Пән мұғалімдерінің, әдістемелік бірлестігінің нұсқауы:
ӘБ жетекшісі ӘК мүшесі болуы керек;
Әдістемелік бірлестік:
оқу үрдісіне түйінді және қортынды талдау жасайды;
оқу мен әдістемелік курстарының құрылымын міндетті түрде әдістемелік жағынан қамту және мазмұнын өзгертуге байланысты ұсыныс енгізу;
оқушылардың оқу материалдарын меңгеруі, мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес оқытушы мен оқу бағдарламаларына енгізген нақты өзгерістердің алғашқы сараптамасын жүргізуі;
мұғалімдердің аттестациядан өтуін ұйымдастыруы мен мазмұнына ұсыныстар енгізу;
инновациялық іс-әрекетке мұғалімдерді тартып, ғылыми және зерттеу жұмыстарын талдап, түсінуге ынталандыру, ұсыныстар дайындап шешім қабылдап, әзірлемелер ұйымдастырады;
пәндер мен курстарды тереңірек меңгеру, мәдени оқу еңбегін көтеру және еңбек демалыс тәртібін сақтау мақсатында оқушылар мен ата-анаға әдістемелік ұсыныстар жасау;
жас мамандарға әдістемелік семинарлар ұйымдастыру;
оқушыларды тиімді ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту;
пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыстарын үйлестіруде пән апталығы мен олимпиадалар өткізу;
әдістемелік бірлестік жетекшісі педагогикалық кеңесте есеп беруге міндетті;
Әдістемелік бірлестік құқығы:
мектептегі оқу үрдісін жақсартуға ұсыныстарын ұсынуға;
оқушылардың оқу - тәрбие ісіндегі мәселелер бойынша мектеп директорының оқу тәрбие жұмысының орынбасарларынан кеңес алуларына;
бірлестік мүшелерінің инновациялық іс-әрекетке белсенді қатысуын мадақтауға;
әдістемелік бірлестіктің озық материалдарын жариялауға;
мектеп ішінде өздерінің біліктіліктерін көтеруге іс - шара нысандарын ұсынуға құқылы.
«Келісемін»: «Бекітемін»:
Оқу ісінің меңгерушісі Мектеп директоры
__________________ ________________
Ж.А.Ашимова Д.Қ.Өмірбаев
«_____»______20____ж «_____»______20____ж