Кейінгі жылдары спортқа кенедей жабысып, оның ажырамас бөлігіне айналып барады



бет6/7
Дата05.05.2020
өлшемі23,49 Kb.
#65833
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Допинг

Қан допиңы

Қан допингі — бұл спортшының қанының құрамындағы эритроциттер шамасын арттыру, осылайша қанның оттегіні тезірек игеру қабілеті күшейтіледі. Қолданыстағы түрлері: спортшының қанына донорлық эритроциттер құю. Сондай-ақ басқа да әдіс-тәсілдері бар: ірі жарыс-бәсекеге дейін екі-үш ай бұрын спортшыдан белгілі бір мөлшерде қан алынып (немесе нағыз спорттық бабына келген кезінде алынуы да мүмкін), бұл қан консервіленеді (зертханалық жағдайда сақталады), ал нақты керек кезінде әлгі қан ағзаға қайта құйылады. Мұны қолданудағы басты мақсат — қанның оттегіні игеруін күшейте түсу. Осындай жолмен қан допингін қолдану адамның ағзасы үр жаңа қалыпқа түскендей етеді. Әрі олар төзімді де, шыдамды бола түседі. Зиянды әсерлері — қан түйіршіктері пайда болады; қан айналым жүйесіне жүктеме түседі; аллергиялық реакциялар бүйрекке зақым келтіреді; инфекциялық аурулар таралады. Көпке дейін мұны анықтау мүмкін болмай келген, бірақ қазір «ағынды цитометрия» мұндай допинг қолданғандарды айна-қатесіз айқындап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет