ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта келе, Құрама жем өндірушілердің алдында тұрған міндет өзіндік құны арзан,ақуыз және қуатпен теңестірілген құрама жем өндіру.Ақуыз бен қуат мәселесін шешуде ең маңызды орынды бұршақ пен майлы дақылдар, оның ішінде қытайбұршақ алады.Бүгінгі күні - ол өте ұтымды ауыл шаруашылығы дақылы. Қытай бұршақтың бұндай көңіл бөлінуі мұнай өнімдерінің үздіксіз қымбаттап жатуы, ал қытай бұршақ майынан көміртекті қуат көзі биоотын алынады.Қытай бұршақ тұқымын өсіру және қайта өңдеу рационның ақуыздық және энергетикалық қоректілігін қаматамасыз етудің тиімді бір жолы болып табылады.Қытай бұршақ бағалы жемдік дақыл болып табылады.Ұнтақталған қытай бұршақ тұқымының нашар технологиялық қасиеттері(сусымалығы нашар, майды көп сақтауына байланысты жабысқақ) оларды құрама жем өндірісінде, мал құс азығында кең қолдануға жол бермейді.