Кәламның анықтамасы және тақырыбы



Дата08.02.2022
өлшемі19,54 Kb.
#98068
Байланысты:
первая неделя


Кәламның анықтамасы және тақырыбы
Кәлам ілімі:1. Кәлам сөзінің тілдік мағынасы “сөз” деген мағынаға келеді. Қазіргі кезде "Кәлам" Алланың сөзі деген мағынад қолданылады. Терминологиялық мағынасын айту үшін әуелі төмендегі тақырыптарға тоқталуымыз керек.
а-Тақырыбына қарай мағынасы
Кәлам ғылымы Аллахтың бар және жалғыз екендігінен сипаттарынан сөз еткен ғылым. Анықтап айтатын болсақ Кәлам ғылымы Аллахтың сипаттары, пайғамбарлық, ақырет немесе әлемнің бар болуы және жоқ болуы туралы Ислам сенім негіздеріне сүйеніп түсіндіретін ғылым болып табылады.
б-Мақсатына қарай мағынасы
Кәлам құранда айтылған немесе айтылмаған ақылдық дәлелдерге сүйеніп Ислам сенімінде пайда болған күмәндарды жоқ ету діни сенімді қорғау мақсатымен өзін ортаға қойған ғылым. Кәлам ғылымының бірнеше анықтамасы жасалған. Осы анықтамалардың нәтижесінен кәлам ғылымының мынадай ерекшеліктерге тән екендігін көре аламыз:
Кәлам - сенім үкімдерін нақты білу ғылымы. Кәлам - жұмақ, тозақ, есеп, жаза, сыйлық сияқты ақыретке қатысты негіздерді білу ғылымы.Кәлам - таухид және сипат ғылымы.Кәлам - адам баласының білуі керек болған ғылым. Кәлам – мұсылман атына лайық болған кісілердің иманын арттырып, әрі қуаттандырып, сондай-ақ ғайри мүслимдердің күмәнді пікірлерінен ұзақтатып, Ислам дініне кірулеріне себепші болу мақсатында пайда болған Ислам ғылымдарының жоғарғы сатысынан орын алатын ғылым. Әйтсе де бұл ғылымның Хасан Басримен Уасыл б. Ата арасындағы оқиғадан кейін пайда болғандығына көптеген тарихшы ғалымдар келісуде. Аллах Тағала және оның сипаттарына, пайғамбарлыққа тиісті мәселелерден, осы дүниеде әрі ақыретте адам баласының және жалпы жаратылыстың жағдайларынан хабар беретін аят хадистерді негіз ете отырып, және оларды ақли дәлелдермен сүйемелдеп, ортаға шығатын күмәндардан діни сенімдерді қору.
Кәлам иман негіздерін әртүрлі пікірлерге, бидғаттарға адасушылыққа, күпірлікке апаратын көзқарастардан қорғап, санада туындайтын күмәнді ойлардың пайда болуына тосқауыл қоятын ілім. Себебі Ислам дінінде ерекше орны бар ілім саласы болып табылатын Кәлам ілімі, қазіргі таңда орта азия мұсылмандары арасында ұмыт қалған, әрі өте кенже сала болып табылады.
2. Кәлам ғылымының пәні. Кәлам ғылымы бірнеше тақырыптарды ішіне алады. Әуелі Аллахтың бар болуы, жалғыздығы және сипаттары туралы тақырыптар қарастырылған. Кейінгі дәуірлерде фәлсәфәнің исламға араласа бастауымен кәлам тақырыптары ауқымды бола бастайды. Ендігі кезекте тек Аллахтың жалғыздығы емес, барлық бар болған жаратылыс, болмыс кәламның тақырыбына айнала бастайды. Фәлсәфәмен бірге қисын (логика) ілімі де кәламға кіргеннен кейін бұл ғылымның тақырыбы одан да кеңейе түсті.
Болмыс мәселесі кәламның ең басты тақырыбына айналды. Осы жерден Аллахтың бар екендігін табады. Ислам дінінде Аллах ұғымы мен сенімі болмаса онда ол дін болмайды. Сол үшін исламда барлық істің басы Аллах сеніміне барып тірелуде. Аллахтың бар екендігін мойындағаннан кейін оның сипаттарын танып білу керек болады. Бұларды білу үшін адамның ақылы, білімі тақырыптары қарастырылады. Одан кейін иман, пайғамбарлық, ақырет сенімі, тағдыр және адамның іс-әрекеті (еркі) сияқты тақырыптар қамтылады.
