Автор: Абай 15 жасқа толғанда әкесі оған Қазақтың ұлы билерінің бірі Қаз Дауысты Қазыбек бидің шөбересі Алшынбай бидің Жүсіп деген баласының 17 жасар қызы Ділдәні алып берді. Сөйтіп Құнанбай Арғын жұртының ең ықпалды руының бірі Қаракесек елімен, жеті атасынан бері билігі үзілмеген Қаракөсек тұқым Қаз Дауысты Қазыбек бидің әулетімен құдандалы болысу арқылы соңғы жылдары жалаңаштана бастаған іргесін бекітті, осылайша Абайдың нағашылары оның қайын жұртына айналды.
Әкелер тарапынан жүзеге асырылған құдалық Абайдың жас жүрегіне тағы бір жазылмас жара салды. Өйткені оның жас жүрегі бір көргеннен іңкәр болған сүйіктісі Тоғжан деп соғатын. Бірақ Тоғжанды өзінің аяулы жары етуге Абайдың еш мүмкіншілігі қалмағанды. Ғашығы Тоғжан ежелгі дала заңымен әлдеқашан басқа біреуге атастырылып қойылған еді. Алғаш көргенде Абайдың Ділдәні жатырқауында, оған үйренісе алмауында осынау мұңлы сыр бар еді.