Казақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет6/10
Дата12.03.2018
өлшемі1,78 Mb.
#38896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1 Аудармалық сәйкестік деген не?

2 Бірліксәйкестік деген не ?

3 Көптіксәйкестік деген не ?

4 Тар шеңбердегі контекст деген не?

5 Кең шеңбердегі контекст деген не?

6Контекстің аударма барысында мәтіндегі сөзді анықтап оның сәйкестігін таңдаудағы маңызы қандай ?

7 Окказионалды сәйкестік деген не?


Негізгі әдебиет: 1 (135-158-беттер)

5(7-38-беттер)



Қосымша әдебиет: 1 (67-77-беттер)


Дәріс 17
Тақырыбы: Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының компонентері мен олардың аудармада берілуі.

Мазмұны: 1. Мағыналық денотаттық, коонотаттық және ішкі лингвистикалық компоненттерін аудару мәселелері;

2. эмоционалды лексика мен стилистикалық бояу бар сөздерді аудару;

3. метафора, метонимия, сөз құбылысы және тағы да басқа сөзді қолданудың образды стилистикалық тәсілдерін аудару.

Қазіргі заманғы лингивистика тілдік бірліктің мағынасын, ол бірліктің өзінен тыс затқа қатынасы ретінде анықтайды. Тілдік бірлік денотатпен, яғни сол бірлікті білдіретін зат немесе құбылыспен байланысты болады. Тілдік бірлік сигнификатпен, яғни денотаттың біздің санамыздағы бейнесімен байланысты болады. Сигнификат денотаттың жай ғана бейнесі емес. Сигнификат сонымен бірге денотатпен байланысты әртүрлі жанама ұғымдарды да білдіреді. Тілдік бірліктің мұндай жанама мағыналары коннотация деп аталады: түлкі – қулық, қоян – қорқақтық.

Тілдік бірліктің мағынасы өзінен тыс затқа қатынасына байланысты денотаттық, конотаттық және ішкі лингвистикалық мағына болып бөлінеді. Денотаттық мағына заттың немесе құбылыстың тек объективті бейнесін білдіреді.

Коннотаттық мағына әртүрлі болады:

А)белгілі бір этникалық қоғамға тән денотатпен байланысты тұрақты мағыналар: вол – безропотное трудолюбие, мотылек – непостоянство т.б.

ә) денотатпен байланысты символикалық мағына: снег – высшая степень белизны.

Б) денотаттың белгілі бір тілдік мәдени ортағына байланысты мағыналар: канцлер – Германия, Австрия, выски – Англия, Шотландия,; балайка – Россия т.б.

В) белгілі бір тарихи дәуірлерге байланысты мағыналар: городовой – Царская Россия; стахановец – СССРбірінші 5 жылдықтар кезеңінде т.б.

Мұндай коннотациялар әр тілде әртүрлі, өз ерекшеліктері болады.

Мәселен орыс тіліндегі вол - өгіз, еңбекті сүюді білдірсе, неміс тілінде ол ақымақ ұғымын білдіреді. Бастапқы тіл мен аударма тілі денотаттық, конотаттық мағыналарын толықтай, жартылай немесе варианттық сәйкестері болған жағдайда аудармада еш қиындық келтірмейді. Аудармада қиындық келтіретіні екі тілдің тілдік бірліктерінің денотаттық, коннотаттық мағыналары сәйкес болмауы немесе сәйкестік мүлдем болмаған жағдайда. Ондай сәйкестігі жоқұ лексикалық бірліктерді эквивалентсіз лексика деп атайды. Эквивалентсіз лексика негізгі неологизмдер, әр халықтың өзіне тән ұғымдар, ұлттық болмысқа байланыстыц реалиалар арасында болады. Эквивалентсіз лексиканы аударудың әртүрлі тәсілдері болады. Аудармашылар әртүрлі тәсілдерді қодана алуы тиіс.

Бастапқы тілдің сөз мағынасы коннотаттық аспектілерін аударуда олардың эмоциалдық, стилистикалық және бейнелі компоненттерін берудің маңызы зор. Аудармада эмоционалды лексикам мен стилистикалық бояуы бар сөздерді беруде аудармашының міндеті түпрнұсқадағы эмоционалды аударма тілінде дәл сондай мағынада берілуі керек.

