Келісілді: Бекітілді



бет15/41
Дата23.01.2023
өлшемі1,71 Mb.
#166134
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Дарынды балалармен жұмыс
2014-2015 о.ж. мұғалімдер және оқушылар «Дарынды балалар» жобасын жетілдіру жұмысын атқарды.
Дарынды балалармен жұмыстың негізгі мақсаты: ғылым негіздерін терең игерген, адамгершілік қасиеттерін бойларына дарытқан, интеллектуалды, өнерлі және жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Аудандық: «Шабыт» фестивалінде Болат С. 5-с. ІІІ орын, Матай Н.5-с математика пәнінен пән олмипиадасында ІІ орын, Қалым Ж. 11-с. ағылшын тілінен І орынға, Мұрат Г. 3-с. қазақ тілінен ІІ орынға ие болды. Даярлық топтың оқушысы Курманова Ш. «Бүлдіршін» байқауында ІІІ орын алды. 10-сынып оқушысы Қабиден С. теннис спорттық сайысынан ІІ орынға ие болды.
Облыстық жетістіктер: «Алтын асық» 3-сынып оқушылары Уатаева А., Мұрат Г., Бадыкова М., Жумагельдинова М. жүлдері орынға ие болды. Ғылыми жобалар сайысында 11-сынып оқушылары Күлікбай М. «Тіл білімі» секциясында І орынға, Жеңісбек Б. «Физика» секциясында ІІІ орынға иеленді. Жеңісбек Б. «Білім мен ғылыми интеграция-болашаққа нық қадам» ИнЕУ 21 ҒПК қатысып ғылыми жоба «Оқушы зерттеуші» номинациясында ІІ орынға ие болды.
Республикалық: «Лучший детский рисунок» республикалық қашықтық байқауында Бадыкова М. 3-с. ІІІ орынға иеленді. «Ақбота» зияткерлік марафонында Бадыкова М. пен Рашит А. ІІІ орын алды. «Русский медвежонок» марафонында Рашит А. ІІІ орынға, ал Жумагельдинова М. ІІ орынға ие болды. «Зерек» ғылыми жобалар сайысында Жеңісбек А. 4-сынып оқушысы І орын, Мұрат Г. 3-с. ІІІ орын, ал 10-сынып оқушысы Қабиден С. «Сократ» ғылыми жобалар сайысында ІІІ орынға ие болды.
Тәрбие жұмысы
2014-2015 оқу жылы Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп тәрбие жұмысын Білім және ғылым Министрінің 16 қараша 2009 жылғы №521 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» және 29.06.2012ж ҚР №873 қаулысымен бекітілген «2013-2015 жылдарға арналған барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары» құжаттары негізінде ұйымдастырды.
Тәрбие жұмысы «Отбасы, мектеп және қоғамның өзара ынтымақтастығы» тақырыбымен өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптастыру мен өзін-өзі дамытатын, мүмкіндігін жүзеге асыра алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы қарастырған 12 бағытта жүргізіледі.
Сонымен қатар тәрбие жұмысы Павлодар облысы, Лебяжі ауданының жас өспірімдер арасында спортты дамыту оны республикалық, халықаралық деңгейге көтеру және жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімді ояту, өз Отанын туған жерінің тарихы, батыр жерлестері арқылы тану мақсатында құрылған, «Казахстан-2030 Стратегиясына естелік поезы» жобасы бойынша өткізілетін болады. Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері Лебяжі ауданы «ЖАСТАР» жасөспірімдер клубының директоры Тоқтамыс Жанибекович Кенжегалиев құрған «Қазақстан – 2030 Стратегиясына естелік пойызы» жобасы ауданның барлық мектептерінде іске асуда.
Сол жобаға сәйкес 2014-2015 жыл Ұлы Отан соғысының ардегері, «І дәрежелі Отан соғысы орденімен», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» мерейлік медальдармен наградталған, есепші бригадир болып жұмыс істеген, 1958 жылдан бастап Лебяжі ауданының Қазантай ауылындағы байланыс бөлімшесінің бастығы болған, 1922-2000 өмір сүрген жерлесіміз - Жапарханов Өкеш естелігіне арналды.
Мектепте сынып жетекшілер әдістеме бірлестігі жұмыс істейді. Бірлестік жетекшісі Кожабекова Ж.М., орынбасары Жумабекова Мадина Оразхановна, хатшы Мукашева Гульбаршин Барисовна болды
2014-2015 оқу жылында дәстүрлі мерекелер жоспарға сәйкес уақымен және жақсы деңгейде өткізіледі.
Жас сынып жетекшілермен атқарылған жұмыс

р/с

Іс-шаралар мазмұны

мерзімі

Жауапты



1

«Тәрбиелік жүйенің ерекшеліктері, біздің дәстүрлеріміз бен жетістіктеріміз» /дәріс/

қыркүйек

Темиргалиева Ж.А.

2

«Сынып жетекшісінің құжаттамасы»
Дөңгелек стол өткізу

қыркүйек, қазан

Жумабекова М.О.




Оқушының дербес іс қағаздарымен жұмыс /нұсқау беру/

қараша

Іс жүргізуші
Кушмитова А.Б.

3

Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу формалары /нұсқау беру/

үнемі

Темиргалиева Ж.А.

4

«Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» кеңес беру.

үнемі



психолог
Ыбрай А.С





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет