Тәрбие сағатының басым бағыты
|
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
|
Тәрбие жұмыстарына пайдаланылған қосымша материалдар және әдебиеттер мен ақпарат көздерінің тізімі
|
Ақпарат дереккөзі: https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/142027-aktobede-talgat-bigeldinovtyn-100-zhyldygyna-arnalgan-merekelik-shara-otti
|
Топ жетекшісі: Абдикалиева У.Ж.
Елордада 18 қазан – Рухани келісім күніне орай дәстүрлі жиын өтті. Ерекше жағдайда өткен халықаралық конференция жұмысына отандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Қоғамды ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, тұрақтылық пен келісімді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған шара қатысушылары ұтымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.
Осыдан 28 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінде қатысушылар 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдаған еді. Атаулы күн қарсаңында өтетін бұл жиын дәстүрге айналып үлгерген. Бұл жолғы «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» тақырыбымен өткен конференция Дүниежүзілік рухани мәдениет форумының 10 жылдығын атап өтті.
Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» халықаралық қауымдастығы ұйымдастырды. Қатысушылар қатарында Ресей, АҚШ, Үндістан, Аустрия, Швейцария, Германия, Ливан, сондай-ақ өзге де елдерден белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, діни бірлестіктер, азаматтық қоғам институттары мен ғылыми қоғамдастық өкілдері және халықаралық сарапшылар бар. Шетелдік қонақтар әлемдегі жағдайды ескере отырып, қауіпсіздік талаптарына сай келелі жиынға онлайн қосылды.
Конференцияда алғашқы болып Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов сөз алды. Ол қатысушыларды ерекше ықыласпен қарсы алып, дәстүрлі шараның ұлтаралық және дінаралық келісімнің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін бірегей алаң екенін баса айтты.
«Қазақстан – қоғамдағы барлық үдерістің негізіне биік рухани мәдениетті қалыптастыруға тырысатын елдердің жарқын үлгісі. Ал бұл өз кезегінде ұлтына, дініне, нәсіліне қарамастан адамдар арасындағы өзара келісімге бастайтыны анық. Бұл шараларды еліміздің бейбітшілік пен рухани келісімге алған бағытының айқын көрінісі деуге негіз бар. Кездесудің бүгінгі қиындықтарға қарамастан ауқымды түрде өтіп жатқанын атап өту керек. Жалпы, жаһандық пандемия қоғамдағы ең өзекті мәселелерді көрсетіп берді. Адамдар, отбасылар арасында өзара қарым-қатынас шиеленісе түсті. Мұның барлығы тағы да рухани құндылықтарға келіп тіреледі», деді М.Әзілханов.
Вице-министр бұл басқосудың саланы ілгерілетудегі маңызын алға тарта отырып, халықаралық конференция жұмысына сәттілік тіледі. Сөз кезегін қонақтарға шара модераторы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов беріп отырды.
Елдегі Рухани келісім күнінің бастауында болып, осы құндылықтардың қазақ қоғамында маңызды орын алуына еңбек сіңірген Төлеген Мұхамеджанов атаулы күннің тарихына тоқталып, рухани мәдениет идеясының бүгінгі күннің белгісіне айналғанын алға тартты. «Бейбітшілікке мәдениет арқылы» халықаралық қауымдастығының президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, композитор, қоғам қайраткері өз сөзінде рухани келісімнің елдегі ахуалға әсерін де атап өтті.
«Бүгін әлемде болып жатқан шиеленістер мен оқиғалар өркениеттер дағдарысына, алыптар арасындағы дауға ұласып жатыр. Осы ретте біздің қоғамдағы биік рухани құндылық еліміздің одан әрі тұрақты өркендеуіне, Қазақстан тұрғындарының бейбіт өмір сүріп, жан-жақты дамуына, халық игілігіне еңбек етуіне мүмкіндік беріп отыр. Бұл дәстүрді сақтап қалу – біздің басты парызымыз. Өйткені бізге қарап бой түзейтін мемлекеттер көп», деді Т.Мұхамеджанов.
Қазақстанда ұлттар арасындағы келісімді сақтау мақсатында атқарылып жатқан жұмыс пен осы миссияны орындауда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі туралы ұйым Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов баяндады. Оның айтуынша, еліміздің бүгінгі қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі – қазіргі қазақ қоғамындағы ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық. Ассамблея өкілі сонымен қатар рухани келісімнің бүгін әлемнің көптеген елі үшін басты міндетке айналғанына тоқталып, Қазақстанның ұлттық бірлікке негізделген тұрақтылықты көрсетіп отырғанын баса айтты. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен төзімділігі қазақстандықтар үшін егемендік құру жолында күрделі кезеңнен өтуге жәрдемдесіп, әлі де ел дамуында үлкен рөл атқарып отыр.
Ал шараға қатысқан шетелдік қонақтардың бірі Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің төрағасы Светлана Смирнова Еуразиялық интеграция, бейбітшілікті қорғау, халықтар арасындағы достық, келісім, серіктестік қағидаларын көпке насихаттап жүрген мүдделес тараптардың кездесуін жоғары бағалап, қазақтың дана ақыны Абайдың рухани құндылықтар жайлы идеяларын ортаға салды. Конференцияға Еуразия халықтары Ассамблеясының өкілдері де қатысты.
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогті дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Алтай Әбибуллаев құрметті қонақтарды атаулы мерекемен құттықтай отырып, қоғамдағы рухани келісімнің бағасы қымбат екенін атап өтті.
«Тәуелсіздік – бағасы қымбат бақ деген пікір баршамызға белгілі. Ал мен өз кезегімде рухани келісімнің де баға жетпес құндылық екенін айтар едім. Бұл – қоғамдағы әрбір адамның күнделікті тынымсыз еңбегінің жемісі. Азаматтық қоғам мен ұлтаралық келісімді ту еткен тәуелсіз Қазақстанның үлгісі халықаралық қауымдастық тарапынан да талай рет өз бағасын алды. Бүгін ерекше жағдайда өтіп жатқан жиын қатысушыларының географиялық, уақыт айырмашылығына қарамастан, біздің бірлігіміз берік, ынтымағымыз нық», деп қорытындылады А.Әбибуллаев.
Конференция жұмысына АҚШ-тан қосылған Ғаламдық қауіпсіздік институтының президенті, Ұлттық қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау бойынша Америкалық заңгерлер ассоциациясы комитетінің тең төрағасы, БҰҰ жанындағы қарусыздандыру, бейбітшілік және қауіпсіздік комитетінің вице-президенті Джонатан Граноф рухани мәдениет мәселесіне қатысты ойын ортаға салды. Сарапшы бейбітшілік пен тұрақтылыққа өзгелерге құрмет көрсету, адамдарға сүйіспеншілікпен қарау және жағымсыз әрекеттерден ада болу секілді қадамдарды ұстану арқылы жетуге болатынына сенімді.
Одан бөлек, жиында сөз алған басқа да қатысушылар мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді, жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту міндеттерін, сондай-ақ елімізде және әлемде дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетудегі азаматтық қоғам рөлін талқылады.
Хаттама
17.10.2022 ж
Топ жетекшісі: Абдикалиева У.Ж.
Хатшы: Егембердиева Д
Қатысқандар 22
Қатыспағандар
Күн тәртібінде
1. «Рухани келісім-бейбітшілік тірегі!» тақырыбында тәрбие сағаты
2. Әртүрлі мәселелер
Достарыңызбен бөлісу: |