Трансферазалардың топтары
2.1. Метилтрансферазалар
Метилтрансферазалар – бір көміртекті қалдықты – метил, метилен, метин,формил және басқа топтарды қайтымды тасымалдауды катализдейтін трансферазалар класының ферменттері.
Коферменттің құрылымы
Метилтрансферазалар – екі компонентті ферменттер. Коферменті ТГФҚ- тетрагидрофоль қышқылы (Вс витамині). Коферменттің құрамына птеридин сақинасы, парааминобензой қышқылы (ПАБҚ) және глутамин қышқылы кіреді.
Тетрагидрофоль қышқылы
Акцепторлық бөлігі
Трансметилдену реакцияларына мысалдар
Негізінен СН3- тобының доноры метионин болады. Ол В12 витаминінің туындысымен(кобаламин) және фоль қышқылымен бірге барлық тірі ағзада қайта метилдену жүйесін түзеді. 5- метилтетрагидрофоль қышқылынан (N5-метил-Н4-фолат) СН3- тобының гомоцистеинге тасымалдануы метионин биосинтезінің соңғы сатысында жүреді. Фермент гомоцистеинметилтрансфе-раза метил радикалын метилтетрагидрофолаттан гомоцистеинге тасымалдайды.
СН3 -тобының трансметилдеу әмбебап доноры S-аденозилметионин (SАМ) болып табылады.
Трансметилдену реакцияларына мысалдар
Адреналин- бүйрекүсті милы қабатының гормоны, норадреналиннен ферментативтік синтез арқылы түзіледі. Метил радикалының көзі: S-Аденозилметионин болады.
Осындай реакциялар арқылы гуанидин сірке қышқылынан креатиннің , урацилден тиминнің, фосфатидилэтаноламиннен фосфатидилхолиннің түзілуі жүреді
Креатиннің синтезі
Креатин бұлшық еттерде жоғары энергетикалық қосылыс- креатинфосфаттың түзілуі үшін қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |