Келісілді Бекітемін Аудандық білім бөлімінің Мектеп директоры:_______А.Сүйінбаева
әдістемелік кабинеті әдіскері «__»______2021ж
________ Б.К.Токабаев
«__»______2021ж
ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы №524: «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» бұйрығына сүйеніп құрастырылады. 2021-2022 оқу жылы
Педагог-дефектолог: Т.Тұрашова
Арнайы педагогтың мақсаты: ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына және мектеп кеңесінің шешіміне сәйкес білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
Арнайы педагогтың міндеттері: Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесіп тереңдетілген арнайы педагогикалық тексеруден өткізу;
Білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыға жеке,топтық және сыныптық сабақтарда арнайы педагогикалық қолдау көрсету.
Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқу процесінде және үйде тәрбиелеу кезінде педагогикалық қолдау бойынша кеңес беру.