1. Пререквизиті: механика
2. Постреквизиті: оптика, электр және магнетизм, атом және атом ядросының физикасы.
3. Пәннің мақсаты: Студенттерді газдарда жүретін физикалық процестермен толық таныстыру. Идеал газдар үшін молекула-кинетикалық теория негіздерімен таныстыру. Термодинамика негіздеін тереңдете оқыту. Идеал газдар қасиеттерін зерттеу арқылы реал газдардың қасиетін физикалық заңдылықтар, формулалар негізінде салыстырып студенттер білімін толықтыру.
4. Пәннің қысқаша мазмұны: Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары, Максвелл және Больцман таралулары, термодинамиканың бірінші және екінші бастамалары, изопроцестер. Реал газдардың идеал газдардан айырмашылығы. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Сындық шамалар және оларды анықтау жолдары. Тәжірибе негізінде алынған изотермалар мен Ван-дер-Ваальс изотермаларын салыстыру.Бу-сұйық фазалық алмасуы. Опалесценция құбылысы. Флуктуация. Бірінші текті фазалық алмасудың шекарасы. Екі фазалы және метастабильді күйлер.Реал газдардың ішкі энергиясы. Джоуль-Томсон эффектісі. Газдарды сұйылту және төменгі температураны алу. Реал газдардағы фазалық алмасу. Газдың тығыздығы мен молекулалық салмағын анықтау. Газдың тұрақты қысымдағы жылу сыйымдылығының тұрақты көлемдегі жылу сыйымдылығына қатынасын анықтау. Ауаның тұтқырлық коэффициентін анықтау. Ауаның жылуөткізгіштік коэффициентін анықтау. Больцман тұрақтысын анықтау. Ауаның ылғалдылығын және Ассман психрометрінің тұрақтысын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |