«Келісілді» «Қаралды»



Дата24.01.2020
өлшемі204,5 Kb.
#56435
Байланысты:
Эволюциялық ілім.doc 11 - сынып






«Келісілді» _______________ «Қаралды» _________ «Бекітемін» _____________

Сырым аудандық білім беру Әдістемелік бірлестік ЖББ Абай орта мектеп –

бөлімінің әдістемелік кабинетінің отырысында балабақша кешенінің

меңгерушісі: Л.С.Тапаева Хаттама №1 директоры: Т.Е.Турегалиева

«__» ___________2017ж


Тақырыбы:

Эволюциялық ілім

/ 11 – сыныпқа арналған қолданбалы курс/

Құрастырғандар:

Зейнуллина Р.Б. - №41 МЛ-нің жоғарғы санатты биология пәні мұғалімі

Айткалиева Ж.Б. - А.Тайманов атындағы №34 МГ-ның жоғарғы санатты биология пәні мұғалімі
Қолданушы:

БҚО Сырым ауданы Сырым аудандық білім беру бөлімінің

ЖББ Абай орта мектеп – балабақша кешенінің

биология пәнінің мұғалімі Г.О. Жауарбекова



2017 – 2018 оқу жылы
Бағыты: жаратылыстану математика

Бағдары: биология - химия

Түсінік хат


Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002 - 2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары, 2017 – 2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшіліктері туралы әдістемелік нұсқау хатын, ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 тамыздағы №242, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 4 тамыздағы №662, Сырым аудандық білім беру бөлімінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №283, «Жалпы білім беретін ұйымдарында 2017 – 2018 оқу жылының басталуы туралы бұйрығы негізінде жасалды.

Білім құрылымындағы курстың орны: «Эволюциялық ілім» биологиядағы негізгі курстың құрамды бөлігі.

Курстың мақсаты:


  1. Эволюциялық идеялардың даму тарихын, қалыптасуын түсіндіру.

  2. Әр алуан түрлердің шығуын және олардың тіршілік ортасына бейімділігінің себептерін эволюцияның қозғаушы күштері мен олардың мәні туралы білімге сүйеніп түсіндіру.

3.Тіршіліктің тарихи даму заңдылықтарын дәлелдеу.

4. Тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуін түсіндіру.



5.Табиғаттағы бүкіл құбылыстар биологиялық эволюция тұрғысынан зерттелетінін ұғындыру.

6. Эволюция барысында тірі ағзалардың күрделену ерекшеліктерін ұғындыру.


Курстың міндеттері:


1. Органикалық тіршіліктің тарихи дамуын оқыту.

2. Эволюция нәтижелерін, тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуін, түрлердің көптүрлілігін саралап, оқыту.



3.Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың маңызды екенін түсіндіру.

  1. .Теориялық білімді іс жүзінде пайдалануды, оқушының өз білімін саралауға, өздігінен ізденіп, қорытынды жасауға үйрету.

  2. .Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, кез келген жағдайда алған білімін өмірмен байланыстыру.

Мамандыққа бағдарлау:


Экология, биология, педагогика, селекция, инженерия.

Пәнаралық байланыс:


Антропология, тарих, жануартану, өсімдіктану, биология, анатомия, экология, география.

Ұйымдастыру формалары:


Лекция, семинар, конференция, оқытудың интерактивті тәсілдері, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар қорғау, ғылыми жобаларды жазу.

Жаратылыстану математика бағытының биология - химия бағдары бойынша оқытатын 11 сыныпқа арналған «Эволюциялық ілім» қолданбалы курс бағдарламасы. Бағдарлама мазмұнында биология эволюция курсының мақсаты мен



мазмұны, органикалық тіршіліктің даму заңдылықтары, эволюция нәтижелері, тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуі, түрлердің көптүрлілігі, эволюция себептері қарастырылған.

Бағдарламаның мақсаты - эволюция тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолында қарапайымдардан жоғары сатыдағыларға дейін біртіндеп күрделенуін, тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың маңыздылығын түсіндіру. Бағдарламада эволюцияның негізгі заңдылықтары, макроэволюция, микроэволюция, эволюциялық процестің негізгі бағыттары, биологиялық прогресс және биологиялық регресс, биологиялық прогреске жетудің жолдары, эволюцияның негізгі заңдылықтары, тірі табиғат құрылым деңгейінің күрделенуі, түрлердің көптүрлілігі, бейімділіктің салыстырмалы сипаты, тарихи дамуда биологиялық эволюцияның алатын орны туралы оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыратын теориялық білім беруге көңіл бөлінген. Бағдарлама жаратылыстану математика бағытының биология - химия бағдары бойынша оқытылатын 11 сыныпқа арналған. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру стандартына сай дайындалған. Барлығы 34 сағатқа (аптасына 1 рет) негізделіп жасалынған.

Бағдарламада оқу материалын қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы оқыту, қазіргі кездегі ғылым жаңалықтарымен толықтыру көзделеді. Оқу материалын кең түрде бере отырып, оқушылардың шығармашылық ізденісін дамытуға, зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын жетілдіруге көңіл бөлінген. Бағдарламада оқулықта берілген материалдар тереңдетіліп, бөлімдер мен тақырыптар жүйелілігі сақталған. Берілген зертханалық жұмыстар бағдарлама мазмұнындағы тақырыптармен бірге өткізіледі. Оқытудың практикалық бағытын күшейту мақсатында зертханалық жұмыстарда суреттерді, кестелерді, микропрепараттар, схемаларды пайдалана білуге баулу мақсаты қарастырылады. Антропологиялық, тарихи, биологиялық түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыруды бағдарламадан тыс қосымша материалдар енгізу арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Оқу материалы қазіргі кездегі ғылыми жаңалықтармен толықтырылған, сонымен қатар жаңа ұғымдар мен түсініктер берілген. Бағдарламада қамтылған оқу материалдары оқушылардың танымдық мүмкіндігіне және жас ерекшелігіне сәйкес құрылған.

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы


(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

Кіріспе (2 сағат)


Жалпы эволюция туралы түсінік. Эволюция ілімі тірі ағзалардың күрделі сатысы.

Эволюция ғылымының зерттелу тарихы. (6 сағат)


Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өрлеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар. ХҮІІ- ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан эволюциялық көзқарастар. Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы. Тірі табиғаттың өзгермейтіндігі туралы көзқарастардың үстемдігі, эволюция теориясы, алғашқы эволюциялық идеялардың дамуы. Ч.Дарвин ілімінің пайда болуының алғы шарттары. Ч.Дарвин және У.Уоллес ілімінің негізгі қағидалары. Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы. Қазақстанда эволюциялық идеялардың дамуы.

Қазіргі заманғы эволюцияның дамуы. (7 сағат)


Түр тұжырымының тарихы. Микроэволюция. Популяция эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігі табиғи сұрыпталудың нәтижесі екендігі, микроэволюция, түр түзілу туралы қазіргі көзқарастар, түр түзілудің жолдары. Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі. Бейімделушілік эволюциялық үдеріс нәтижесі. Макроэволюция. Тірі табиғат эволюциясы. Биологиялық прогресс және регресс (А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен). Биологиялық прогреске жетудің жолдары, эволюцияның негізгі заңдылықтары, нәтижелері. Биогенездік заң. Органикалық дүниенің эволюциясы. Өсімдіктер мен жануарлардағы негізгі ароморфоздар.

Зертханалық жұмыс 1


Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әсерлерін салыстыру.

Зертханалық жұмыс 2



Макроэволюцияның дәлелдемелерін салыстырмалы анықтау.

Зертханалық жұмыс №3


Өсімдіктер мен жануарлар жүйелік топтарының қалыптасу нәтижесі.

Жер бетінде тіршіліктің дамуы. (3сағат)


Тіршіліктің пайда болуы жөніндегі теориялар. Биохимиялық эволюция. Опарин-Холдейн теориясы. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері эукариоттардың, жынысты көбеюдің және көпжасушалылықтың пайда болуы.

Адам эволюциясы. (4 сағат)


Қазіргі адамның шығу тегіне байланысты көзқарастар. Адамның эволюциялық дамуы, қозғаушы күштері. Адам нәсілдері және олардың генетикалық ұқсастықтары. Биологиялық түр ретінде адамның қасиеттері. Homo sapiens- түрінің популяциялық құрылымы, адам нәсілдері, нәсіл түзілу, адам нәсілдерінің бірлігі, адамның биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қасиеттері, антропогенездің қозғаушы күштері. Адамның табиғаттағы биоәлеуметтік орны. Табиғи ортамен әлеуметтік жағдайға бейімдеуі.

Эволюциядағы экожүйе және оның заңдылықтары. (7 сағат)

Ағзалардың сыртқы орта факторлары. Факторлардың ағзаға ықпалы. Ағзалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бейімделуі. Биологиялық ырғақтың себептері. Фотопериодизм. Биологиялық сағат. Қоршаған орта және адам денсаулығы. Қазіргі адам өмірінің жағдайы мен сапасы. Салауатты өмір сүру.

Биосфера эволюциясы. (4 сағат)


Биосфера - маңызды экожүйе. Биосфера эволюциясындағы ағзалардың алатын орны. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару. Табиғатты қорғау. Биосфераны қауіпсіз тіршілік үшін қажетті күйде сақтау. Биология ғылымының келешегі.

Қорытынды.(1сағат)


Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №2 05.06.2015 ж


«Эволюциялық ілім» қолданбалы курс бағдарламасының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

11 сынып ( 34 сағат, аптасына 1 сағат)







Сабақтың мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Сабақ түрі

Теория лық

Зерт- хана- лық

Семинар

І




Кіріспе (2 сағат)

2
















1

Жалпы эволюция туралы түсінік

1




+










2

Эволюциялық ілімнің тірі ағзалардың күрделі сатысы.

