Халыққа білім беру қайраткерлері және I Жалпыресейлік халықағарту сьезі (1918). Мектеп ісін басқаруды Кеңес үкіметі большевиктік партияның көрнекті қайраткерлері А.В.Луначарский мен Н.К.Крупскаяға жүктеді.
1918 жылы оқу-ағарту жөніндегі мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің және Н.К.Крупскаяның басқаруымен “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі ұстанымдары” атты құжатты даярлау жұмысы жүргізіліп, 16 қазанда аталған құжаттар жарияланды. Осы құжаттың екіншісі “Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларация” деген атпен халыққа тарады. “Декларация” мектептің саясатпен байланысты болуын кеңес педагогикасының ең негізгі ұстанымы ретінде атап өтті.
Анатолий Васильевич Луначарский (1875-1933), Халық ағарту комитетін 1929 жылға дейін басқарып, коммунистік тәрбие беру идеясын насихаттап, мектепті қайта құру мәселелерімен белсене айланысты. Оның негізгі ұстанған идеясы жас ұрпаққа қоғам мүддесіне сай білім беру және тәрбиелеу болды.
Халықағарту комиссариатыныңбелгілі қайраткерлерінің бірі – Надежда Константиновна Крупская (1869-1939). Оның негізгі идеясы жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру болды. Н.К.Крупская еңбек тәрбиесіне жалпы және политехникалық білім беруге, мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбиеге, оқыту мен тәрбие мазмұнына арналған көптеген педагогикалық еңбектер жазды.
Ол еңбек тәрбиесін политехникалық білім берумен ұштастыру қажет деп санады, политехникалық білімнің жалпы білім негізінде берілуін талап етті. Политехникалық білім беруге Н.К.Крупская тірі табиғатты, материалдардың технологиясын, өндіріс құралдарын, олардың тетігін, энергетиканы білу, сонымен қатар экономикалық қатынастардың жағрафиялық негізін білу жатады деп санады. Политехнизм жеке пән емес, – деді ол, – барлық пәндерді оқытуда сол пәндердің (физиканың, химияның, жаратылыстың, қоғамтанудың) материалдарын іріктеп алу арқылы берілетін білім: ол пәндер бірімен-бірі байланысты тәжірибемен ұштастырыла оқытылуға тиіс, әсіресе оқыту еңбекпен байланыстырылуы керек деп есептеді.
1918 жылы I Жалпыресейлік халық оқу-ағарту съезінде жаңа мектептің бағытын айқындайтын құжаттардың “Бірыңғай еңбек мектебінің ережесі” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі ұстанымдары” деп аталған құжаттардың жобалары қабылданды. Осы құжаттардың негізінде мектепті қайта құру ұстанымдары мен оқудың жаңа мазмұны қарастырылды, оларда:
жергілікті басқару органдарынан мектеп ісін тікелей қолға алу талап етілді; етілді;
мектепте өзін-өзі басқаратын орган (мектеп кеңестерін) құру, оныңқұрамына педагогтар, оқушылар, ата-аналардың өкілдерін қамту көзделді;
жергілікті жердің жағдайын ескеретін, үлгі ретінде (міндетті емес) оқу бағдарламалары енгізілді;
ғылым негіздерінен оқулықтар дайындалды, қолданыста бар оқулықтарды пайдалануды ұсынды;
Алайда бұл құжаттарда балалардың білімін күнделікті тексеріп отыру, үйде орындауға тапсырма беру, емтихан тапсыру міндеттелмеді.
Жаңа мектепті құрудың алғашқы жылдарында мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибелік ізденістеріне шектеу қойылған жоқ. Оқу ісін ұйымдастыруға мұғалім мен оқушылар тең құқықпен белсенді түрде өздері қатысуы тиіс болды. Мектептегі оқытудың негізіне еңбек тәрбиесі алынды. Мектептегі еңбек тәрбиесі ең бірінші маңызы зор мәселе ретінде қаралумен бірге, оқушылардың дене және эстетикалық тәрбиесіне де ерекше назар аударылды, политехникалық білім беру мәселесін қолға алу керектігі атап көрсетілді.
Балалармен гуманистік, яғни ізгілік қатынас құру мақсатында мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластық қарым-қатынас үлгісін орнатуға көңіл бөлінді.
Бірыңғай еңбек мектебінбір нұсқадағы ғана мектеп деп түсінбей, олар ұстанатын жалпы идеялар бірлігін талап етумен бірге, жергілікті аймақтың жалпы және айырықша ерекшеліктерін ескеру қажеттігі айтылды.
1920 жылы Оқу-ағарту халық комиссариаты кеңес мектебінің оқу жоспарын жариялады. Бұл оқу жоспарының ерекшелігі әр түрлі оқу пәндерін оқытуға назар аударылды. Орыс тілі мен әдебиеті, математика пәндерін оқытуға сағат көбірек бөлінді. Сонымен бірге, алғашқы оқу жоспарының басты кемшілігі – оның орындалуы міндетті болмады, ол тек үлгі ретінде ғана ұсынылды.
Орыстан өзге халықтардың балалары үшін ұлттық мектептер құрыла бастады.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында оқыту мен тәрбие беру мекемелерінің төмендегідей жаңа типтері ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |