1көрініс -Кел,Абайжан,қоңыр қозым......
-Әже, бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім өткен?
-Е,балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған, нағашыларың да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам баласы ақиқатқа жақын болса, ондай адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ. Халқына жақын жақсы адам үнемі жарқырап тұратын асыл тас сияқты. Шын асылдық қасиеті жоғалмайды.
2көрініс Балалардың дауысы: Қалашылар, қалашылар келеді!
1.Әйел:Анау Абай, Абай ғой, айналайын ай. Апасына айтайықшы.
2.Әйел: Бәсе-е, телғара ғой...(ойланып) жаным-ау, мынау ... нық үнмен Телғара!Әпкеме айтайыншы.Жиналған жұрт қалашыларды күтіп тұрады.Қасында Байтас пен Жұмабай Абай кіріп келеді де көзі бірден шешесіне түседі.
3.Абай:Апа.Абай өзіне қарай жүгіре бергенде, апасы әкесін нұсқайды.
4.Апасы: Әй шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр...!Сәлем бер!Құнанбайдың қасында 2-3 кісі бар олар өзара әңгімелесіп тұр.Байтас,Жұмабай,Абай үшеуі барып Құнанбайға сәлем берді.
-Ассалаумағалейкум!
-Уағалейкумассалам!
Құнанбай: балам.Бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау!Молда болдың ба? Бойыңдай болып білімің де өсті ме?
Абай: Шүкірлік әке! Біраз тұрып ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым.
Айғыз күліп:
-Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, -деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді.
Кезек өз-шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді.
- Әжеңе бар, әнеки!-деп бұрып жіберді.
- Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме, Қарашығым, қоңыр қозым...Абай жаным-деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті. Ымырт жабылғанша осында болды.