- қан плазмасындағы кальций иондары концентрациясының жылдам жоғарылауын талап ететін гипокальциемия жағдайларында (қалқансерік бездерінің функционалдық жеткіліксіздігіндегі тетания, D витамині жеткіліксіздігіндегі тетания, қанды алмастырып құйғанда және цитратты қан құюда кездесетін гипокальциемиялар, алкалозда)
- жедел қорғасынды шаншуда кешенді ем құрамында
- магниймен артық дозаланудан болатын магниймен улану жағдайларында
- ЭКГ-де жүрек функциясының бұзылуымен тіркелген гиперкалиемияда
Жүйелік әсерлері көктамыр ішіне енгізгеннен кейін әп сәтте дерлік дамиды, әсер ету ұзақтығы – 30 минут.
Жүйелік әсерлері көктамыр ішіне енгізгеннен кейін әп сәтте дерлік дамиды, әсер ету ұзақтығы – 30 минут.
Тепе-теңдік концентрациясы (СSS)-2-3,5 ммоль/л. Гематоэнцефалдық және плацентарлық бөгеттер арқылы өтеді, ана сүтінде плазмадағы концентрацияларынан 2 есе асатын концентрация құрайды.
Бүйрек арқылы шығарылады, бүйрекпен шығарылу жылдамдығы плазмадағы концентрациясына және шумақтық сүзілу деңгейіне пропорционалды.