Кейс-стади әдісін «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің зертханалық сабақтарында пайдалану



Дата17.02.2017
өлшемі44,26 Kb.
#9603
Кейс-стади әдісін «Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің зертханалық сабақтарында пайдалану.

Авторы: Шымкент қаласы қалалық білім бөлімі ғылыми-әдістемелік кабинеті биология пәнінің әдіскері Сәуле Ибадуллақызы Базарбаева.


Кейс пайдалану әдісі оқушының алған білімін нақты жағдайда пайдалана алу мүмкіндігін туғызады. Кейс жағдайын оқытуда пайдалану өткен ғасырдың бірінші жартысында  Гарвардтағы бизнес мектебінде алғаш рет басталған. Қазір бұл дүниежүзінде оқытудың өте бір тиімді әдісі ретінде кеңінен пайдаланылады. Кейс әдісі  нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол оқушыларды пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:

1)кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);

2)негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.

3)жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.

Кейс әдісінің ерекшелігі:

- Оқыту өмірдегі нақты жағдаймен байланыстырылады;

- Оқытуда кейс әдісін пайдалану студентке проблеманы шешудің жолдарын іздеуге еркіндік береді;

- Кейс жағдайын талдау үдерісінде оқушылар өмірдегі нақты, бір-    бірімен байланысқан процестерді көрсетеді;

- Нақты жағдайды талдай отырып, оқушы негізгі білімді жинақтайды, қорытынды жасайды.

Сабақты кейс әдісімен өткізілу барысында келесі жетістіктерге оңай қол жетуге болады:

- оқушылардың сабаққа деген ынтасы анағұрлым артады;

- дискуссия барысында бейтарап отырып қалатын оқушылардың қатары азаяды, я болмаса мүлдем болмайды;

- пікірталас барысында оқушының пәнге деген қызығушылығы    айтарлықтай артады;

-       сабақтың жоспарланған материалдарын оқушылар толық меңгеруге мүмкіндік алады. Кейспен жұмыс істеудің жоспары:

- Оқушының кейс жағдайын зерттеуі;

- Оқытушының көмегімен кейстің негізгі мақсаттарын анықтау;

-   Шешім қабылдау үшін шағын топта талдау;

-   Топта презентация жасау;

-   Жалпы топтағы пікірталас, олардың ойларын тыңдау;

- Мұғалімнің қорытынды сөзі, жағдайды талдауы;

- Проблеманы талдау бойынша баға беру,  кемшіліктерді    көрсету. Соңында мұғалім бұл жағдайдың нақты жағдайда қалай болатындығы туралы хабарлайды. Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия, биология пәні мұғалімдерін дайындауда аса маңызды болып есептеледі. Биологияны оқыту әдістемесі – пән ерекшеліктеріне негізделген, оқыту мен тәрбиелеу үрдісі элементтерінің жиынтығын беретін ғылым. Биологияны оқыту әдістемесі пәнінің дәрістік курсында оқушылар жалпы және жеке әдістемелердің теориялық негізін меңгерсе, зертханалық сабақтарының  барысында аралас, дәстүрлі емес сабақтар және оқытудың қазіргі технологияларын пайдалана отырып, сабақтар өткізуге машықтанады Мақалада БОӘ пәнінен зертханалық сабақ өткізудің әдістемесін ұсынамыз. Зертханалық сабақтың тақырыбы: Биология пәні сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану жолдарын анықтау. Мақсаты: оқытудың жаңа технологиясының бір түрі- деңгейлеп отқыту технологиясымен танысу, оны қолданып сабақ өткізу методикасын меңгеру:

1тапсырма:  Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктерін анықтау

2тапсырма:  Деңгейлеп оқыту арналған сабақ жоспарын жасау, презентациялау. Зертханалық сабақты  ұйымдастыру барысы: 

І.Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы. Бұл сатының негізгі міндеті:  бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы. Оқушылар мұғалімнің қатысуымен тақырыптың мазмұнын талқылайды.

1. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі ерекшеліктері неде?

2.Басқа оқыту технологиясынан айырмашылығы қандай?

3. Деңгейлік тапсырмалардың түрлері қандай?

4. Деңгейлік  тапсырмаларды құрастыруға қойылатын талаптар қандай болуы керек?  (Бұл мәліметтер сабақ барысында берілгендіктен, еске түсіріп, жинақтайды).  Нәтижесінде оқушылардың кейс-стади материалдарын білуі және  талқылауға қызығушылығы анықталады. (Уақыт қоры -10 минут) ІІ.Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы. Бұл сатының негізгі міндеті:  мәселелені шешуге арналған  іс-әрекетті ұйымдастыру. Ол үшін оқушылар жұптастырылып,  әрбір жұпта ізденіс, тапсырмалар құрастыру, олардың өңдеу,  қажет ақпарат көздерімен жұмыс істеу, кейстегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны  қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындайды.

1.    Тақырып таңдау.

2.    Тақырып бойынша материалдар жинақтау (әдебиеттер, мектеп оқулықтары,  қосымша материалдар,  дидактикалық материалдар).

3.    Сабақ жоспарын құрастыру (уақыт қоры-40 минут) ІІІ.Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы. Бұл сатының негізгі міндеті  кейспен жұмыстың нәтижелері мен оқытудың нәтижелерін айқындау.

1.    Құрастырылған жоспар негізінде сабақ барысын презентациялау (уақыт қоры-40 минут).

2.    Талқылау (уақыт қоры-7 минут).

3.    Қорытындылау (уақыт қоры-3 минут).  
Әдебиет:  

1.    Барнс Л.Б., Кристенсен К.Р., Хансен Э.Дж. Преподавание и метод конкретных ситуаций: Пер. с англ. / Под ред. А.И. Наумова. – М., 2000. – 501 с.

2.    Әбдірәсілов Л.Ә.. Оқыту  үрдісінде оқу кейсін пайдалану тиімділігі //Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар. Х ғылыми-әдіст. конф.мат. – Астана, 2009. -198-200 бб.

3.    Кемелқызы Т., Оңғарбаева Г.Р. Биологияны оқыту әдістемесі. Оқу әдістемелік кешен – А.: Інжу-Маржан, 2010. 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет