«Дастархан жаямыз» сюжетті рөлді ойыны
(Коршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту).
Мақсат-міндеті: балаларға «Отбасы» түсінік беру, олардың үлкенді сыйлау кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту.зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдануды бекіту. Әдептілікке, сыпайлыққа, мейірімділікке, үлкенге көмек көрсетуге, баулуға тәрбиелеу.
Мақал
«Дастархан оң болмай, істе жол болмайды», «Дастарханның басында дұшпан да дос»
(Көркем әдебиет)
|
«Алма»
(Мүсіндеу)
Мақсаты: кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеуге үйрету..
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенің, жақсысын,
Досымызға сыйлайық
(Көркем әдебиет)
«Жемістердің қиынды суреттері» ойыны
(Құрастыру)
Мақсаты: бейнеленген суретті табу.
|
«Үйшіктер» ойыны
(Математика негіздері)
Мақсаты: шаршымен таныстыру. Шеңбер мен шаршыны ажырату және оларды дұрыс атауымен атауға үйрету.
«Жоғалған жеміс пен көкөніс» ойыны
(Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)
Мақсаты:ойын жаттығулары арқылы сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту.
Ойын шарты: тақтаға жеміс пен көккөніс суреттері ілінеді, жеміс немесе көкөніс суретін алып қоямын. Балалар жоғалған жемісті немесе көкөністі табады, тапқан не екенін айтады, сосын ол жеміске ме немесе көкөніс пе екенін айтады.
«Салат жасау» саусақ ойыны
(көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту)
Мақсаты: балаларға саусақ ойыны арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру, қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту.
Сәбізді алып тазалаймыз, Үкішпен үгіп майдалаймыз,
Қант салып дәмдейміз,
Қаймақ құйып сәндейміз.
Міне нағыз нәр тағам,
Дәруменмен байыған.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |