Кейс тапсырма. Саяхаттың пайда болуы мен дамуының алғышарттарын сипаттаңыз



бет31/40
Дата27.12.2023
өлшемі89,94 Kb.
#199594
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Байланысты:
туризм тарихы билеттер (2)

1 Кейс.
1 тапсырма. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы негізгі қағидаттар мен тәсілдерді сипаттаңыз (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 қаулысы)
2. Туристік саланы дамытудың ағымдағы жағдайын талдау
Туризм – бұл әлемдік экономиканың ең ірі ғана емес, сонымен бірге қарқынды дамып келе жатқан саласы, оның өсу қарқыны экономиканың басқа салаларының өсу қарқынынан 2 есе жоғары. Негізгі көрсеткіштер бойынша, оның ішінде инвестициялық салымдардың тиімділігі бойынша туризмді мұнай өндіру өнеркәсібімен салыстыруға болады.
Бұдан басқа, туристік сала жобаларын іске асыру тұрақты жұмыс орындарының едәуір санын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, БАӘ-де WarnerBrothers тақырыптық паркінің толық жұмыс істеуі үшін шамамен 5500 тұрақты жұмысшы қажет, ал жоғары технологиялық бояу зауытының жұмыс істеуі үшін тек 10 жұмысшы қажет.
Соңғы алты онжылдықта әлемде туризмнің тоқтаусыз өсуі байқалды. Көптеген елдерде халықаралық туризм жұмыс орындарын құру, қызметтерді экспорттау және инфрақұрылымды дамыту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың драйвері болды.
Пандемияға дейін туризм әлемдік жиынтық өнімнің шамамен 10%-ын, қызметтердің әлемдік экспортының 30%-ын, әлемдік инвестициялардың 7%-ын, жұмыс орындарының 10%-ын және барлық салық түсімдерінің 5%-ын құрады.
2019 жылғы мамырда туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) қабылданды.
2019-2022 жылдар кезеңінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша келесіге қол жеткізілді:
"Tax free" жүйесі енгізілді (шетелдік азамат жасаған сатып алудан қосылған құн салығын қайтару жүйесі);
визасыз елдердің тізімі 79 елге дейін кеңейтілді, көші-қон карточкалары және шетелдіктерді тіркеу 30 күнге дейін тоқтатылды;
зерттеу жүргізілді, орналасуы көрсетілген санитариялық – гигиеналық тораптар (бұдан әрі – СГТ) болуы қажет орындар анықталды, Қазақстанның туристік дестинацияларында СГТ карталары жасалды;
2020 жылы негізгі назар "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы бойынша қаржыландыру бөлуге аударылды, оның шеңберінде 14,8 млрд теңге сомасына 23 жобаның, сондай-ақ 1,0 млрд теңге сомасына 99 СГТ құрылысы қаржыландырылды;
"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасына туризмнің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) 5 коды енгізілген, 26 млрд теңгеден астам сомаға 10 жылға дейінгі кредиттеу мерзімімен 58-ден астам жоба қаржыландырылды;
"БЖК 2025" аясында 5 жылға дейінгі несиелеу мерзімімен 60 млрд теңгеден астам сомаға 177-ден астам жоба қаржыландырылды;
түзетілген бас жоспарлардың негізіне алынған МҰТП дамыту Тұжырымдамасы әзірленді және нақтыланды;
Алматы облысының МҰТП-на 4 стратегиялық инвестор тартылды, олар өз жобаларын табысты жүзеге асыруда;
Қазақстанның 12 әуежайында "ашық аспан" режимі енгізілді;
2020 жылы Түркістан қаласында Халықаралық туризм және меймандостық университеті ашылды.
Туристік қызмет саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды, онда туристік саланы мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын енгізу көзделген (шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау (15 мың теңге); тау шаңғысы курорттары үшін техника мен жабдықтар (аспалы жолдар, ратрактар, қар генераторлары) сатып алу бойынша өтем (25%); туристік объектілерді (10%), жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде өтеу (10%) (бұдан әрі – ЖБСО); туравтобустарды сатып алу бойынша өтеу (25%); СГТ ұстауды субсидиялау (83,3 мың теңге.); турпакет құрамында балалар авиабилетін өтеу (Kids Go Free).
Заңның жаңа редакциясында туристификация картасының республикалық деңгейдегі объектілерінің тізбесіне енгізілген басым туристік аумақ – туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ ұғымы енгізілді.
Сонымен қатар, визалық-көші-қон режимін бұзғаны үшін жазалау шаралары ізгілендірілді.
Туристік саланың инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде туризм саласындағы инвестициялық жобаны басым деп тану үшін шек 2 млн АЕК-тен 200 мың АЕК-ке дейін төмендетілді, бұл инвестициялық преференциялар алуға мүмкіндік береді.
Болжамды есептеулерге сәйкес 2029 жылы кәсіпкерлерді жаңа шаралармен жалпы қамту кемінде 2,5 мың бірлікке жетеді.
Туристер үшін қызығушылық тудыратын республикалық және өңірлік деңгейдегі аумақтары бар туристификациялау картасы қалыптастырылды және бекітілді.

Инженерлік-коммуникациялық және ілеспе инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 2019-2021 жылдар кезеңінде 120 млрд теңгеден астам сомаға 80 жоба іске асырылды


"Атамекен" ҰКП жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) және турбизнеспен бірлесіп ҚР туристік объектілеріне апаратын турмаршруттар мен автомобиль жолдары мен кірме жолдардың инфрақұрылымына бастапқы түгендеу жүргізілді.
Ойын бизнесі саласынан түсетін салық түсімдері соңғы жылдары айтарлықтай өсті, 2020 жылы – 35,3 млрд теңге, 2021 жылы – 501 млрд теңге, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында – 294,4 млрд теңге.
Жаһандық коронавирустық пандемия экономиканың әртүрлі салаларына, соның ішінде туристік салаға әсер еткен әлемдегі ең үлкен дағдарысқа әкелді. Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) деректері бойынша 2020 жыл жаһандық туризм үшін тарихтағы ең нашар жыл болды: халықаралық сапарлар саны 2019 жылмен салыстырғанда 74%-ға азайды.
Пандемия кезінде саяхат және туризм секторы 2020 жылы 4,7 трлн АҚШ долларына жетіп, 4,5 трлн-ға жуық шығынға ұшырады, бұл ретте Жалпы ішкі өнімге (бұдан әрі – ЖІӨ) салым 2019 жылмен салыстырғанда 49,1%-ға қысқарды, ал әлемдік экономиканың ЖІӨ-нің төмендеуі 2020 жылы 3,7%-ды құрады.
Саяхат көлемі азайды, сондықтан туризм экономикада жетекші орынға ие болған елдер бірінші кезекте зардап шекті.
Осыған байланысты қазіргі уақытта іс жүзінде барлық елдер туризм саласындағы, оның ішінде ұсынылатын туристік өнімдерге, нысаналы сегменттерге мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі өз саясатын қайта қарауда.
Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) болжамдарына сәйкес халықаралық туризмді қалпына келтіру екі жарым жылдан төрт жылға дейін созылуы мүмкін және дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге оралу 2024 жылдардан бұрын болмайды.
Пандемиямен байланысты әлемдік дағдарыс Қазақстан Республикасына да әсер етті.
Түрлі сараптамалық деректер бойынша отандық туроператорлар мен турагенттер қызметінің кірістілігі 50-60%-ға төмендеді. Әр түрлі аймақтарда сурет аймақтық факторлардың әсерінен, қатаң шектеу шараларының болуы немесе болмауы салдарынан жақсы немесе нашар болды
Бүкіл әлем сияқты, Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілері үшін бірқатар дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды.
Бірінші кезекте салықтық каникулдарды ұсыну бойынша шаралар қабылданды, салықтардың бірқатар түрлерінен босату түрінде туристік сектор үшін жаңа қолдау құралдары әзірленді, карантин кезеңіне банктік кредиттердің төлемдері бойынша кейінге қалдырулар берілді, локдаун кезеңінде мемлекеттен ең төменгі жалақы төлемдері қамтамасыз етілді.
Шекаралардың жабылуы қазақстандықтарды ел ішінде демалуға итермеледі. Азаматтардың көпшілігі қалаларға жақын табиғи демалыс орындарына, ұлттық парктер мен курорттық аймақтарға барды. Осыған байланысты ішкі туристік ағымдар келу және кету ағындарымен салыстырғанда аз дәрежеде қысқарды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда пандемияға дейін жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу күтілуде (бір жылдағы ресми статистика сәуір айында жарияланады). Короче мынау ұзаақ екен өздерің қарап аларсыңдар https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000262


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет