аудару(Членение предложение
Е. Синтактикалық ұқсасу
15. Төиендегі аталған аудармалардың қайсысы ауызша аудармаға жатпайды?
А. Синхронды аударма
В. Ілеспе(последовательный) аударма
С.Біржақты аударма
Д. Екіжақты аударма
Е. Аутентикалық аударма
16. Төиендегі аталған аудармалардың қайсысы жанрлық-стилистикалық топқа жатады?
А. Тұрмыстық аударма
В. Дәлме-дәл (дұрыс) аударма
С. Еркін аударма
Д. Толық мәтіндік аударма
Е. Авторландырылған аударма
17. Абзацты-фразалық аударма қандай аударма?
А. Жеке морфемаларды олардың структуралық байланысын есепке алмай жасалынатын аударма.
В. Жеке сөйлемдер немесе абзацты ілесе отырып жасалынатын аударма
С. Жеке сөйлемдер мен фразаларды ілесе отырып жасалынатын аударма
Д. Жеке формаларды олардың структуралық байланысын есепке ала отырып жасалынатын аударма
Е. Жеке сөздер олардың мағыналық, синтактикалық және стилистикалық байланыстарын есепке алмай жасалынатын аударма
18. Төиендегі аталған аудармалардың қайсысы түпнұсқаның мағыналық мазмұнын толық беру тұрғысынан алғандағы аударманы білдіреді?
А. Авторландырылған аударма
В. Қысқартылған аударма
С. Фрагменттік аударма
Д. Аспектілі аударма
Е. Рефераттық аударма
19. Аударманың психолингвистикалық классификациясын көрсетіңіз.
А. Аудармашының аударылатын мәтінің авторына қатынасына қарай бөлінуі
В. Сөйлеу әрекетінің (ауызша, жазбаша) түріне қарай түпнұсқаны қабылдап аударма мәтінін жасау барысында аудармалардың бірнеше түрге бөлінуі
С. Аударылатын материалдың жанрлық-стилистикалық ерекшеліктеріне қарай бөлінуі
Д. Аударылатын материалды аудармалық қайта өңдеу типіне қарай бөлінуі
Е. Аударылатын материалдың толықтығына қарай бөлінуі
20. Бір тілдік жүйенің сөйлеу құралдарыныа басқа тілдік жүйенің сөйлуе құралдарына белгілі бір берілген ережелер бойынша өту арқылы жасалынатын нақты аудармадан айырмашылығы тілден тыс әрекетке негізделген аударма түрі
А. Интерпретация
В. Барабар (адекватный) аударма
С. Еркін аударма
Д. Аутентикалық аударма
Е. Дәлме-дәл (дұрыс) аударма
21.Сөздің мағынасын ажырата анықтай (дифференцировать) білу тәсілінің мәні неде?
А.Сөздің сөздіктегі мағынасынан бас тарту (қолданбау)
В.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің кең мағыналы сөздерімен ауыстыру
С.Түпнұсқадағы сөзге аударма тілінің қарама-қарсылықты мағыналы сөздерін қолдану
D.Аударылатын сөзге жақын мағыналы сөзден бас тарту
Е.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің сөзімен түсіндіру
22.Сөзді нақтылау тәсілінің мәні неде?
А.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің сөзімен түсіндіру
В.Әртүрлі мағыналы сөздерді қолдану
С.Түпнұсқадағы сөзге аударма тілінің қарама-қарсылықты мағыналы сөздерін қолдану
D.Аударылатын сөзге жақын мағыналы
Е.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің кең мағыналы сөздерімен ауыстыру
23.Сөздердің мағынасын жалпылау тәсілінің мәні неде?
А.Аударылатын сөзге жақын мағыналы сөзден бас тарту
В.Түпнұсқадағы сөзге аударма тілінің қарама-қарсылықты мағыналы сөздерін қолдану
С.Түпнұсқа сөзінің мағынасын аударма тілінің кең мағыналы сөздермен ауыстыру
D.Түпнұсқа сөзін аударма тілінің сөзімен түсіндіру
Е.Әртүрлі мағыналы сөздерді қолдану
24.Бастапқы тілдің аударма тілінде бір типті сәйкестігі жоқ грамматикалық формалар мен структуралар қалай аталады?
А.Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер
В.Грамматикалық трансформация
С.Грамматикалық ұқсасу
D.Грамматикалық мағыналар
Е.Грамматикалық сәйкестік
2 5.Түпнұсқа тілінің контекстке тәуелді емес берілген бірлігін аударудың ең тұрақты тәсілі.
А.Варианттық сәйкестік
В.Грамматикалық сәйкестік
С.Бірлік (единичное) сәйкестік
D.Лексикалық сәйкестік
Е.Структуралық сәйкестік
26.Контекстің шартына байланысты анықталатын бастапқы тілдің берілген бірлігінің аударма тіліндегі бірнеше варианттарының ішінен мағынасы жағынан ұқсас бірлігін таңдау арқылы жасалынатын, жиі қолданылатын аударма тәсілі
А.Бірлік (единичное) сәйкестік
В.Грамматикалық сәйкестік
С.Лексикалық сәйкестік
D.Структуралық сәйкестік
Е.Көптік (варианттық) сәйкестік
27.Бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни, олардың мағынасын аударма тілінде суреттеу, сипаттау арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық-грамматикалық трансформация
А.суреттемелік аударма (экспликация)
В.компенсация
С.модуляция
D.жалпылау
Е.нақтылау
28.Аударма кезінде берілмей қалған, бұрмаланған немесе аудармада тең дәрежеде берілмеген түпнұсқа мазмұнының элементі
А.Сәйкессіздік бірлігі
В.Аударма бірлігі
С.Аудармалық процесс бірлігі
D.Эквиваленттілік бірлігі
Е.Бірлік сәйкестік
29.Бір сөз тіркесі немесе сөйлем деңгейіндегі лингвистикалық контекст
А.Ситуациялық контекст
В.Синтактикалық контекст
С.Тар шеңбердегі (микроконтекст) контекст
D.Кең көлемдегі (макроконтекст) контекст
Е.Грамматикалық контекст
30.Түпнұсқа тілінің аударылатын бірлігіне жақын сәйкестікті аударма мәтініде сөйлемнің басқа жеріндегі сөздерден табу тәсілі.
А.Сөйлемдерді біріктіру
В.Лексикалық бірліктерді қосу
С.Сөзді қалдырып кету
D.Синтактикалық ұқсасу
Е.Лексикалық бірліктердің орнын ауыстыру
31.Түпнұсқаның лексикалық аудармада аударма тілінің, түрнұсқа бірліктерімен мағыналық жағынан сәйкес келмейтін, бірақ сол бірліктерден белгілі бір логикалық қайта жасаудың көмегімен жасалынған сәйкес келген аударма тілінің бірлігін қолдану арқылы аудару тәсілі
А.Грамматикалық ауыстыру
В.Лексикалық ауыстыру
С.Лексикалық-семантикалық ауыстыру
D.Лексикалық-грамматикалық ауыстыру
Е.Семантикалық ауыстыру
32.Түпнұсқа тілінің сөздері мен сөз тіркестерін аударма тіліндегі себеп-салдарға байланысты мағыналары логикалық жағынан сәйкес келетін бірліктермен ауыстырылатын лексикалық-семантикалық ауыстыру
А.Компенсация
В.Жалпылау
С.Нақтылау
DКалькалау
Е.Модуляция
33.Берілген контекстке қана жарайтын, тұрақты емес, аударманың түпнұсқа бірліктерін аударудың ерекше тәсілі.
А.Окказианальді сәйкестік
В.Вариантты сәйкестік
С.Бірлік сәйкестік
D.Структуралық сәйкестік
Е.Грамматикалық сәйкестік
34.Аударма процесі кезінде құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен, басыңқы сөйлемді бағыныңқы сөйлеммен, сабақтас құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлеммен немесе керісінше ауыстырып аудару тәсілі.
А.Сөйлем мүшелерін ауыстыру тәсілі
В.Сөйлемді біріктіру тәсілі
С.Сөйлем типін ауыстыру тәсілі
D.Сөйлемдерді бөлу тәсілі
Е.Сөйлемдерді қосу тәсілі
35.Аудармада лексикалық трансформациялар аударма тәсілі ретінде қандай жағдайда қолданылады?
А.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде эквиваленті немесе сәйкестігі мүлдем болмаған жағдайда
В.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде эквиваленті немесе сәйкестігі жартылай болған жағдайда
С.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде мағынасын бейнелі мағынада беру мақсатында
D.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде сәйкестігі болған жағдайда
Е.Түпнұсқа тілі сөзінің аударма тілінде екі баламасы болған жағдайда
36.Аударма кезінде айтылатын ойдың мағынасын толықтай түсініп алып сол мағынаны аударма тілінде түпнұсқа сөзінен мүлдем басқа аударма тілінің сөздерімен беру тәсілі.
А.Тұтастай өзгерту (целостное преобразование)
В.Мағыналық даму
С.Нақтылау
Д.Жалпылау
Е.Антонимдік аударма
37.Псевдоинтернационал («аудармашының жалған достары») лексика деген не?
А.Сыртқы формалары бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер
В.Мағыналары бірдей сөздер
С.Сыртқы формалары әртүрлі, мағыналары бірдей
Д.Сыртқы формалары да, мағыналары да бірдей
Е.Аударма тілінде сәйкестігі жоқ сөздер
38.Белгілі бір халықтың ұлттық болмысын өмірін, әдет-ғұрпын, тарихын, материалдық және рухани мәдениетін білдіретін ұғымдар
А.Реалии
В.Метонимия
С.Эквивалент
Д.Конверсия
Е.Компенсация
39.Эквивалентсіз лексика деген не?
А.Аударма тілінде жартылай сәйкестігі бар сөздер
В.Аударма тілінде тұрақты сәйкестігі жоқ түпнұсқа тілінің лексикалық бірлігі
С.Бір ғана сәйкестігі бар сөздер
Д.Бір ғана грамматикалық сәйкестігі бар бірліктер
Е.Бір типті сәйкестігі бар сөздер
40.Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер деген не?
А.Структурасы сәйкес келмейтін грамматикалық бірлік
В.Бір ғана грамматикалық сәйкестігі бар бірліктер
С.Аударма тілінде бір типті сәйкестігі жоқ түпнұсқа тілінің грамматикалық формалары мен структуралары
Д.Жартылай сәйкес келетін грамматикалық бірліктер
Е.Бір ғана сәйкестілігі бар лексикалық бірлік
Достарыңызбен бөлісу: |