Бірақ екі тілдің өзгешеліктеріне байланысты сәйкестігі болмаған жағдайда аудармашы әртүрлі тәсілдерді қолданады. әр тілдің өзіне тән экспрессивті-стилистикалық құралдары болады. Ағылшын тілінде экспресивті құралдардың арасында басты орныды метафора және метонимия алады.

Метафора дегеніміз – бейнелілікті беру үшін екі сәйкес келмейтін ұғымды салыстыру арқылы берілетін стилистикалық тәсіл. Метафора қазақ орыс тілдерінде де кеңінен қолданылады. Бірақ ағылшын тіліне тән метафоралық образдар қазақ, орыс тілдерінде жиі болмауы мүмкін немесе керісінше. Сөзбе-сөз аудару мағынаны бұзады. Сондықтан аудармашы оларды басқа образдармен ауыстыруына тура келді. Мұндай ауыстырулыр бейнелілікті сақтау үшін қолданылады. Бастапқы тілдің эмоционалдығын сақтап аударуға төмендегі тәсілдер көмектеседі:

Метафораны аудару:

Толық аударма тәсіілі бастапқы тіл мен аударма тілінің метафоралары сәйкес келген жағдайда қолданылады.

Ауыстыру тәсілі екі тілдің метафоралары сәйкес келмеген жағдайда қолданылады.

Структуралық қайта жасау тәсілі екі тілде метафоралар грамматикалық жағынан сәкес келмеген жағдайда қолданылады. Мұндай жағжайда, мәселен, төмендегі типтегі метафоралар: a dream of a dress , a beast of a car, a barrel of a man. не теңеуге ауыстырылады(не плтье,а мечта не машина ,а зверь, не человек, а бочка какая-то), не эпитетке (бочкоподобный толстяк). Метонимдерді аударуда да толық аударма, структуралық қайта жасау тәсілдері қолданылады. I raged at the stupidity of the country police – Меня возмущала глупость местной полиции. Very soon afterwards there was a concerned official face staring at me though the jagged hole in the glass of the kitchen door.-Вскоре из дыры в стекле куханной двери на меня уставилось озабоченное лицо представителя закона.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының қандай компоненттері болады?

  2. Мағыналық денотаттық компонент деген не?

  3. Мағыналық конаттаттық компанент деген не?

  4. Ішкі лингвистикалық компанент деген не?

  5. Эмоционалды лексика мен стилистикалық бояуы бар сөздер деген не және оларды аудару жолдары қандай?

  6. Метафора, метонимия қандай жолдармен аударылады?

Негізгі әдебиет:1 (152-157 беттер)

9 (107-110беттер)

11 (42-53 беттер)

Қосымша әдебиет:1 (198-201 беттер)

Дәріс 18
Тақырыбы: Лексиканың кейбір топтарын аудару ерекшеліктері
Мазмұны:1.Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерді аудару.

2.Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары тағы басқа атауларын аудару.

3.Неологизмдер аудармасы.

4.Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы аудару.

5. Реалияларды аудару.

Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фрима, басылым орындары, адам аттары әртүрлі тәсілдермен беріледі. Олар:транслитерация, трансаударма және аралас тәсіл.

1. географиялық атаулар:

А)аударылады: Lake Superior – Жоғарғы көлше, The Pacific Ocean-Тынық мұхиты, Rocky Mauntains-Құздф тау

Б)Транскрипция тәсілі қолданылады.Мысалы: New Mexico-Нью Мексика,

Pearl Harbor-Перл Харбор

В)Аралас тәсілімен беріледі.

North Dakota-Солтүстік Дакота

Аудармадаағылшын тіліне басқа тілден келген атаулар аудармалық традициямен беріледі, яғни өзінің дәстүрлі аталуын сақтайды:Мехико, Munich-Мюнхен.


  1. Мекеме,фирма атаулары транскрипцияның көмегімен аударылады.

Paramount Pictures-Парамаунт Пикчерз.

ВВС-Би-Би-Си

General Electric Corp-Дженерал Электрик Корпорейшн.


  1. Басылым орындары, кеме, көше, алаң, театр атаулары да транскрипция тәсілімен аударылады.

The Wall Street Journal-Уолл Стрит Джорнал ( артикль түсіп қалады).

Downing Strut-Даунинг-стрит

Bedford Square-Бедфорд Сквер.


  1. Партиялардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік қызмет атаулары аударылады:Conservative,Party-Консервативная партия, U.S.Department-of State –Госдепартамент США.

Ерекше берілетін жолдары да бар:Labour Party-Лейбористская партия

Foreign office-Форнен Офис (иностранная контора емес) МИД Соединенного Королевства.



  1. Адам аттары:1)транскрипция бойынша аударылады:Charles Dukens-Чарльз Дикеннс.

2) аударманың традиция бойынша аударылуы. Charles I-Карл Первый, George V-Георг Пятый.

Неологизмдер аудармасы

Неологизмдер дегеніміз- тілде пайда болған жаңа затты, жаңа ұғымды білдіретін жаңа сөздер, сөз тіркестері, фразеологиялық обороттар. Неологизмдердің жай сөздерден айырмашылығы, олар қолдана келе кәдімгі сөзге айналуы немесе жағалап кетуі мүмкін. Ғылым мен техниканың, әсіресе радиоэлектротехниканың т.б. тез дамуы көптеген неологизмдерді тудырды. Radiophone-радиотелефон, module-модуль. Компьютердің шығуымен байланысты көптеген, неологизмдер пайда болды. Line of code-количество строк программы, line printer-устроиство построчной печати. т.б.

Ағылшын тілінде америкада шыққан неологизмдер кездеседі. Kodak-кодак, Supermarket-супермаркет, File-файл т.б. жаңадан пайда болған неологизмдер әлі ағылшын- орыс сөздігіне енбегендіктен аудармада қиындықтар туғызады. Неологизмдерді дұрыс аудару үшін сөзге немесе сөз тіркесінің страуктурасына анализ жасау керек.

Мысалы: resupply-re префиксті қайта жасау дегенді білдіреді,supply- запас, снабжать, поставлять, пополнение запаса. Неологизмдерді аударудың бір тәсілі-транскрипция: friefing-брифинг, management-менеджмент:

2-тәсіл –калкалау тәсілі analog display –аналоговой дисплет, rotary engine-ротационная машина.

Неологизмдерді аударуда сонымен бірге сөздің мағынасын ашуда басты ұран контекст болып табылады. Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы («аудармашының жалған достары») аудару.

Ағылшын-қазақ-орыс тілдерінде басқа тілдерден енген, әсіресе латын,грек тілдерінен енген халықаралық сөздер кезігеді. Интернационал сөздер дегеніміз-көп тілдерде формасы, мағынасы жағынан ұқсас, ортақ, лексикалық бірліктер: film, textm radio, dialect, doctor, atom, legal.

Халықаралық сөздер ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында, химия мен медицинада, физикада көптеп кездеседі. Халықаралық сөздерді аудару негізінен көп қиындық келтіре қоймайды. Бірақ халықаралық сөздердің көпшілігі ағылшын-орыс-қазақ тілдерінде формалары бірінші деп болғаны әртүрлі мағыналары болатынын білу керек. Оларды жиі аудармашының «жалған достары» деп атайды.

Мысалы:accurate -мочный (аккуратный емес, resin-смола (резина емес), control -не только контролировать но и управлять. т. б.



Реалияларды аудару

Реалия дегеніміз- әр халықтың өзіне ғана тән өміріне, тұрмысына, салт-дәстүріне, тарихына әлеуметтік және рухани мәдениеті ерекшеліктеріне қатысты ұғымдар. Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста сәлемдесуде ағылшын тілінде “How are you” (как у вас дела?) деп сұрайды. “I’m fine, thanks. And you.”(«Отлично,а у вас как») деп жауап береді. Ал орыс тілінде сәлемдесу, оған жауап беру бірдей «Здраствуйте». Мәдени және тілдік реалиядағы айырмашылық ағылшын тілінде жоқ ұғымның орыс, қазақ тілдерінде болуы немесе, керсінше. Мысалы: ағылшын тілінің meal сөзі орыс тілінде жоқ. Meal сөзі таңертеңгі, түскі, кешкі асты да білдіреді. Сол сияқты ағылшын тілінде орыс тілінің сутка сөзі жоқ. Сондықтан круглые сутки деген ұғымды ағылшын тілінде: wound-thr clork немесе 24 hours a day деп беріледі. Сол сияқты орыс тілінде Я хочу есть- дейді, ағылшын тілінде I want to eat деп айтпайды. Дұрыс варианты I’m hungry –Я голоден. т. б. Реалиялар да әртүрлі тәсілдермен аударылады: Жиі қолданылатын тәсілдер: транслитерация, калкалау, эксликация тәсілдері. Мы говорим: перестройка принесла свободу. То же самое гласностью- We say that perestroika has brought us freedom. The same applies to glasnost.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Ғылыми-техникалық және қоғамдық-саяси терминдерді аударудың ерекшеліктері қандай?

2. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары қалай аударылады?

3. Неологизмдер деген не? Оларды аудару жолдары қандай?

4. Интернационал және псевдоинтернационал (Аудармашының жалған достары) лексика деген не? Оларды аударудың жолдары қандай?

5. Реалия деген не? Оларды аударудың тәсілдері қандай?

Негізгі әдебиет: 1-(109-135беттер)

3-(106-113беттер)

9-(46-62беттер)

Қосымша әдебиет:1-(186-190беттер)

Дәріс 19

Тақырыбы: Фразеологияны аудару мәселелері

Мазмұны: 1. Фразеологиялық бірліктерді аудару кезінде орын алатын бейнелілікті сақтау, орын алмастыру және жоғалту.

2. Фразеологизмдердің стилистикалық және ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің эмоцияналдығын бір тілден екінші тілге беру.


Фразеологиялық бірліктерді аудару барысында аудармашының алдында 2 негізгі міндет тұрады:

  1. аударма тілінің сөз тіркестерінің нормасын қатаң сақтау;

  2. фразеологизмдердің бейнелігін сақтап аудару;

Бірінші талап негізінен бейнелі емес фразеологизмдер, яғни еркін сөз тіркестеріне қатысты: to have a rest, to pay attention, to take a shave.

Бейнелі фразеологизмдер, яғни қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, идиомалар, нақыл сөздер т. б. Бейнелі құралдарды аудару өте жауапты, күрделі міндет. Фразеологизмдердің ерекшеліктерін білмеу олардың мағыналарының дұрыс берілмеулеріне алып келеді.

Бейнелі фразеологизмдерді аударудың 4 тәсілі бар:


  1. бастапқы тілдің бейнелі фразеологизмін аударма тілінің эквивалентімен беру:

to play with fire – играть с огнем – отпен ойнау; to read between lines – читать между строк.

  1. бастапқы тілдің фразеологизміне мағынасы жағынан ұқсас, бірақ басқа бейнемен берілген фразеологизмді қолдану. Мұндай фразеологизмдер фразеологиялық аналогтар деп аталады.

to make hay while the sun shines – куй железо пока горячо;

Бастапқы тілдің ұлттық бояуы бар фразеологизмдерді аударма тілінің ұлттық бояуы жоқ фразеологизмімен берілуі мүмкін:

he will not set the Thames on fire – он пороха не выдумает;

to light like Kilkenny cats – бороться не на жизнь, а на смерть;

when Queen Anne was alive – вовремя оно.


  1. фразеологиялық бірліктерді калькалау, сөзбе-сөз аудару:

people who live in glass houses should not throw stones – люди, живущие в стекляных домах, недолжны бросаться камнями;

to keep a dog & barn oneself – держать собаку, а лаять самому.



  1. егер бастапқы тілдің фразеологиялық бірлігінің аударма тілінде ешқандай аналогы, эквиваленті болмаса, немесе сөзбе-сөз аударуға келмесе, онда аудармашы экспликация тәсілін қолданады:

a skeleton in the cupboard – семейная тайна;

cut off with a spilling – лишиться наследства;

dine with Duke Humphrey – остаться без обеда;

Peeping Tom – человек с нездоровым любопытством.

Фразеологизмдердіаудару әсіресе ауызша аудармада көп қиындық келтіреді. Сондықтан аудармашыларда көп қолданылатын фразеологиялық бірліктердің аналогтары, эквиваленттері туралы сөздік қоры болу керек. Олар болмаған жағдайда тек экспликация, яғни түсіндіру тәсілін қолдану керек. Егер берілген фразеологизмнің аналогын білмеген жағдайда, бірақ оның мағынасы түсінікті болса, бейнелілігі жойылса да, оның мағынасын жай сөзбен түсіндіруге де болады.

Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Фразеологиялық бірліктерді аудару барысында аудармашының алдында қандай екі негізгі міндет тұрады?

  2. Еркін сөз тіркестері деген не?

  3. Бейнелі фразеологизмдер деген не? Оларды аударудың жолдары қандай?

  4. Бастапқы тілдің ұлттық бояуы бар фразеологизмдерді аудару тәсілдері қандай?

  5. Ауызша аудармада фразеологизмдерді аударудың қиындығы неде?

Негізгі әдебиет: 1-(152-157 беттер)

5-(145-170 беттер)

9-(62-74 беттер)

Қосымша әдебиет: 1-(192-194 беттер)
20-Дәріс

Тақырыбы: Аудармада грамматикалық сәйкестікті таңдау.

Мазмұны: 1. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескеру.

2.Аударма тілінде тікелей сәйкестігі жоқ формалар мен құрылымдардың берілу жолдары.

Аударма практикасында грамматикалық ауыс-р* әдетте лексикалық ауыс-р* мен бірігіп жатады. Көп жағдайларда сөйлемнің конструкциясын өзгерту грамматикалық себептерге емес, лексикалық себептерге байланысты болып жатады. Сөйлемнің коммуникативтік мақсаты бәрінен бұрын сөзді немесе бірнеше сөздерді мұқият таңдауды талап ететіндіктен, аудармада сөйлемнің дәл және дұрыс бейнесін беру үшін аудармалық міндетті шешу сонымен бірге сөздердің формасын, яғни оның грамматикалық категориясын дұрыс таңдауға да байланысты болады, ағылшын тілінің зат есімін қазақ тілінің етістігімен ауыстыру аудармада бүкіл сөйлем құрылысын өзгертуге алып келуі мүмкін.

Әр түрлі системадағы тілдер арасындағы грамматикалық сәйкестіктер көп жағдайларда ауыспалы факторларға байланысты болатын тек қана функциональды бола алады. Аудармада тіпті барлық факторларды ескертетін тиімді сөйлем структурасы табылған күнде де сөйлемнің ең дұрыс, жақсы орын тәртібін қалай таңдау керектігі жайлы сұрақтар туындауы мүмкін.

Орыс тілі мен ағылшын тілінің синтактикалық конструкциясының арасындағы ұқсастық кейде сөзбе-сөз аударуға, яғни сөйлемнің структурасын, сөздердің орын тәртібін өзгертусіз аударуға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір факторлардың әсерімен аудармашының грамматикалық өзгертулерге жүгінуіне тура келеді, яғни аудармашы сөйлемді жартылай немесе толықтай қайта құруына немесе сөйлем мүшелерін ауыстырғанда, сөз таптарын ауыстыруға тура келеді. Кейде грамматикалық өзгерту тіпті ұқсас структуралар болған күнде де қажет болады.

Грамматикалық форма мен синтактикалық конструкция аударма процесі кезінде олардың лексикалық толығуынсыз жеке бола алмайды. Ағылшын текстерін аудару барысында, ол әдеби, публицистикалық болсын тіпті газеттік болсын, сөйлемнің грамматикалық структурасынан гөрі жекеленген сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашуға көп уақыт кетеді.

Көп жағдайларда ағылшын тілі мен орыс тілінің синтактикалық конструктуралары бір-біріне ұқсас болғандықтан аудармада көп қиындық келтірмейді. Аудармашы үшін тек ағылшын және орыс тілдерінің кейбір структуралары қиындық келтіреді. Олар қосымша ішкі семантикалық және стилистикалық қасиеттері бар синтактикалық конструкциялар. Мұндай структураларға ағылшын тіліндегі абсолютті конструкциялар жатады.

Аудармада синтактикалық конструкцияларды берудің функциональды принципі сөйлемнің семантикалық және экспрессивті –(бейнесі) негізделеді. Сөйлем формасы, типі жағынан европалық тілдер бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан аудармада ағылщын тілін жақсы білетін аудармашы үшін ағылшын тілінің орыс тілінде синтактикалық конструктураларын, атап айтқанда герундийлік комл-ді* аудару өте-мөте қиындық келтіре қоймайды.

Бірақ ішкі қосымша функциясы яғни мағыналық немесе экспрессивті стилистикалық функциясы бар синтактикалық структураларды аудару қиындық келтіреді.

Грамматикалық трансформация – сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшелерін немесе грамматикалық конструкцияларды өзгертіп, ауыстырып қолдану тәсілі. Ең көп тараған грамматикалық трансформациялар: синтактикалық ұқсау, (уподавление), сөйлемді бөліп аудару, бір немесе бірнеше сөйлемді біріктіріп бір сөйлем арқылы беру тәсілдері.

Сөйлемді мүшелерге бөлу аудару тәсілі – оригинал сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп баяндауышты структуралармен қайта жасау тәсілі. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді күрделі екі немесе одан да көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға мүмкіндік береді:

The annual surveys of the Labour Government were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers.

Лейбористік өкімметің жыл сайынғы жасайтын шолуы ешбір кезеңде жұмысшылар арсында талқыланған емес. Олар тек қана кәсіпкерлер арсында талқыланатын.

Сөйлемдерді біріктіру тәсілі – оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру арқылы аудару:

That was a long time ago. It seemed like fifty years ago.

Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінді.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Аудармада грамматикалық сәйкестілік деген не?

  2. Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескерудің маңызы қандай?

  3. Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер деген не?

  4. Аударма тілінде тікелей сәйкестігі жоқ формалар мен құрылымдардың берілу жолдары қандай?


Негізгі әдебиет:1-(155-158 беттер)

5-(76-122 беттер)

Қосымша әдебиет:1-(201-217 беттер)
21-Дәріс

Тақырыбы: Аудармашының тілдік тұлғасы.

Мазмұны: 1. Тілдік тұлға ұғымы.

2.Тілдік тұлға моделінің деңгейлерін анықтау: ассоциативті-вербалды жүйе (АВЖ), тезаурус және прагматикон.

3.Аударма-түпнұсқа авторы, аудармашы және аударманы қабылдаушының (рецептордың) тілдік тұлғаларының өзара әрекеті ретінде.

4.Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациялық билингв тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктері: екі АВЖ-ң (ТТ және АТ) болуы, аудармашының тезаурусы мен прагматиконның (түпнұсқаны қабылдап, аударма тілінде құрудағы мақсаттар, себептер және міндеттер).

Аудармашы тілдік тұлға ретінде тілдік білімі, сөйлеу әрекетінің барлық түрінен сөйлеу дағдылары, жазбаша және ауызша аудару дағдылары мен іскерліктері, шешендік өнері, әдеби таланты болуы керек.

Аудармашының тілдік білімі дегеніміз – тілдің лексикасын, грамматикасын, фонетикасын білуі, ал сөйлеу дағдылары дегеніміз - өз ойын еркін жеткізе алуы. Сондықтан аудармашы екі тілді де жетік білуі, екі тілде де өз ойын еркін жеткізе алу дағдыларын игеру керек.

Аудармашыға екі тілді жетік білу аздық етеді. Аудармашы өзі аударатын тілде сөйлейтін елдің мәдениетін, тарихын, дінін, салт-дәстүрін, реалияларын білуі тиіс. Жақсы аударма жасау үшінаудармаға қатысатын екі тілдің лексикалық, грамматикалық жүйелерінің заңдылықтарын білумен бірге лингвисткада «узус» деп аталатын яғни «қолданылу» жағдайын сөйлеу клишелерінің бір тілде қолданылуы басқа тілде қолдануға жарамсыз болатындығын, қалай қолдану керектігін білу маңызды. Мәселен, орыс тілінде «резать курицу, несущую золотые яйца», дегенді ағылшындар: «убить гуся, несущего золтые яйца» (to kill a goose that lays golden eggs). Әрине, ағылшынша «қазды» емес «тауықты» деп те айтуға болады, түсінікті болады. Бірақ «олай айтпайды».

Сол сияқты тілінде «осторожно не споткнитесь», дегенді ағылшындар «следите за своим шагом» (mind your step); «приятного аппетита» дегенді ағылшындар «насладиться едать» (enjoy your meal) дейді, әрине ағылшынша «be careful, do not stumble», «pleasant appetite» деп айтуға болады, «бірақ олай айтпайды».

Әр түрлі тілдің «қолданылу құрылыстарының» әртүрлілігі кейде өте нәзік, оларды есепке алмаса аударма күлкілі, немесе дөрекі болып шығуы мүмкін. Аудармашы әрдайым әртүрлі тілдің мәдени,этикалық айырмашылықтарын есте ұстауы қажет.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Тілдік тұлға деген не?

  2. Тілдік тұлға моделінің деңгейлері қандай?

  3. Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациядағы билингв тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктері қандай?

Негізгі әдебиет:12(3-44 беттер)

Қосымша әдебиет:3-(10-17 беттер)

9-(4-55 беттер)


22-Дәріс

Тақырыбы: Аудармашы біліктілігі.

Мазмұны: 1. Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының рөлі.

2.Ақпараттық текстерді аудару барысында АТ-де терминдердің құрылуы.

3. Аудармашының қосымша коммуникативтік қызмет пен тілдік дәнекерліктің басқа да түрлерін орындауы.

4. Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына әсер ететін факторлар.

5. Аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігін түсіну дәрежесі және адамзат білімінің әр түрлі салаларындағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігі.

Аудармашы біліктілігі бірқатар дағдылар мен қабілеттерді меңгеруден тұрады:

1. Аудармашы анық сөйлеуі, дауыс ырғағын дұрыс қоя білу керек.

2. Аударманың техникалық тәсілдерін есте сақтау, бір тілден екінші тілге тез көше қою, трансформация түрлерін қолдана алу дауысы меңгеруі тиіс.

3. Аудармашыда сөздіктерді қолдана алу, т. б. Хабар көздерін қолдана алу дағдысы болу керек.

4. аудармалық шапшаң жазып алу қабілеті болу керек.

5. Шет тілін өз ана тіліндей жетік білуі керек, сол тілдің мәдениетін білу керек.

6. Шет тілінде де, ана тілінде де негізгі сөйлеу жанрлары мен мәтіндердің негізгі типтерін жақсы меңгеруі қажет.

7. Аудармашы үнемі екі тілде де өзінің сөздік қорын жітілдіріп толықтырып отыруы керек.

8. Қазіргі заманғы аударма компьютерсіз мүмкін емес, сондықтан компьютерде жұмыс істеу дағдысы, Интернетті қолдану, электронды формадағы сөздіктерден хабар ала алу дағдыларын дамытуы қажет.

Аудармашы әрқашан өз ісінің белсенді қайраткері, аударманың жанашыр қамқоры, іскер ұйымдастырушысы болу керек.

Әдебиет теориясы көркем аударманың негізгі үш түрі болады деп біледі. Олар: еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, балама аударма (адекватный) немесе реалистік аударма.

Әрбір көркем шығармадан өмірді реалистік тұрғыдан ұғынып, шынайы түрде дәл бейнелеу талап етіледі. Сондықтан, көркем аударманың да алдына қойылатын ең басты талап өмір шындығын дәл беру.

Аудармашы өмір шындығын көргенде оған түпнұсқа арқылы қарайды және автордың көзімен қарайды. Сондықтан аудармашының алдына қойылатын 3 түрлі шарт бар. Біріншіден, ол шығарма бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек. Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс. Үшіншіден, ана тілінің заңды жүйесіне ешқандай нұсқан келтірмеуі тиіс.

Көркем шығарманың әр түрлі қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сырлары (монолог) шертіледі, көңіл-күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстар мен психологиялық тербеністер ашылады. Бұлар кейде суреттеу түрінде. Кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізуі керек.

Көркем аудармаға қойылатын ең басты шарт – шығарманың көркемдік идеялық күші мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Ол, ең алдымен, көркем болсын, әсерлі де тартымды оқылсын.

Аудармашылық – нағыз творчестволық өнер. Ол әркімнің қолынан келе беретіндей ерікеннің ермегі емес. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет