«Тапсырманы ашық тест түрінде толықтырыңыз »
10.Мына реакцияға қатысатын ферменттің класы мен тобының аты
Ацетил - КоА + глутамат → НSKоA + N-ацетилглутамат
№ 22 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
2.4. Фосфортрансферазалар
Фосфортрансферазалар (киназалар) - фосфор қышқылының қалдығын спирттік, карбоксил, азотты заттары бар органикалық қосылыстарға тасымалдауды тездететін трансфераза класының тобына жататын жасушаішілік ферменттер.
Құрылымы
Фосфортрансферазалар химиялық табиғаты жағынан біркомпонентті ферменттер, бірақ олардың көптеген молекулалары бірнеше суббірліктен тұратын төртіншілік құрылымды және аллостерикалық орталықтары болады. Барлық киназалар максималды белсенділік көрсету үшін Mg2+ немесе Мn2+ иондарын қажет етеді. Субстратқа фосфор қышқылының қосылуы фосфорлану деп аталады, сол уақытта субстрат өте белсенділікке ие болады.
Фосфор қышқылының көздері
1.Фосфор қышқылының көзі АТФ болады
Бұл жағдайда фосфор қышқылының қалдығы макроэргиялық байланысы сақталмай ақ тасымалданады, ол уақытта реакциялар қайтымсыз болады. Ферменттің атын құрастырғанда фосфор қышқылы қосылатын субстраттың атына киназа сөзі жалғанады.
Киназалар фосфор қышқылының акцепторларының түрлеріне қарай қайтымды және қайтымсыз реакцияларға бөлінеді:
А. Қайтымсыз реакциялар:
1) Гексокиназалар гексозаларды фосфорлауға қатысады. Гексокиназалар көптеген жасушаларда болады. Бауырда гексокиназалардан тек глюкокиназа ғана болады, ол тек глюкозаны қайтымсыз фосфорлайды:
2) Протеинкиназалар жасушаларда белсенді болмайды, ал белсенді түрі белоктарды фосфорлауды катализдейді (Протеинкиназа А ц-АМФтің көмегімен белсендіріледі):
3) Глицеролкиназа глицеринді фосфорлайды:
Глицерол +АТФ → глицерофосфат + АДФ
Достарыңызбен бөлісу: |