Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
І тоқсан қорытындысын талдау (Жауапты сынып жетекшілері, тәрбиешілер).
Бастауыш сынып бірлестігінің апталығын өткізу жоспарын құру (Жауапты ӘБ жетекшісі Бейсенбаева С.С.).
Баяндама: «Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін дамыту» (Жауапты даярлық тобы тәрбиешісі Құрмашева С.Т.).
Мемлекеттік стандарт бойынша бастауыш сыныптардағы бақылау
жұмыстарының орындалу нормасы (Жауапты ӘБ жетекшісі
Бейсенбаева С.С).
5.Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа қатысуы (Жауапты сынып жетекшілері).
6. Бастауыш сынып оқушыларының мектепішілік негізгі пәндерден олимпиадаға дайындық деңгейі (Жауапты сынып жетекшілері).
Тыңдалды:
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Бейсенбаева С.С. 1 – 4 сынып жетекшілерінің есебі бойынша бастауыш сыныптардың білім сапасы 84% құрағанын, оның ішінде 2-сынып оқушыларының білім сапасы 100%, 3 – сынып оқушыларының білім сапасы 69%, 4 – сынып оқушыларының білім сапасы 100% құрағанын айтты. Үздік оқушылардың саны: 2-сыныпта – 5, 3 – сыныпта – 3, 4- сыныпта -2 оқушы. Үлгермейтін оқушы жоқ. 4 – сыныптағы оқушылар саны 1 оқушыға кеміді (Рахимбаева Шұғыла Өскемен қаласына кетті).
Мектептің 2015-2016 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес қарашаның 16 – 23 аралығында бастауыш сыныптардың апталығы өтілуі керек деп ӘБ жетекшісі хабарлады. Алда келе жатқан 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні және ҚР Тәуелісіздігінің 24 жылдығы мерекелеріне орай онкүндік ұйымдастырып, әрбір сыныпта 1 ашық сабақ, 1 тәрбие сағаты, кіші орталық пен даярлық топтарында 1 ашық сабақ және 1 ертеңгілік, музыка пәні бойынша 1 ашық сабақ өткізу туралы ұсыныс білдірді. Әрбір сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге қай пәннен ашық сабақ өткізу жөнінде тапсырмалар берілді.
Даярлық тобының тәрбиешісі Құрмашева С.Т. «Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін дамыту» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада көркем әдебиеті сабағы кезінде көркем шығармалармен таныстыру арнайы сабақтармен қоса тіл дамытуға берілген білімдермен іске асырылады, ал, жұмбақ шешу мақал-мәтел, жаңылтпаш оқу жұмыстары әр сабақтың мазмұн, мақсатына қарай таңдап алынып сабақ жоспарларында көрсетіледі. Түрлі заттармен іс-әрекетке байланысты тәрбиеші балаларға өздігінен жұмбақ құратып айтқызады. Әдеби шығармалармен таныстыра отырып, тәрбиеші балаларды шығарма жанрларын ажырата білуге үйретеді. Олардың тілін ширатып көркем сөз өнерін сүйе білуге баулып, адамгершілікке тәрбиелейтінін айтты.
Мемлекеттік стандарт бойынша бастауыш сыныптарда математика пәнінен бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстары, қазақ тілінен диктант, мазмұндама, ана тілінен шығарма жұмыстары күнтізбелік – тақырыптық жоспарға сай уақытында өткізіледі. Әр сынып жетекшісі алынған бақылау жұмыстарына талдау жасап, олардың мониторингісін шығарып отыратындықтарын айтып өтті. Сынып журналындағы бақылау жұмыстарының бағасы дәптердегі бағалармен сәйкестігі тексерілді.
Ынтасы төмен оқушылардың сабаққа қатысуы туралы әрбір сынып жетекшісі есеп берді. Атап айтсақ, 1-сынып бойынша Ахметолла Әлішер, Логунов Алексей, Садыков Ернұр, 3-сынып бойынша Умирбаев Сейілхан мен Броварь Маркпен жүргізілетін жұмыстар күнделікті жүргізілетіндігі, оларға қосымша тапсырмалар беріліп отырылатындығы және ата – аналарымен тығыз байланыс жасалынатыны туралы есеп берілді. ӘБ жетекшісі тарапынан оқушылардың үлгерімін арттыру жөнінде кеңестер, тапсырмалар берілді.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепішілік негізгі пәндерден олимпиадаға дайындық деңгейі. Мектепішілік олимпиадаға 2-3-4 сынып оқушылар арасынан үлгерімі өте жақсы оқушылар іріктеліп алынды. Олармен қосымша жұмыстар жүргізу жөнінде ӘБ жетекшісі Бейсенбаева С.С. сынып жетекшілеріне тапсырма берді. Сондай – ақ, олимпиада тапсырмаларын жас ерекшеліктерін, мемлекеттік білім беру стандартын ескере отырып, мұқият, зерделеп барып, құру керектігін ескертті.
Шешімі:
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасы І тоқсан бойынша қанағаттанарлық деп есептелінсін.
Бастауыш сыныптар апталығының жоспары құрылып, оқу ісінің меңгерушісінің келісімімен бекітілсін. Апталыққа әрбір сынып жетекшісі жауапкерілікпен қарап, дайындық жұмыстары жүргізілсін.
Даярлық тобы тәрбиешісі Құрмашева С.Т. оқыған баяндама қанағаттанарлық деп есептелінсін.
Мемлекеттік стандарт бойынша бастауыш сыныптардағы бақылау
жұмыстарының орындалу деңгейі қанағаттанарлық деп есептелінсін.
Ынтасы төмен оқушылармен жұмыс күнделікті жүргізіліп, олардың үлгерімі арттырылсын.
Мектепішілік олимпиадаға тапсырмалар уақытында дайындалып, қатысатын оқушылармен күнделікті қосымша жұмыстар жүргізілсін.
ӘБ жетекшісі: Бейсенбаева С.С.
Хатшы: Аштаева Д.С.
2016 жылдың 8 қаңтар күні өткізілген
бастауыш сынып мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестік отырысының
№3 хаттамасы
Қатысқандар – 7
Қатыспағандар – 0
Достарыңызбен бөлісу: |