Жастарды этнопедагогика құралдарымен адамгершілікке тәрбиелеу Тобы: 1801-11



Дата26.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#175448
Байланысты:
Презентация этно

жастарды этнопедагогика құралдарымен адамгершілікке тәрбиелеу

Тобы:1801-11

Орындағандар :Туймекулова Ф,Сейітбек А

Қабылдайтын:Әбішова Л

  • Халықтық тәрбие құралдары.
  • Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмасада, өз ұрпағыы бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлен-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмеседе, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есіту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшілде, құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.
  • Мақсаты - бүгінгі тәрбие мен білім берудің көптеген көкейкесті мәселелерін халықтың педагогикалық творчествалықпен дамыту негізінде шешуге болатындығы жайлы студенттердің, мектеп мұғалімдерінің түсінігін қалыптастыру, халықтың педагогикалық тәжірибесіне мұғалімдер маманды-ғына дайындаудың аса қажетті мазмұндық компонент ретіндегі көзкарасының қалыптасуына ықпал ету.
  • Халықтық тәрбиенің басты қағидаларының ғылыми педагогикадағы тәрбие қағидаларымен байланысы бар. Мысалы:
  • 1. Жас ерекшеліктерін ескеру, "балаңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшындай сана, он бестен асқан соң ақылшы досындай бағала" деген мәтел соның дәлелі. Бұл ғылыми педагогикада ынтымақтастық принципімен сабайтасып жатады.
  • 2. Талап қоя білу және құрметтеу "Ата-балаға сыншы", "Баланың балалығына әкенің даналығы" және т.б.
  • 3. Тәрбиелеу — оқыту барысында дамыту. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты, "Армансыз ұлан қанатсыз қыран".
  • 4. Тәрбиенің біртұтастьны - кез келген тәрбие құрамына талдау жасайтын болсақ, онда тәрбиенің түрлері, яғни бағыттары бір-бірімен сабақтасып жатады, яғни еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене және т.б.
  • Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
  • Адамгершілікке тәрбиелеу құралы еңбек пен ата-ана үлгісі (Ыбырай Алтынсарин)
  • Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
  • Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
  • Қорытынды
  • Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет