2)Диоксигеназалар
Диоксигеназалар – субстрат молекуласына оттектің екі атомын енгізуді катализдейтін оксидоредуктазалар класына жатады.
Әсер ету механизмі
Диоксигеназалар, гидроксилазалардан өзгешелігі, субстратты тотықтыру кезінде оған оттек молекуласының екі атомының қосылуын катализдейді, бұл кезде қос С=С байланыс үзіледі.
Мысалы, триптофанның құрылысының бұзылуы формилкенурениннің түзілуінен басталады, оның құрамына оттектің екі атомы кіреді. Бұл реакцияны катализдейтін фермент гемопротеинге жатады- триптофан 2,3-диоксигеназа деп аталады.
Бұл реакция эндоплазматикалық ретикулумде және митохондрия мембранасының ішкі жағында жүреді.
Биологиялық жүйелердегі диоксигеназалардың қатысымен жүретін ароматты сақиналы қосылыстардың тотығу процестеріндегі бұзылыстарының барлығына жуығын биохимик Осами Хайяни ашқан.
Сіздің назарыңызға бір, екі, үш және одан да көп дұрыс жауаптары бар тапсырмалар ұсынылады. Дұрыс жауаптардың нөмірлерін түгел қоршаңыздар
1.ОКСИГЕНАЗАЛАР
екі компонентті ферменттер
барлық жасуша түрлерінде болады
оттек молекуласын белсендіреді
субстрат молекулаларына екі оттек атомдарын енгізеді
биологиялық жүйелердегі ароматты сақиналарды ажыратады
тотығатын заттың молекуласына оттектің атомын енгізеді
2. МОНООКСИГЕНАЗАЛАР
тотықсыздандырғыштан екі сутек атомын үзіп алады
ксенобиотиктердің ерігіштіктерін арттырады
оттек молекуласының бір атомы тотығатын затқа қосылады
оттек молекуласының екі атомы да тотығатын затқа қосылады
3. МОНООКСИГЕНАЗАЛАР ЖАТАТЫН КЛАСС
гидролазалар
изомеразалар
лигазалар
трансферазалар
оксидоредуктазалар
4. КСЕНОБИОТИКТЕР МЕТАБОЛИЗМІНІҢ ФАЗАСЫНА КІРЕДІ
ксенобиотикті гидрлеу
ксенобиотикті дегидрлеу
макроэргиялық байланыстардың гидролизденуі
ксенобиотиктің гидроксилденуі
оттек молекуласынан ксенобиотиктерге бір атом оттегінің енгізілуі
5.ФЕНИЛАЛАНИННІҢ ТИРОЗИНГЕ АЙНАЛУЫН КАТАЛИЗДЕЙДІ
фенилаланин-4-гидроксилаза
фенилаланинтрансаминаза
тирозингидроксилаза
дегидрогеназа
6. ФЕНИЛАЛАНИННІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ АРТЫҚ МӨЛШЕРІ
ақыл ойды төмендетеді
жасуша үшін улы
жарыместікке әкеледі
гидроксилденуге қатысады
7. ДИОКСИГЕНАЗАЛАР ТОТЫҒАТЫН ЗАТҚА ТАСЫМАЛДАЙДЫ
электрондарды
екі атом оттекті
бір атом оттекті
протондар мен электрондарды
8.ГИДРОКСИЛАЗАЛАР ГИДРОКСИЛДЕНУІНЕ ҚАТЫСАДЫ
1) фенолдардың
2) стериндердің
3) амин қышқылдарының
4) ксенобиотиктердің
5) коферменттердің
9.СӘЙКЕСТІКТІ ТАБЫҢЫЗ : «Фермент – катализдейтін реакция »
анаэробты дегидрогеназалар а) тотығатын затқа екі атом
оттекті қосады
убихинон б) электрондарды тасымалдайды
диоксигеназа в) протондар мен и электрондарды
тасымалдайды
монооксигеназалар г) тотығатын затқа бір атом оттекті
қосады
10.МОНООКСИГЕНАЗДЫ РЕАКЦИЯЛАР ТӨМЕНГІ ТОТЫҒАТЫН ЗАТТАРДЫҢ ТЕК БІРЕУІНЕН БАСҚА БӘРІНЕ ҚАТЫСАДЫ
1) зәр қышқылы
2) стероидты гормондар
3) ксенобиотиктер
4) дәрілер
5) қаныққан май қышқылдары
№ 17 квантталған мәтін тест тапсырмасымен
Достарыңызбен бөлісу: |