1




+







ІІ




Эволюция ғылымының зерттелу тарихы

6
















3

Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өрлеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар

1










+




4

ХҮІІ-ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан эволюциялық көзқарастар

1




+










5

Ч.Дарвин ілімінің пайда болуының алғы шарттары

1




+










6

Ч.Дарвин және У.Уоллес ілімінің негізгі қағидалары

1




+










7

Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы

1




+










8

Қазақстанда эволюциялық идеялардың дамуы

1










+

ІІІ




Қазіргі заманғы эволюцияның дамуы

7
















9

Түр тұжырымының тарихы. Микроэволюция

1




+










10

Популяция - эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі

1




+










11

Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі. Зертханалық жұмыс 1 Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әсерлерін салыстыру.

1




+

+







12

Бейімделушілік эволюциялық үдеріс нәтижесі

1










+




13

Макроэволюция. Тірі табиғат эволюциясы. Биологиялық прогресс және регресс ( А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен)

1




+












14

Биогенездік заң Зертханалық жұмыс 2 Макроэволюцияның дәлелдемелерін салыстырмалы анықтау

1




+

+







15

Органикалық дүниенің эволюциясы. Өсімдіктер мен жануарлардағы негізгі ароморфоздар.

Зертханалық жұмыс №3.

Өсімдіктер мен жануарлар жүйелік топтарының қалыптасу нәтижесі

1




+

+




ІҮ




Жер бетінде тіршіліктің дамуы

3
















16

Тіршіліктің пайда болуы жөніндегі теориялар

1










+




17

Биохимиялық эволюция. Опарин-Холдейн теориясы.

1




+










18

Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар

1




+







Ү




Адам эволюциясы

4
















19

Қазіргі адамның шығу тегіне байланысты көзқарастар

1




+










20

Адамның эволюциялық дамуы, қозғаушы күштері.

1




+










21

Адам нәсілдері және олардың генетикалық ұқсастықтары

1




+










22

Адамның табиғаттағы биоәлеуметтік орны. Табиғи ортамен әлеуметтік жағдайға бейімдеуі


1










+

ҮІ




Эволюциядағы экожүйе және оның заңдылықтары

7
















23

Ағзалардың сыртқы орта факторлары

1










+




24

Факторлардың ағзаға ықпалы

1




+










25

Ағзаладардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бейімделуі

1




+










26

Биологиялық ырғақтың себептері. Фотопериодизм

1




+










27

Биологиялық сағат

1




+













28

Қоршаған орта және адам денсаулығы

1




+










29

Қазіргі адам өмірінің жағдайы мен сапасы. Салауатты өмір сүру.

1










+

ҮІІ




Биосфера эволюциясы

4
















30

Биосфера- маңызды экожүйе. Биосфера эволюциясындағы ағзалардың алатын орны.

1




+










31

Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.Табиғатты қорғау

1




+










32

Биосфераны қауіпсіз тіршілік үшін қажетті күйде сақтау

1




+










33

Биология ғылымының келешегі

1










+

ҮІІІ




Қорытынды

1
















34

Қорытынды

1










+


Оқушыларға қойылатын талаптар:

  • тірі табиғаттың эволюциясы туралы түсінік;

  • негізгі биологиялық түрлердің систематикалық және эволюциялық орнын;

  • биологиялық эволюция ілімінің қалыптасуының алғышарттарын;

  • эволюцияның негізгі заңдылықтарын;

  • таралу аймақтары мен тіршілік ету орнын;

  • эволюциялық биологияның әдістерін;

  • түрлер эволюциясының негізгі теорияларын анықтай алу;

  • белгілі бір эволюциялық факторды түсіндіру үшін эволюциялық биологияның әр түрлі әдістерін қолдану;

  • жердегі тіршіліктің құрылу процестері мен принциптерін түсіну;

  • тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру;

  • биология ғылымының соңғы жаңалықтарымен танысу.



Күтілетін нәтижелер:


  • эволюциялық ілімінің қалыптасуының алғышарттарын; заңдылықтарын, өзара байланыстылығын қалыптастырады;

  • оқушылардың өздігінен ізденуі, қызығушылығы қалыптасады;

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуы;

  • танымдық іс-әрекеті, қызығушылығы артады;

  • жаңа ұғымдардың мәнін дұрыс түсінеді, орынды қолдану біліктілігі артады;

  • зерттеу әдістерін жоспарлай білу, сәйкес кестелер, заңдылықтар негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай біледі.

-мәліметтерді талдау, әдебиетке шолу жасау, эксперимент жүргізуге бағытталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Биолог анықтамалығы» №3 2012, №5 2014.

  2. Биология. БЭС. М: Большая Российская Энциклопедия, 2001.

  3. Воронцов Н.Н. Сухорукова Л.Н. Эволюция органического мира. Просвещение 1991 г.

  4. Захаров В.Б. Мамонтов С.Г. Сонин Н.И. Общая биология Москва 2007г

  5. Кемп П. Введение в биологию М: Мир, 1988

6. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә.Нысанбаев Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том.

7. Северцов А. С. Теория эволюции. М.: Владос, 2005. Интернет материалдары:



  1. www.gomulina.orc.ru

  2. www.computerra.ru

  3. www.astronomy.ru/

  4. www.galspace.spb.ru

  5. www.nasa.gov

  6. www.vokrugtsveta.ru


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет