Симптомдары: ауыр геморрагиялық асқынулар, қан кетулер.
Емі: геморрагиялық асқыну ауырлығына қарай, препарат дозасын азайту немесе оны тоқтату керек. Егер препаратты тоқтатудан кейін қан кету жалғасатын болса, көктамыр ішіне гепарин антагонисі – протамин сульфатын (немесе хлоридін) енгізеді (1 мл протамин сульфаты 100 ХБ гепаринді бейтараптандырады). Гепарин препаратын көктамыр ішіне енгізуден кейін 90 минут бойы протамин сульфатының есептелген дозасынан 50%, кейінгі 3 сағатта 50% енгізіледі.
Гемодиализ тиімсіз.
БИЦИЛЛИН ЕГУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
Инъекцияға арналған антибиотиктер арнайы флаконда кристалды ұнтақ ретінде шығарылады. Ұзақ әсер ететін бензилпенициллиннің екі тұзынан тұратын біріктірілген бактерицидті антибиотик. Микроорганизмдердің жасушалық қабырға синтезін бәсеңдетеді.
Қолданылуы:
- ревматизм қайталануларының (жыл бойғы және маусымдық) профилактикасы
- сезімтал қоздырғыштар туғызған тілмелі қабыну, терінің және жұмсақ тіндердің стрептококкты инфекциялары, жарақаттық инфекция (В тобы стрептококктары туғызған инфекцияларды қоспағанда)