Салық қатынастарындағы заңды тұлғаның заңды өкілі болып
Құрылтай құжаттарында көрсетілген ұйым басшысы (Мысалы, директор, бас директор, президент және т.б.) салық қатынастарындағы заңды тұлғаның заңды өкілі болып саналады. Бұл тұлғаның ұйымның мүдделерін салық органдарына ұсыну өкілеттігі бар, салық декларацияларына қол қояды, салық төлеу және салық заңнамасының сақталуы туралы есеп береді.
Салықтық құқықтық қатынастың қатысушысы болып кім табылады
заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салықтық құқықтық қатынастың қатысушысы болып кім табылмайды
Мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған, ордендері мен медальдары жоқ тыл ардагерлері 1500 АЕК (2018 жылы 3 млн 607 мың теңге) шегінде салық төлеуден босатылды
Салықтың басты қағидаларының бірі
салық салудың міндеттілігі айқындылығы
Адам Смиттің негізгі қағидаларының бірі
1-қағида. Салық әрбір салық тӛлеушінің тапқан табысына сәйкес алынуға тиісті.
2- қағида. Салық мөлшері мен оны төлеу мерзімі заң жүзінде күні бұрын және дәл белгіленуі қажет;
3- қағида. Ыңғалылық қағидасы, әрбір салық төлеушіге қолайлы уақытта және осы салық төлеушіге ыңғайлы әдіспен алынуға тиісті.
4- қағида. Үнемділік қағидасы, салық алу кезінде салық төлеушінің шығындары мейлінше аз болуға тиісті.
Салық органдарының құқықтары
осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;
салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға, оның ішінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпарат алмасуға;
екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік құпияны құрайтын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтылымының және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтылымды және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, салықтық тексеру барысында салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бухгалтерлік және салықтық есептерді автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтылымның және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге құқылы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген ерекшелік салық органдарының кірістер мен шығыстарға қатысты деңгейлес мониторингті жүзеге асыру және салықтық тексеру жүргізу барысында қойылатын талаптарына қолданылмайды;
4) салық төлеушіден (салық агентінен):
салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстап қалудың және аударудың) уақтылылығын, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығын растайтын құжаттарды ұсынуды;
салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсініктерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент-салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңдарында міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті талап етуге;
5) екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардан, орталық депозитарийден, брокерлерден және (немесе) дилерлерден, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарынан осы Кодекстің 24-бабының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында және 27-бабында ұсынылуы көзделген мәліметтерді алуға;
6) екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 24-бабының 13) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алуға;
7) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;
8) осы Кодекске сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғаны салықтық тексеру барысында аталған декларацияда көрсетілген, мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы мәліметтердің анықтығы бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға;
9) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
10) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша соттарға мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті мен міндеттеріне сәйкес өзге де талаптар қоюға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |