Кейстегі әрекеттерді саралаңыз (30 балл)



Дата22.10.2019
өлшемі18,21 Kb.
#50503
Байланысты:
УП

1) Кейстегі әрекеттерді саралаңыз (30 балл).

1) Асановтың әрекетін саралайтын болсақ, менің ойымша, оның әрекеттері ҚР ҚК 337-баптың 4-1,2 және 5-1 тармақтары бойынша, 262-баптың 1,2бөлігімен, 339-бап, 287 – баптың 3 және 5 бөліктерімен, 28-баптың 3-бөлігіне сілтеме жасай отырып, жиынтық бойынша сараланады.

Иванов, Керімов және Сергеевтің әрекеттері ҚР ҚК 337- баптың 4-1,2 және 5-1 тармақтары бойынша, 262- баптың 2 бөлігімен, 339- бап, 287 – баптың 5 бөлігімен жиынтық бойынша сараланады.

Сағатовтың әрекетін ҚР ҚК 339 – бап бойынша саралаймыз.

2) ҚР ҚК 337-бабын құрамға талдайтын болсақ:

Бұл баптың объектісі - жануарлар әлемін қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі қоғамдық қатынастар ал оның заты – аңдар мен құстар. Объективтік жағын келесі әрекет құрайды: заңсыз аң аулау. Дегенмен, заң шығарушы қылмыстық заңнамаман сараланатын заңсыз аң аулауды әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексте белгіленген заңсыз аң аулаудан ажырату үшін келесі белгілерді көрсеткен: қылмыстың қаруы –жарылғыш заттар мен жануарларды жаппай қырып жоятын өзге де құралдар. Кейс бойынша Асанов пен үш қатысушының осы қаруды қолданғанын көре аламыз.

Заңсыз аң аулау деп «Экологиялық қылмыстар туралы жауапкершілік тағайындаудың кейбір мәселелері» Жоғары Соттың Нормативтік Қаулысында келесі іс-әрекетті таниды ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді, егер ол тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) жүргізілсе, өз бетінше олжалау деп түсінген жөн. Біздің оқиғада тыйым салынған жерде, тыйым салынған қаруларды пайдалана отырып жасалғандықтан заңсыз аң аулау деп санаймыз. Субъективтік жағы: кінә – тікелей не қасақана. Қатысушының ниеті не мақсаты маңызды болмайды алайда ол көбіне пайдакүнемдік ниетінде болады.

337-баптың 4-бөлігі 1-тармағында ауырлатушы белгі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда немесе төтенше экологиялық аумақтарда қылмыстың жасалуын көрсеткен. Кейс бойынша, қылмыстар Марқакөл қорығында жасалған, Марқакөл қорығы – ерекше қорғалатын табиғи аймаққа жатады.

337-баптың 4-бөлігі 2-тармағында ауырлатушы мән-жай ретінде жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты қылмыс жасалу қажет деп көрсеткен. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері Қызыл Кітапта айқындалған, кейс бойынша қылмыстық топ арқарларға қатысты заңсыз аң аулаумен айналысқан, ал арқар ҚР Қызыл Кітабында енгізілген, сол себепті осы ауырлатушы мән-жай қолдану керек.

337-баптың 5-бөлігі 1-тармағында ауырлатушы мән-жай ретінде қылмыстың қылмыстық топ арқылы жасалуын көрсеткен. Біздің кейсте қылмысты Асанов, Иванов, Керимов, Сергеев төртеуі ұйымдасқан топ ретінде жасасқан.

Конструкциясы бойынша ққб құрам : Формальдық себебі қоғамға қауіпті әрекет ғана көрініс тапқан.

ҚР ҚК 287-баптың құрамы:

Бұл баптың объектісі ретінде қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен және жарылғыш құрылғылармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Қылмыстың объективті жағы ҚР ҚК-нің 251-бабында көрсетілген заттарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру болып табылады. Осы қылмыстың қаруы (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілер, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылар болып табылады.

Субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс адам болып табылады.

Субъективтік жағы тікелей қасақаналық. Кінәлі азаматтық айналымнан толық немесе ішінара алынған заттармен заңсыз әрекет жасайтынын түсінеді және мұны қалайды.

287 баптың 5 бөлігі бойынша ауырлатушы мән жайлар ретінде қарастырылады. Егер оған бірлесіп қылмыс жасау туралы алдын ала уағдаласқан адамдар қатысса, қылмыс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған деп танылады. Яғни, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемденіп оларды пайдаланып қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылық.

Конструкциясы бойынша ққб құрам : Формальдық себебі қоғамға қауіпті әрекет ғана көрініс тапқан.

ҚР ҚК 262 баптың құрамы бойынша

Объектісі ретінде қоғамдық қауіпсіздік.

Объективті жағы ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) құру, оларға басшылық ету; сондай-ақ қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) не ұйымдасқан топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкілдерінің бірлестігіне қатысу.Асановты осы баптың 1 бөлігі бойынша ұйымдасқан топты құрғаны және ұйымдастырғаны үшін жауаптылықта болады. Ал, Иванов, Керимов, Сергеевтің әрекеттері осы баптың 2 бөлігі бойынша ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін жауаптылықта болады.

Субъектісі жалпы ережемен 16 жасқа толған есі дұрыс адам. Субъективтік жағына келетін болсақ, тікелей қасақаналықпен жасалған әрекет. Яғни адам қылмыстық құрылымдарды құру немесе оған басшылық ету, сондай-ақ қылмыстық қоғамдастыққа қатысу жөніндегі өз іс-қимылдарының қоғамдық қауіпті сипатын сезінеді, мұндай іс-әрекеттердің нәтижесінде қылмыстық құрылымдар жұмыс істейтін болатынын болжайды және мұны қалайды.

Конструкциясы бойынша ққб құрам : Формальдық себебі қоғамға қауіпті әрекет ғана көрініс тапқан.

ҚР ҚК 339 бапты саралайтын болсақ:

Объектісіне ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау және өсімін молайту жөніндегі экологиялық қауіпсіздік қылмыстар жатады.

Объективтік жағына жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін немесе олар мекендейтін жерлерді заңсыз олжалау, сатып алу, өткізу, сол сияқты жоюдан көрінеді.

Заңсыз аулау деп ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді, егер ол тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) жүргізілсе, өз бетінше олжалау деп түсінген жөн. Асанов, Сергеев, Керимов және Иванов заңсыз аң аулағандары үшін қылмыстық жауаптылықта болады. Сатып алу деп осы жануарларды немесе өсімдіктерді кез келген нысанда өтемді немесе өтеусіз алуды түсіну керек: сатып алу, иемдену, алдау жолымен немесе сыйға алу, қарыз есебінен, басқа мүлікке айырбастау және т.б. Бұл Сағатовтың арқарды осы кейсте заңсыз сатып алу әрекетімен көрініс тапқан. Өткізу олардың заңсыз таралуының кез келген тәсілдерін қамтиды: сату, сыйға тарту, айырбастау, қарызды төлеу, қарызға беру және т.б. Жою деп жануарлар мен өсімдіктерді немесе олардың мекендейтін жерлерін толық қырып-жою, яғни олар одан әрі өз мақсатына қарай пайдаланыла алмайтын, ал олардың мекендейтін жерлері толық өмір сүруді тоқтататын жағдайға жеткізу түсінген жөн.

Субъективті жағынан қаралып отырған қылмыс тек кінәнің қасақана түрімен сипатталады.

Субъектісі 16 жасқа толған кез келген есі дұрыс адам бола алады.

Конструкциясы бойынша ққб құрам : Формальдық себебі қоғамға қауіпті әрекет ғана көрініс тапқан.



3) Кейсте сипатталған оқиға бойынша сыбайлас қатысушылардың түрін анықтаңыз (15 балл).

ҚР ҚК 28 бабының 3 тармағы бойынша Асанов ұйымдастырушы болып танылады. Себебі, осы қылмысты ұйымдастырып, оның орындалуына басшылық жасаған.

Сергеев, Керимов және Иванов сыбайлас қатысу қылмысы бойынша орындаушы рөлін атқарып тұр.




4)  Кейсте сипатталған оқиға бойынша сыбайлас қатысу нысанын анықтаңыз (15 балл)

Кейс бойынша ҚР ҚК 31 – баптың 3 бөлігі бойынша бұл қылмысты ұйымдасқан топ жасаған. Оның ұйымдасқан топ болу себебі, бір немесе бірнеше ққб жасау мақсатында екі немесе одан да көп адамдардың тұрақты тобы. Көріп отырғанымыздай, Асанов және оның достары Марқакөл қорығындағы жоғалып кету қаупі бар арқарды 6 ай бойы заңсыз аулағаны ұйымдасақан топтың тұрақылығын көрсетеді.



5) Кейсте сипатталған оқиға бойынша  қылмыстық құқық бұзушылықтің көптігі орын алған ба? (15 балл).

Бұл оқиға бойынша көптік орын алған. Асановтың әрекетінде қылмыстың көптілігі орын алған, яғни ҚР ҚК 188 б.2 т бойынша соттылығы алынбаған және екі немесе одан да көп ққб жасап отыр. Яғни Асановтың әрекетін ҚР ҚК 337-баптың 4-1,2 және 5-1 тармақтары бойынша, 262-баптың 1,2бөлігімен, 339-бап, 287 – баптың 3 және 5 бөліктерімен, 28-баптың 3-бөлігіне сілтеме жасай отырып, жиынтық бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Иванов, Керімов және Сергеевтің әрекеттері ҚР ҚК 337- баптың 4-1,2 және 5-1 тармақтары бойынша, 262- баптың 2 бөлігімен, 339- бап, 287 – баптың 5 бөлігімен жиынтық бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет