Кей дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері


Қолдануға болмайтын жағдайлар



бет4/8
Дата15.05.2020
өлшемі1,24 Mb.
#68734
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
кей дәрілік заттар енгізу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • - гепаринге жоғары сезімталдық
  • - ағымдағы гепарин индукциялаушы тромбоцитопения немесе оның сыртартқыда болуы
  • - бауырдың, бүйректің ауыр жеткіліксіздігін, ойық жара ауруының өршуін, Крон ауруын, жедел немесе жеделге жуық сепсистік эндокардит, бассүйекішілік қан құйылу немесе жарақат және бас, мойын, көз, құлақ аумағына жасалатын операцияларды қамтитын және әйелдерде түсік тастау қатері, босану кезіндегі (соның ішінде таяудағы) жайылған немесе жергілікті қан кетуге бейімділік
  • - қуық асты безіне, бауырға және өт жолдарына таяуда жасалған хирургиялық араласулар
  • - жұлын-миға жасалған пункциядан кейінгі жай-күй
  • - бақыланбайтын ауыр артериялық гипертензия
  • - пролиферациялық диабеттік ретинопатия
  • - туберкулездің белсенді түрі
  • - жедел және созылмалы лейкоз
  • - апластикалық және гипопластикалық анемиялар
  • - жүктілік және лактация кезеңі
  • - 3 жасқа дейінгі балаларға
  • Гепарин инъекциясы құрамында 10 мг/мл консервант – бензил спирті бар, сондықтан шала туған немесе жаңа туған балаларға қарсы көрсетілімді.
  • Гепарин алған жүкті әйелдерде босану кезінде эпидуральді анестезия қарсы көрсетілімді.
  • Гепаринді профилактика үшін емес, емделу үшін алатын науқастарда жоспарлы хирургиялық шаралар жасалғанда жергілікті-аймақтық анестезия қарсы көрсетілімді, өйткені Гепарин пайдалану өте сирек, бірақ ұзақ уақыт немесе тұрақты салдану нәтижесінде эпидуральді немесе жұлын гематомасының дамуымен астасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет