Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті |
3 деңгейлі СМЖ құжаты
| ПОӘК |
ПОӘК- 042-18-17.1.7/03-2013 |
ПОӘК Аударма теориясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар | Басылым №1 |
«Аударма теориясы» пәні бойынша
5В020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған
Оқу-әдістемелік кешен
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
Мазмұны
1.Глоссарий
2 Дәрістер
3 Семинар сабақтары
4 Курс және диплом жұмысы
5 Студенттің өздік жұмысы
ГЛОССАРИЙ
Лексикалық контекст – төңірегінде мәтіннің сол бірлігі қолданылатын лексикалық бірліктердің жиынтығы.
2.Аударма лингвистикасы немесе лингвистикалық аударматану – тіл білімінің аударманы лингвистикалық құбылыс ретінде зерттейтін саласы
3.Лингвистикалық контекст – мәтіндегі тіл бірлігі қолданылатын тілдік орта.
4. Аударма моделі – бүкіл тупнұсқаны немесе кейбір бөліктерін аудару үрдісін орындайтын бірқатар ойлау операцияларын шартты сипаттау.
5.Аударма эквиваленттілігінің нормасы – аударманың тупнұсқаға бар мүмкіндігінше мағыналық жақындасуына талап.
6.Аударма кезінде сөйлемдерді біріктіру – аударма амалы, онда екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге айналдыру жолымен тупнұсқадағы синтаксистік құрылым түрленеді.
7.Аударма – тілдік делдалдықтың түрі, онда тупнұсқаның өзге тілдік мәтінінің мазмұны басқа тілде сол тілде коммуникативті тең бағалы мәтін жасау жолымен жеткізіледі.
8.Аудармашылық (тіларалық) трансформация – түрлену, оның көмегімен тупнұсқа бірліктерінен аударма бірліктеріне көшіруді жүзегі асыру болады.
9.Аударма тілі (ПЯ) – аударма жасалатын тіл
10.Сөздік аударма тәсілі – аударманың ұтымды вариантын іздеу үрдісінде аралық кезең ретінде араларындағы синтаксистік байланыстарды сақтай отырып , тупнұсқаның лексикалық бірліктерінің орнына ең жақын сәйкестіктерді қою.
11.Еркін аударма – эквиваленттілігі аударманың сол жағдайында қол жеткізуге болатын деңгейінден төмен орындалған аударма.
12.Қысқарған аударма – аударма, онда тупнұсқаның кейбір бөліктері моралдық, саяси немесе пракиткалық сипаттағы өзге тұжырымдармен тастап кетіледі.
13.Аударманың арнайы теориясы – аударманың лингвистикалық теориясының түрлі типті мәтіндерді аудару үрдісінің ерекшеліктері мен осы үрдіске сөз формалары мен оны жүзеге асыру шарттарының ықпалын зерттейтін саласы.
14.Дәл аударма – аударма, онда ПЯ-ның жанрлық-стилистикалық нормасы мен қолданылуының қолданыс ережелерінен ықтималды ауышқуы кезінде тупнұсқа мазмұнының заттық-қисындық бөлігі ғана эквивалентті жаңғырады.
15.Трансформациялық аударма – аударма трансформацияларының бірін қолданып аудару.
16.Көркем аударма – көркем әдебиет шығармаларының, негізгі функциясы оқырманға көркем-эстетикалық ықпал ететін мәтіндердің аудармасы.
2 Дәріс
1-семестр
1-Дәріс
Тақырыбы: Аудармашылық қызметтің адамзат тарихындағы орны.
Мазмұны: 1.Аудармашылық іс-әрекеттің тарихи эволюциясы.
2. Аударманың пайда болу және даму ерекшеліктері.
Аударма жан-жақты, көп қырлы құбылыс. Көркем шығармаларды аудару, жарнамаларды аудару, шетел фильмдерін аудару-бұлардың барлығы аудармалардың түрлері. Халықаралық конференцияда синхронистің жұмысы-аударма. Шетелден келген қонақтарға таможняда немесе базарда көмектесу де аударма. Бір тілден екінші тілге өлеңдер, көркем проза, публицистика, әртүрлі ғылыми-техникалық материалдар, дипломатиялық құжаттар, іскерлік қағаздар, саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері мен мақалалары, шешендердің сөздері, газеттегі мәліметтер, сұхбаттар т.б. аударылады. Аударманы жүзеге асыратын аудармашыға оригиналдың мағынасы мен формасын ең жоғары деңгейде бере алуы үшін екі тілді жетік білу аздық етеді. Жақсы аудармашы болу үшін аударманың тарихын, қыр-сырын, тәсілін, заңдылықтарын игеруі қажет.
Аудармашы мамандығының көп ғасырлық тарихы бар. Аударма мен аудармашы мамандығының шығу тарихы өте ертеден басталады. Аударма ешбір күдіксіз адам іс-әрекетінің ең көне түрі. Қасиетті кітаптардың айтуы бойынша Вавилон башнясы туралы аңызда ең әуелі жер бетінде тек бір ғана тіл болғаны айтылады. Бірақ Алла бірінің тілін бірі ұқпасын деп тілдерді әтүрлі жасаған кезден бастап, яғни адамзат тарихында тілдері бір-бірінен өзгеше топтар пайда болысымен, «әртүрлі тілді» топтар арасында қарым-қатынас жасауға көмектесетін аудармашылар пайда бола бастаған. Соғыстарда, келіссөзер жүргізгенде аудармашылар болған. Жазудың пайда болуына байланысты мұндай ауызша аудармашыларға-«тілмаштарға»-жазбаша аудармашылар, яғни ресми, діни және іскерлік тұрғыдағы әртүрлі мәтіндерді аударатын аудармашылар қосылды. Қасиетті кітаптардың өздері әртүрлі тілдік варианттарымен көне ескерткіштердің, яғни аударма өнерінің биік шедеврі болып табылады.
Ең басынан бастап аударма адамдардың тіларалық қарым-қатынасын мүмкін қылатын ең маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдени жетістіктеріне кең жол ашты, әдебиет пен мәдениеттің өзара дамуына, әрекет етуіне мүмкіндік жасады.
Бір тілдің өзін толық білу әркімнің қолынан келе бермейді. Ешбір адам кітаптарды барлық тілде оқи алмайды. Тек қана аудармалар ғана барлық адамзатқа Гомер мен Шекспирдің, Омер Хайямның, Данте мен Геттенің, Толстой мен Достоевскидің басқа жазушылар, ақындар, философтар мен ғалымдардың ғажап шығармаларын жеткізе алады.
Ең алғашқы аударма міндетінің теориялық тұжырымдамасы Цицеронның (б.э.д.т.ғ.) еңбектерінде болған кезігуі деп айтуға болады.
Ал, орта ғасырда европада барлық білімді адамдар латын тілін қолданды да аудармашы қажет бола қоймады. Одан кейін көпке дейін европалық дипломатика аудармашыларды қажет етпеді, себебі халықаралық қатынаста француз тілі болды.
Сонымен орта ғасырда аудармамен көп айналысқан жоқ. Орта ғасырлық аудармашылардың ішінде 9-шы ғасырдағы дарынды ағылшын жазушысы және аудармашысы Элфрикті атап өтуге болады. Ол аудармаға қойылатын негізгі талап-оның анықтығы,түсінуге жеңілділігі-деп санады. Англияда Жаңа кезеңнің басында талантты аудармашылар: Виклер, Еогер, Гауэр болды.
Аударма ісіне қайта өрлеу дәуірінің қайраткерлері үлкен үлес қосты. Қайта өрлеу дәуірінде аударма мәселесі ерекше маңызды болды. Бұл кезеңде аударманың қиындығы көптеген аударылған аудармалардың толық еместігін нақты түсінсе де, сонымен бірге сөзбе-сөз аударуды жақтаушылардың әдеби.... сақтап аударушылардың арасында күрес болды. Қайта өрлеу дәуірінің аяғында, аударма мүмкіндігіне скептикалық көзқарас пайда болды.
16-шы ғасырда Англияда королева Елизаветаның басқаруы кезеңіндегі әдеби шығармаға қызығушылық арытады. Аудару өнері ерекше мәнге ие болды. Кейінірек 19-шы ғасырда неміс ғалымы Шлейермахер «Аударманың әртүрлі әдістері жайында» (1813) мақаласында аудармашылық тпнұсқаның мазмұны мен формасының үйлесуін қатаң сақталуын талап етті. Ол өзінің айналасына неміс романтиктері: Новалис, Тихо, Моммзен, Шлегель т.б. болды. Тихо Моммзен өзінің «Аударма өнері» еңбегінде аударманың 3 түрін анықтайды:
1. Оригинал аудармасының мазмұнын дәлме-дәл беретін бірақ оригинал формасынан алшақтайтын шығарма («Валенштейн», Имадат т.б.)
2. Оригиналдың тек формасын сақтап шығарманы ана тілінде өз бетінше өңдеу.
3.Оригиналдың мазмұнында формасын да сақтап аударған шығар-малар. Ондай шығармалар деп ал Шлегелдің Шекспирдің аударуын санайды. Россияда аудармашылық іс-әрекет Еиев дәуірінде қанат жайды. Кейінгі зерттеулер Көне орыс аудармашылары көркемдік-тілдік деңгейі жоғары болғанын көрсетеді. Кейінірек, орыс әдебиетінің дамуымен аудармашылық іске белгілі орыс ақындары мен әдебиетшілері: Ломоносов, Сумароков, Тредвяковский, Жуковский үлкен көңіл бөлді. Пушкин Жуковскийді «Аударма.....» деп атады. Орыс теоретиктері мен практиктерінің көпшілігі кез-келген шығарманы орыс тіліне аударудың толық мүмкін екендігін мойындады. Бұл көзқарастарын олар басты міндеттері сөзбе-сөз аудару мен күресе отырып аудармаға терең шығармашылықпен қараумен үйлестірді.
Аударманың шығармашылық мәні туралы Белинский де өз ойын айтқан. А.С.Пушкин, аудармашы, тіпті аударма теоретигі болған. Өз өмірінің әр түрлі кезеңінде Пушкин 17-18 ғасырындағы француз ақындарының эпиграммаларын, Вальтер мен Парнидің өлеңдерін т.б. аударды. Пушкин үлкен аударма шебері болды және ол аудармаға шығармашылықпен қарау принципін сақтады.
Аудармаға В.И.Ленин өте жоғары талаппен қарады. Аудармашы ретінде ол аудармашылық жұмыстың қиыншылықтарын тамаша меңгере білді.Ленин ағылшын, француз, неміс тілдеріндегі еңбектерді аударды. Белгілі кеңес аударма танушысы А.В.Федоров өзінің аударма туралы кітабында Лениннің аудармаларына тән нәрсе: орыс тілінде берілген ойдың дәлдігі, толыққандығы, табиғилығы, түсініктілігі және аударма вариантын таңдаудағы батылдығын атап көрсетеді.
Халықаралық коммуникациялық мәселелері әртүрлі кезеңде әртүрлі шешіліп отырды 20 ғаырда және қазір халықаралық қатынас тілі –ағылшын тілі. Қазіргі таңдағы аудармашы халықаралық мәдениет қарым-қатынасын жасаушы – делдал. Аудармашы нені білу керек? Қандай білім мен дағдыларды меңгеру қажет? Аудармашының жұмысында тек қана лексикалық, грамматикалық қиындықтар кезіге ме? Өз тілін жетік білу, шет тілін тамаша меңгеру ғана талап етіле ме? Басқа мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау проблемаларын табысты шешу үшін аудармашыға шет тілін білу аздық етеді. Аудармашы өзі аударма жасайтын елдің реалистік білуі тиіс. «Коммунальды шаруашылықтың объетілері» деген фразаны ағылшын тіліне аудару үшін, біздің реалистің шет тіліндегі аналогін білу керек. Сөздіктер мұндай аналогтарды бермейді. Сөзбе-сөз аударма мағынасыз, түсініксіз болды. Сондықтан тек қана кәсіптік аудармалық дайындық адекватты эквивалентті табуға көмектеседі. Тікелей аналогі жоқ болса, суреттеу аудармасы көмектеседі. Аударманың теориясы мен практикасын білу кез-келген ситуацияда көмектеседі.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1 Аударма деген не?
2 Аударма мен аударма қызметінің шығу тарихы қай кезден басталады?
3 Аударма қандай маңызды әлеуметтік қызмет атқарады?
4 Халықаралық коммуникациялық мәселелер әртүрлі кезеңде қалай шешіліп отырды?
5 Қазіргі таңдағы аудармашы қызметінің маңызы қандай?
Негізгі әдебиет: 1 (6-12беттер)
5 (3-6беттер)
6 (10-18беттер)
Қосымша әдебиет:2 (3-10беттер)
3 (3-8беттер)
4 (6-15беттер)