1) салық органдарынан қолданылып жүрген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндірмелер алуға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі немесе осы Кодекстің 16-бабына сәйкес заңды немесе уәкілетті өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты жасасуға;
4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;
5) салық органында салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысанда салықтық есептілік пен өтінішті ұсыну үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды тегін алуға;
6) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға, салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
7) ұсынылуы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері, авиациялық отын, биоотын және мазут өндірісін және айналымын реттейтін заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге қатысы жоқ ақпарат пен құжаттарды ұсынбауға;
8) осы Кодекстің 22-бабының 15-тармағында көрсетілген ақпараттық жүйеден контрагенттің сенімділігі және адалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.
2. Салық төлеуші салықтық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы ақпарат беру мақсаттары үшін өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайлары туралы мәліметтерді салық органына ұсынуға құқылы.