Байланысты: «Рухани келісім-бейбітшілік тірегі!» атты рухани келісім күніне арналған іс-шара (1)
Сөйлегендер: Топ жетекшісі 1. Топ жетекшісі Абдикалиева У.Ж., Елордада 18 қазан – Рухани келісім күніне орай дәстүрлі жиын өтті. Ерекше жағдайда өткен халықаралық конференция жұмысына отандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Қоғамды ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, тұрақтылық пен келісімді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған шара қатысушылары ұтымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды. Осыдан 28 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінде қатысушылар 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдаған еді. – дейді.
2. Студенттердің онлайн сабақтарға қатысымы, үлгерімі, тәртібі жайында топ басшысы Егембердиева Д өз есебін беріп өтті.
Қабылдаған қаулы
1. «Рухани келісім-бейбітшілік тірегі!» тақырыбында ойтолғау жазып келу.
2. Студенттердің тәртібін, және сабақ үлгерімін қолға алу топ кураторына жүктелсін.
Топ жетекшісі: Абдикалиева У.Ж
Хатшы: Егембердиева Д