Цитохромдардың құрылымы Цитохромдар – коферментері әртүрлі құрылыстағы гем болатын екі компонентті ферменттер. Гем құрамындағы темірдің валенттілігінің қайтымды өзгеруі арқылы тотығу - тотықсыздану реакцияларына қатысады:
Сондықтан цитохромдар тотыққан ферри[Fе (III)] және тотықсызданған ферро [Fе (II)] түрінде болу арқылы биологиялық тотығу тізбегінде электрондарды тасымалдайды.
Цитохромдардың жіктелуі Гемнің табиғатына қарай цитохромдар төрт топқа бөлінеді: А, В, С және Д. Адам ағзасында Д тобына жататын цитохромдар жоқ. Әрбір цитохром тобының әртүрлі топшалары болады, олар бас әріптермен белгіленеді. Мысалы: В→в, в5; С→с, с1; А→а, а3 Цитохромдардың топтарының апоферменттері мен кофер-менттері әртүрлі , ал топшаларында коферменттері бірдей апоферменттерінде айырмашылық болады.
Биологиялық рөлі Цитохромдар көптеген тіндердің тынысалуына қатысады. Цитохромдар электрондарды тасымалдау ретіне қарай төмендегідей орналасады:
Цитохром В, өкілдері Өкілдері: Цхв және Цхв5. Цхв5 ксенобиотиктердің метаболизміне қатысады, ал Цхв тікелей биологиялық тотығу (БТ) тізбегіне қатысады.
Цитохром(в)ның құрылымы –коферментінің гемі гемоглобиндікі сияқты екі компонентті фермент, рационалды аты- 1,3,5,8-тетраметил-2,4-дивинил-6,7-дипропион қышқылының темір(11)порфині.
Биологиялық рөлі Цитохром в тіндік тынысалу процесінде электрондарды тотықсызданған КоQН2 ден алып өзі тотықсызданады:
2ē↓
KоQH2 + 2Цхв(Fe3+ ) ↔ KоQ + 2H+ + 2Цхв(Fe2+ )
Цитохром С, өкілдері Өкілдері: Цхс және Цхс1, биологиялық тотығуға (БТ) тікелей қатысады.