Екіншіден, басында бостандығы бар қазақтар да төлеңгітке айналған. Бүл мына жағдайға байланысты еді: көшпелі қауымның ыдырауына орай қауымдар өз мүшелерінің мал-мүлкін барымталардан және өзара қырқыстан бүрынғыдай қорғай алмады, соның салдарынан қазақтардың бір бөлігі мүлде күйзеліске ұшырап, материалдық жағдайларының ауырлығынан сүлтандарға баруға мәжбүр болды [4, 112113 б.].
Қазақ қоғамында күрделі этникалық процестердің негізінде пайда болған этнографиялық топты төлеңгіттер деп атайды. «Ақсүйектерден» төлеңгіттер бірнеше сипаттамасына байланысты ерекшеленеді.
Біріншіден, төлеңгіттердің шығу тегі әр қилы: оның қүрамында өзге этностардың да, қазақтың да болуы мүмкін, екіншіден әлеуметтік орны да әр қилы, олардың ішінде маңызды саяси шаруаларға жүретіні, байлары, сонымен қатар мінерге аты, ішерге асы жоқ кедейлері де бар. Төлеңгіттер деп төре маңына жинақталған, төренің қамқорлығындағы топты атайды. Олар малдарына төре таңбасын басады, төренің үранын шақырады, бейбіт уақытта төренің шаруашылығын қарап, жаугершілікте ең сенімді жауынгерлерге айналады [5, 201 б.].
Төлеңгіттілікті күрделі әлеуметтік құрылымға тән құбылыс деп қабылдауға болады. Қолда бар деректерден төлеңгіттердің хандар мен ұлыс сұлтандарына өте сенімді адамдар екенін аңғарамыз. Әбілқайыр хан мен Нұралы сұлтанның өте маңызды шаруаларын тындыратын адам Байбек Ағлұқ төлеңгіт, Абылайдың 1759 жылы Қытайға жіберген елшілігінің «құрамында 25 қазақ пен төлеңгіт болған» [10, 152 б.]
Әлеуметтік топ өкілдері төлеңгіттер туралы деректі Абылай сұлтаннан да кездестіреміз. Ол өзінің 1762 жылы Давыдовқа жазғанхатыда: « – Мен өз төлеңгіттерімді қазақтардан кем көрмеймін, себебі олар менің басыбайлы жалшыларым емес. Оларды жақсы көргендіктен өз қасымда ұстаймын, бірге көшіп жүремін» деген [11, 9 б.].
Елбасы Н.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде төлеңгіттер туралы: «Қазақ этножүйесіндегі сатылы бағыныштылықтың жанама айғағы ретінде – қызмет етуге мойынсұнған төлеңгіттер институтының болғанын айтуға болады.
Қандас руластарының сатылы жүйесінен тысқары қалған адам өз руластарының көмек-қолдауын, яғни горизантальды ынтымақтастығын жоғалтқан. Мұның өзі вертикальды сатылы жүйе бойынша басқа рулармен толыққан кезде де горизанталды ынтымақтастық жүйесінің реттеп отыратын қасиетін жоғалтуға себепші болған. Мұндай аралық ахуалға тап болған адам ұдайы ара-дара күй кешкен» деген [12, 47 б.] жағдайларын айтады. Мұнан түрлі себептермен руынан бөлінген адамдардың төлеңгіттерге айналғанын да білуге болады.
Қорыта келе айтпағымыз, қазақ қоғамындағы төлеңгіттер институты хан мен сұлтандар төңірегінде жүрген ерекше әлеуметтік топтық құрылым болып табылады. Төлеңгіттер институтының дамуы сол замандағы Қазақ хандығының саяси ұйымдасуымен, экономикалық дамуымен тығыз байланысты болды. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында болған өзгерістер бұл топтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне әкелді.