3. Калам ғылымының мақсаты. Кәлам ғылымының негізгі мақсаты адам баласын осы дүниемен ахыретте бақытты ету. әртүрлі күмәннан арылтып сенім негіздерін үйрету. Сонымен қатар кәлам ғылымының төмендегідей пайдалары бар:
1. Кәлам ғылымының арқасында адам еліктеу иманынан құтылып шынайы иманға ие болады.
2. Кәлам ғылымынан алған білімінің арқасында исламның сенім негіздеріне қарама-қайшы болған сенімдерден ұзақтап шынайы сенімге ие болады.
3. Шындық пен ақиқатты іздеген күмәнді кісілерге нақты жұбатушы мәлімет беру арқылы тура жолға салады.
4. Жоғарыда сөз еткеніміздей адамдарды осы дүниеде және ахыретте бақытты етеді.
5. Қырсық, ақиқатты қабыл еткісі келмейтін тәкәппар кісілерді күшпен емес дәлелдермен жеңеді.
6. Негізсіз пікір айтқан және өзге дін иегерлерінің Исламға қарсы жасаған күмәндарын жауаптандырады. Олардың түсініктерін негізсіз ете отырып дұшпандарына қарсы қорғау арқылы келетін қауіптің алдын алады.
7. Адамдардың иманды болуына ат салысу арқылы қоғам тыныштығын сақтап имансыздыққа жол бермейді.
8. Амал мәселесінде адамның ниетін дұрыстап сенімін қуаттайды. Сонымен кәлам ғылымының мақсаты пәк және шынайы болған ислам дінінің сенімдерін негіссіз болған пікірлерден сақтау болып табылады. Сондай-ақ жәннәт-тозақ, сират, мизан сияқты ақыретпен байланысты мәселелерді де түсіндіретін ілім.
4. Кәлам ғылымының маңыздылығы. Кәлам ғылымының маңыздылығын үш негізгі тақырыппен қорытындылауға болады:
1-әуелі Ислам дінінің сенім негіздерінде Аллахтың барлығын дәлелдеуге бағытталады. Міне кәлам ғылымы да осы негізді ортаға қояды. Кез келген ғылымның маңыздылығы оның қарастырған тақырыбына байланысты болады. Кәлам ғылымының тақырыбы да Аллахтың заты, сипаттары және пайғамбарлықты дәлелдеу ғылымдардың ең маңыздысы болып табылады. Тафсир, ислам құқығы және хадис сияқты исламдық ілімдер кәламмен тікелей қатысты. Өйткені Аллахтың барлығы мен пайғамбарлық жайлы кәлам ілімі тарапынан дәлелденеді.
2-Ислам сенімдеріне іштен және сырттан келетін қарсылықтар мен бос сенімдерді анықтап оларға қарсы шығуы кәлам ілімінің маңыздылығын көреміз.
3-Кәлам ғылымы бір жақтан исламның сенім негіздерін түсіндірсе екінші жақтан сырттан келетін бос болған сенім қауіптерінен сақтауда.

Кәлам іліміне қарсы шығушылардың қатарында сауатсыз еліктеуші, мәдениеті төмен, ақылмен келтірілген анықтамаларды түсінбейтін адамдар болды. Сондай-ақ адасқандардың басында сенімі берік болмаған бидғатшылар болды.


Көптеген ислам ғұламалары кәлам ғылымының қажет екендігін айтқан. Солардың бірі Имам Газали былай дейді: “Бидғатшыларға қарсы тұру үшін кәлам ғылымына мұқтаждық туындайды, әр аймақта бидғатшыларға қарсы күресетін, тура жолдан шыққандарды кері қайтаратын ақиқатты қорғайтын адамдардың болуы керек”-деп кәлам ілімін үйренудің парыз кифая ретінде көрсеткен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет